«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет281/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Артемова Л.В. Дидактикалық ойындар. ¬– М., 1992.
2. Богуславская З.М., Смирнова Е.О. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған 
дамыту ойындары. – М., 1991.
3. Дүйсенбай Е. Санамақ. – А., «Ана тілі», 1996.
4. Колесникова Е.В. 3-4 жас балаларына арналған математика. – М., 2008.
5. Леушина А.М. Математикалық түсініктерді қалыптастыру. –А., «Мектеп», 1982.
6. Мәжитқызы Р. Қызықты математика. – А., 1996.
7. Никитин Б.П. Дамытушы ойындар. – М., 1994.
8. Новикова В.П. Балабақшадағы математика – М., 2003.
9. Нұрсейітова С. Оқушылардың сабақтан тыс әрекеттері. //Бастауыш мектеп. - 2003. 
№10.
10. Отер Е. Білікті жетекшілік қажет //Қазақстан мектебі. -2002.-№3.-36 б.
11. Сансызбайқызы М. Балдырғандарға арналған қызықты математикалық 
тапсырмалар. – А., «Рауан»,1993.
12. Сатимбекова М.С., Наурызбаева Ә.Н., Әуелбекова: Математика әдістемелік құрал. 
–А., «Алматы кітап» ЖШС, 2005.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ БІЛІМІН ЖҮЙЕЛЕУДЕГІ 
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ МҮМКІНДІГІ 
Әшімқұл А.Д. 
КМҚК «Ертөстік» балабақшасы 
Қарағанды қаласы 
Ересек топта балаларда қоршаған ортаны танудың физиологиялық механизмдері өзінің 
жоғары даму деңгейіне жетеді. Іштей ойлау, ой түю пайда болады. Баланың ой-санасы мен 


636 
636 
жүйесінің қозуы мен тежелуі ширығып, күшейеді. Тепе-теңдік сипат алады. Абстрактылы 
ойлау біршама дамиды, қоршаған орта туралы талдау, ой түю, жап-жақсы жетіледі. Бұл 
топтағы балаларда табиғат туралы түсінік тәрбиеші көмегімен (көшені, жолды тазарту, 
қарды күреу) балалардың өз аулаларының қарын тазалауға жәрдемдесулері. Қыс туралы 
картиналар, бақылаулар бойынша әңгімелесу, қыс қызығын тамашалау мен қатар қысқы 
табиғатты қорғай білуге назарларын аудару қажет.
Дидактика - термині гректің «дидактос», яғни үйрететін деген сөзден шыққан. 
Дидактикалық құралдар оқу міндеттеріне сай арнайы әзірленеді. 
Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, 
балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару 
ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі 
қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, 
өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. [1,72] 
Н.Н.Поддъяков балалардың қоғам және табиғаттың маңызды құбылыстары жайлы 
түсініктері бір-бірімен тығыз байланысты: олардың біреуі түсініктердің дамуына қарай 
байқалмай қозғала дамиды, жинақтайды деп атап айтқан. Бұл негіз болатын түсініктер 
қоршаған орта жайындағы пайымдауы мен түсінігін, алда кездесетін мәліметтердің, білімнің 
ерекшелігі мен бағытын анықтайтын баланың эстетикасының, дағдысының және ақыл-ойы 
дамуының зияткерлік дағдысының шеңберіндегі өзіндік бейнесін кескіндейтін түйінді нүкте 
болып табылады. Басқаша айтқанда, бастапқы түсінік олардың жаңадан пайда болуына 
қарамай, өмір көзқарастарының қызметін атқара бастайды. Олардың ішінде, баланың 
психикалық дамуының әртүрлі кезеңінің негізгі қорытындысы байқалады. Аталған түсінік 
баланың түйсік қызметінің дамуы мен жеке тұлға болып қалыптасу дамуымен тығыз 
байланысты. [2,112-113] 
Бұл көрініс адамның барлық өмірінде даму үстінде болады. Дәл осылар өмірдің әр түрлі 
кезеңдеріне керек болатын ақыл-ойдың дамуын қамтамасыз етеді, және бұлар мектепке 
дейінгі жаста жеткілікті дамиды. Бұл білімдер өзіндік дамуда бір-бірімен тығыз байланысты. 
Балалардың өлі және тірі, өмір және өлім секілді өмірдің маңызды құбылыстары жөніндегі 
тереңдетілген түсініктері, заттар мен құбылыстардың дамуы мен өзгеруі жөніндегі және 
олардың өткені мен бүгіні, болашағы жөніндегі, заттардың құрылымы туралы жалпы 
түсініктерінің өзгерісіне әкеледі. Бұл түсініктер балаларда болжам, нақты емес білім түрінде 
көрініс табады.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың бұл базалық түсініктері объективті өмірдің негізгі 
құрылымын ғана беріп қана қоймайды, сондай-ақ, бала таным тәжірибесіндегі жалпы 
ұйымдастырылуын, оның когнитивті ауқымындағы ұйымдастырылуын көрсетеді. Айтылған 
мәселенің маңыздылығы, бұл түсініктердің айналадағы құбылыстарды тануға әсер ететін 
жалпы формасының қалыптасуы мен тығыз байланыстылығында. Баланың әртүрлі заттар 
мен құбылыстарды тануда таным қызметінің өзіндік әдісінің тануы жүзеге асады. [3,32] 
Сонымен, қазіргі кезде ойлау құрылымының бастапқы түрі ерте дамып жатыр. Мектепке 
дейінгі жастың өзінде баланың ақылының дамуы маңызды роль атқарады. Осындай дәлелдер 
мен көп деректер жинақталады. 4-6 жастағы балаларда да уақыт пен кеңістік, қозғалыс пен 
тыныштық, өзгеріс пен даму, тірі мен өлі, заттар құрылымы, сан және сапа тағы сол сияқты 
түсініктер негізінің бастапқы деректер қалыптасу кезеңі өтеді.
Осыған байланысты И.Э.Куликовская мектепке дейінгі жастағы балалардың ой өрісінің 
кеңеюі мектепке дейінгі жастағыларға білім берудің маңызды міндеттерінің бірі деп 
есептейді. [4,8] 
Балалар қоршаған ортамен байланысына, қоршаған ортамен қарым- қатынасы мен оны 
тануына табиғи талпына алады. Кішкентай балаларда түсініктердің өзіндік түрінің 
бастамасы қалыптасады, қай жерде болмасын, қашан болмасын, үнемі өмірді танитын 
болады. Олар қоршаған ортамен қарым - қатынас жүргізе алмайды, керісінше қоршаған орта 
әр түрлі жолмен олардың эмоциялық, физикалық және қоғамдық дамуына әсер етеді. Бұл 
әсер оң немесе теріс әсер болуы мүмкін (егер бала үлкендерді өзіне қаратудың жалғыз тәсілі 


637 
637 
- «қоғамға қарсы» деп аталатын жүріс-тұрыс, қылығы деп санаса және соған сенсе). Келесі 
бір айта кететін мәселе, барлық мектепке дейінгі мекемелер білім берумен қатар, балаларға 
бірінші кезекте қамқорлық жасайтынын мойындауымыз керек. 
Егер балаға көп көңіл аударылса, қамқорлық көрсетілсе, сонда әрбір тәрбиеші оларды 
оқытуда оқыту кезеңдерін белсендіре және жеңілдете алады, сонда ғана оқыту үдерісі тиімді 
болады. Білім беру мен тәрбие беруді ажырату мүмкін емес. Білім - бұл баланың жағдайы, 
бұл барлық жағынан қамтамасыз етілген және барлық негізді басшылыққа алынған, үзіліссіз 
үдеріс.
Мектепке дейінгі жастағы баланың өзінің жасына сәйкес маман-ізденуші саналады. Ол 
өзіне қызықты нәрселерге баса назар аударады. Педагогтар бұл ерекшелікті бұрыннан 
байқаған. Сондықтан да, мектепке дайындаудың сапалылығының жоғарылығына 
талпынысын ояту үшін балаларға арналған оқу түрі мен құралдарды ойлап табуға тура келді 
(дидактикалық ойындар, конструкторлар, құрастырмалы ойыншықтар, саяхат сабақтар, 
т.с.с). 
Балалардың айналасындағы өмір жайлы түсініктерін кеңейту бағытында қолданылатын 
бақылау, қозғалмалы, шығармашылық ойындардың ішіндегі дидактикалық ойындар жиі 
қолданылады. 
Дидактикалық ойындардың мазмұны балалардың айналадағы қоғамдық өмірге, 
табиғатқа және заттарға дұрыс қарым-қатынас жасай білуін қалыптастырады, айналадағы 
өмір жайлы, әртүрлі мамандықтардағы адамдар жайлы білімін тереңдетеді және жүйелейді. 
Дидактикалық ойындар көмегімен педагог балаларға өздігінен ойлауға, алған білімдерін 
қойылған міндеттерге байланысты әртүрлі жағдайларда қолдана білуге үйретеді. 
Дидактикалық ойындардың көпшілігі балаларға айналадағы заттар мен құбылыстардың 
негізгі белгілерін табу, салыстыру, топтастыру, негізгі белгілер бойынша жүйелеу, дұрыс 
шешім қабылдау, ойлау жүйесіндегі бар білімдерін тиімді қолдана білуін міндеттейді. [5,6] 
Дидактикалық ойындар балалардың зейін қабілетін дамытады. Пайымдау мен сезіну 
үдерісі қоршаған ортаны танудың негізі болып табылады. Дидактикалық ойындарды қолдану 
барысында балалар заттың түсін, көлемін, түрін ажыратуы дамиды, заттың құрылымы мен 
сапасын меңгереді, зейін тәжірибесі жинақталады.
Айналадағы өмірді тану мақсатында қолданылатын дидактикалық ойындар заттармен, 
жазбаша және ауызша түрде жүргізіледі. 
Заттық ойындар - жапырақпен, тұқыммен, гүлдермен, жемістермен, көкөністермен, тағы 
сол сияқтылармен ойналатын ойындар. Бұл ойында заттардың сапасы мен құрылымы 
жөніндегі түсініктері артады, нақтыланады және айшықталады, оларды зерттеу білімдері 
қалыптасады, белгілі бір кезеңде зейін қалыптасады. Заттық ойындар, әсіресе, кіші және орта 
топтарда кеңінен қолданылады. Олар балаларға табиғаттағы заттарды білуге, оларды бір-
бірімен салыстыруға, олардың өздеріне тән негізгі белгілерін байқауға мүмкіндік береді. 
Мұндай ойындарды топпен де, жекелей де, жасына қарай күрделендіруге болатындай етіп 
өткізуге болады. Күрделендіру білімнің кеңеюіне және ой өрісі мен әрекеттің дамуына ықпал 
етеді. 
Жазба ойындар балаларға өсімдіктер, хайуанаттар, өлі табиғаттың құбылыстары 
жөніндегі білімін жүйелеуге, заттың кескінін сөзбен жеткізе білу білімін қалыптастыруға 
мүмкіндік береді. Ойындар сөзбен жүргізіледі (соған сәйкес келетін сөздерді немесе суретті 
пайымдау). Бұл ойын күнделікті баламен жұмыс істеумен ерекшеленеді.
Ауызша ойындар ешқандай құралдарды қажет етпейді. Олар сол заттың не болмаса басқа 
заттың әрекеті мен қызметі жөніндегі білімдерін бекіту, білімдерін жүйелеу мен толықтыру 
мақсатында ойналады. Бұл ойындар баланың сөз бен сөзді байланыстыруда жедел қабылдау, 
байқау қабілетін дамытады. Барлық дидактикалық ойындарға тән ереже бойынша ауызша 
ойын да солай жүргізіледі. Кіші топтарда ойын ойналған алғашқы кезде тәрбиеші балалармен 
қоса жеңіледі. Ойын барысында ол бір ережені бірнеше қайталап, оның жүзеге асуын 
қадағалайды. Ойынды қайталағанда қосымша ережелерді хабарлайды. Екінші кезеңде 


638 
638 
тәрбиеші сырт жағынан басқарып, өзі толықтай қатыспайды. Үшінші кезеңде балалар 
өздігінен ойнайды. 
Ортаңғы топтан бастап, ойыннан басқа нәрселерді үйрене бастайды. Бастапқы кезде 
тәрбиеші ойынның мазмұнын айтады, бір-екі маңызды ережесіне тоқталады, ойын жүргізу 
барысында бұл ережелерді қайталап, ойын әрекеттерін көрсетеді, қосымша ережелер береді. 
Келесі кезеңде балалар өздігінен ойнайды, тәрбиеші оларды бақылайды, қателерін түзейді, 
реніш болмауын қадағалайды. Ойынға деген қызығушылықтары бәсеңси бастағанда, 
тәрбиеші ойынның жаңа түрін ұсынады. [6,63-65] 
А.В.Корзунның пікірі бойынша, мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту 
тәжірибесінде жиі кететін қателіктердің бірі деп балаларға жүйеленген, дайын 
ақпараттардың берілуін айтамыз. Айналамен таныстыру бағытындағы әрбір таңдалған 
сабақтардың бағдарламалық мазмұнын саралайық. Біз міндетті түрде «үйрету..... туралы 
білімін қалыптастыру», «...- мен таныстыру» және тағы басқа міндеттерді кездестіреміз. Бұл 
ретте біраз көріністерді балалар танып қалғандықтан, олар үшін білімді қалыптастыру емес, 
оларды жүйелеу, оларды өзіндік таным қызметінде еркін қолдану үшін білімдерін бекіту 
және өңдеу мектепке дейінгі кезеңде оқытудың басты мәні болып табылады. [7,23] 
Басқа да деректер бар: айналадағы өмірдегі болып жататын үдерістерді жақсы сезінеді, 
диалектиканың, ересектердің негізгі заңдарына бағынады, метафизика тұрғысында 
ойланады, құбылыстар мен оқиғалардың қарама-қайшылықтарын байқамайды (немесе 
байқағысы келмейді), белгілі бір үдерісті қарастырғанда айналадағы ақиқаттың шартын 
есептемейді. Басқаша айтқанда, кез келген мәселені қарастырады, барлық материалдық 
өмірден алыстата отырып тұрмыстық немесе ақыл-ес міндетін шешеді. Балалар ересектерге 
қарағанда, өмірді біртұтас жүйеде қабылдауда өте сезімтал. «Барлығы және барлығымен» 
деген оймен байланыстыруға талпынуды бала ақыл-ойының ерекшелігі ретінде танылады. 
Дәл осылар мектепке дейінгі жастағы балалардың дұрыс шешім қабылдамауының және 
ақылының дамымауының алдын алады: мұнда балалардың сөз шығармашылығының ағыны 
пайда болады. Бірақ, ересектер бұл талпыныстың бәсеңсуіне өздері жағдай жасайтынын 
сезінбейді, өз ұрпағына жазба ақиқатын есте қалатындай және керек уақытында қолдана 
алатындай етіп мұра етіп отырады. Қорытындысында, керек кезінде ғана меңгеру дағды 
болып қалыптасып кетеді. [8,23-24] 
Сол себептен, дидактикалық ойындар бізге көрінгендей қарапайым ойын емес, бір 
мезгілде ол оқу сабағына айнала алады. Дидактикалық ойындар педагогикалық бұрыс 
басқарулармен мақсатына жетпейді. Бәрінен бұрын, оған оқытушының өзі дайындалуы 
керек, сондай-ақ, бірді-екілі ғана ойнамау үшін балалардың барлығын жақсылап дайындау 
керек. Балалардың ережені білуі маңызды, онсыз ойын әрекеті жүзеге аспайды. 
Р.М.Миронова дидактикалық ойындарды ұйымдастыруда мынадай құрылымдарды атап 
көрсетеді: ойынның атауын хабарлау; ойынға қатысатындардың қалыбын (отырып, топ 
құрып және т.б) және ойын құралын қолданудың тәртібін хабарлау; ойын барысын түсіндіру 
(ойын тапсырмаларын); оқытушының әрбір әрекетті жасап көрсетуі, ойынның өтуі, 
қорытындысын шығару және жеңімпаздарды анықтау. 
О.С.Газманом сабақтарда қолданылатын дидактикалық ойындардың мынадай 
талаптарын ұсынды: 

Дидактикалық ойындар балаларға таныс болу керек. Осы мақсатпен балаларды 
бақылау керек, олардың сүйікті ойындарын білу керек, қандай ойын көбірек, қандай ойын 
азырақ ұнайтынын саралау керек; 

Әрбір ойында жаңаша элементтер болу керек;

Пайдалы деп есептейтін ойындарды қысап ойнатпау керек, ойын-еркін әрекет. 
Балаларға ойын ұнамаса, бас тарта алатындай және басқа ойынды таңдай алатындай 
мүмкіндіктері болуы керек.

Оқытушының көңіл-күйі өзі қатысатын ойынмен сәйкес болу керек. Барлық 
әдістемелік құралдармен салыстырғанда, ойынды басқаратын адамның көңіл-күйі басты 
роль атқарады. Ойынды басқару жеткіліксіз, балалармен міндетті түрде қоса ойнау керек. 


639 
639 

Ойын - диагностика құралы. Бала ойында өзінің барлық жақсы, жаман қасиеттерін 
ашады. 

Ойын ережесін, не болмаса, ойын ауқымын бұзған жағдайда баланы тәртіпке келтіру 
шаралары қолданылмайды. Бұл тек ақылмен айту, сыпайы сөйлесу түрінде болады, әсіресе, 
балаларды жинап, өздерінің ойын ортаға салса, яғни ойында әркім өзін қалай ұстағаны 
жөнінде, ренжісудің алдын алу туралы сөз қозғалғаны дұрыс. [9,59-60] 
Сонымен, мектепке дейінгі жастағы балалардың қоршаған орта жөніндегі білімдерін 
дидактикалық ойындар арқылы жинақтау мәселелері бойынша психология-педагогикалық 
әдебиеттерді оқу барысында мынадай қорытынды шығарылды:
1.
Ойын - балалардың белсенді әрекетінің ішкі қалауы, өмірді тану құралы. Ойын 
феномені көңіл көтерумен, демалумен ерекшеленеді, ол оқуда, шығармашылықта, адамдар 
арасындағы қарым-қатынаста және еңбекте, тәрбиеде өсуіне көмегін тигізеді.
2.
Қазіргі кезде ойлау құрылымының бастапқы түрі ерте дамып жатыр. Мектепке дейінгі 
жастың өзінде баланың ақылының дамуы маңызды роль атқарады. Осындай дәлелдер мен 
көп деректер жинақталады. 4-6жастағы балаларда да уақыт пен кеңістік, қозғалыс пен 
тыныштық, өзгеріс пен даму, тірі мен өлі, заттар құрылымы, сан және сапа тағы сол сияқты 
түсініктер негізінің бастапқы деректер қалыптасу кезеңі өтеді. Осыған байланысты, мектепке 
дейінгі жастағы балалардың ой өрісінің кеңеюі мектепке дейінгі жастағыларға білім берудің 
маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. 
3.
Балалардың қоршаған ортаны танудағы өзіндік ойларының дамуына пайдаланылатын 
шығармашылық, қимылдық, бақылау ойындармен қоса, кең тұрғыда дидактикалық 
ойындарда қолданылады. Дидактикалық ойын көпжоспарлы, күрделі педагогикалық 
құбылыс екенін білдіреді: ол әрі балаларды оқытудың ойын әдісі, әрі оқыту түрі, әрі өзіндік 
ойын әрекеті, әрі баланың жеке тұлға болып қалыптасуына жан-жақты тәрбие беру құралы 
болып саналады. 
4.
Бұл ойында заттардың сапасы мен құрылымы жөніндегі түсініктері артады, 
нақтыланады және айшықталады, оларды зерттеу білімдері қалыптасады, белгілі бір кезеңде 
зейін қалыптасады. Көп ойындар білімді жүйелеу мен толықтыру үшін жүргізіледі. 
Дидактикалық ойындар бақылай алуының, көңілінің, ақыл-ойының дамуына көмектеседі, 
бар білімдерін жаңа жағдайда қолдана білуіне үйретеді.
Әдебиеттер: 
1.В.Н.Аванасева.«Дидактическая игра как форма организации обучения в детском саду» 
2006 ж. 72 б. 
2.Воспитание. «Ориентир». 2006 ж. 112-113 б. 
3.Е.В.Проскура.«Развитие познавательных способностей дошкольника.Дошкольное 
воспитание.» 2007 ж. 32 б. 
4.И.Э.Куликовская.«Становление мировидения детей дошкольного возраста в контексте 
культуры. Дошкольное образование.» 2007 ж. 8 б. 
5.И.Я.Гуткович, О.Н.Самойлова.«Сборник дидактических игр по формированию 
системного мышления дошкольников: Пособие для воспитателей детских садов.» 2006 ж. 6 
б. 
6.Л.Ю.Павлова.«Сборник дидактических игр по ознакомлению с окуружающим миром. 
Для работы с Детьми 4-7 лет» 2008 ж.63-65 б. 
7.Л.А.Каменева.«Как знакомить дошкольников с природой.» 2005 ж. 23 б. 
8.«Руководство играми детей в дошкольных учреждениях.» 2008 ж. 23-24 б. 
9.Н.С.Сарымбекова. «Воспитание любви к природе» 2005 ж. 59-60 б. 


640 
640 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет