«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет289/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

 
шын
 
тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы 
нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті 
сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным 


650 
650 
белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен
 
өседі, өйткені бала 
табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. 
Ойын 
үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін 
еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген 
талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде 
қалыптасады. 

 
Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын 
алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, 
ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. 
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. 
Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», 
«Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б. Үстел үсті ойынын 
ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», 
«Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», 
«Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап»,«Есіңде сақта». 
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз 
мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Сонымен қатар балалардың сөздік 
қорларын 
«
дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Қиын 
жолдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз 
нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта 
отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады. 
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. 
Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-
әрекеті болып табылады. 
Сонымен 
балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-
жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, 
ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп 
жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. 
Міне, сондықтан да оқу-тәрбие арқылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет