653
653
білім беру процесіне қосу, мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қамтамасыз ету
маңызды мәселенің бірі болып отыр. Өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс
істейтін тәрбиешілерге біліктілігін арттыру курстарының ұдайы жүргізілмеуі, қазақ тілінде
оқытатын педагог-дефектологтардың жетіспеушілігі, ауылдық аймақтарда арнайы
мекемелер үшін тифлопедагогтар мен сурдопедагогтар, логопедтер санының жетіспеушілігі
біздің қоғамымыздың күрделі мәселесі болып келеді. Осы мәселелерді жою мақсатында
педагогтар бірлесіп жұмыс жасаса, болашағымыздың жарқын болары, барлық баланың
құқығы тең, еңсесі биік болары хақ. Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді,
берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» деген екен. Олай
болса, өз мамандығын шексіз сүйе білген маман иесі ғана үздіксіз ізденіс пен асқан
шыдамдылық, қажырлы еңбектің арқасында баланың біліміне, оның болашағына үлкен
сәулесін түсіріп, бала өмірін дұрыс бағытқа бағыттары сөзсіз.
Сонымен қатар, ата-анамен жұмыс бұл бағыттың басты міндетінің бірі. В.А.
Сухомлинский ата-анамен жұмыстың мазмұнын ашып көрсеткен ғалымдардың бірі. Ол: «Тек
ата-аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында педагогтар балаларға үлкен
адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Демек, ата-ана бала тәрбиесінде балаға ықпал етуші
бірден-бір фактор. Сондықтан, психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық-
педагогикалық қолдау қызметінде ата-аналарға психологиялық кеңес беру, оларды бала
дамуының мазмұнымен ақпаратттандырып отыру, жалпы ата-аналармен жұмыстың маңызы
ерекше. Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеші, арнайы мамандар және ата-аналар бірлесіп
жұмыс жасаса еңбектерінің нәтиже береріне сенуге болады.
Қорыта айтқанда, бала − ата-ана − педагог, отбасы және білім беретін ұйымдар
арасындағы сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің
алғы шарттарының бірі болмақ. Біз, балалар үшін бала өз әрекетінің қатысы мен керектігін
сезінетіндей жағдай жасауымыз керек. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық
құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі
балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.
Мүмкіндігі шектелген бала ерекше қарауды қажет етеді. Осындай тұлғаны қалыптастыруды
нәтижелі басқару үшін, түрлі жас кезеңіндегі бала дамуының өзіндік психологиялық-
педагогикалық заңдылықтары туралы мектепке дейінгі ұйымдардағы әр тәрбиеші терең білу
керек.
«Сақтықты соқырдан үйрен,
Кішілікті түйеден үйрен»,- деген халық даналығы бар. Яғни мүмкіндігі шектеулі жаннан
да үйренеріміз барын ұмытпаған абзал.
Достарыңызбен бөлісу: