МҰҒАЛІМ БЕЙНЕСІ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ
Айдарханова Г.К.
№ 101 мектеп - лицейі
Қазақстан білім беру жүйесін әріден бастасақ болады. Дүниеге Ыбырай ашқан
мектептер, алғашқы оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар келді. Ыбырай, Ахмет т.б.
қазақтың ұлы зиялыларының арманы: ұйқыда жатқан қараңғы қазақты ояту, көзін ашу
еді. М.Жұмабаевтың «Қазақтың тағдыры, келешегі, ел болуы да мектебінің қандай
негізде болуына барып тіреледі» деген пікірі сол заманға сай айтылған. Әр елдің
болашағы мектебінен басталары анық. Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың білімі мен
тәрбиесі педагогика ғылымы мен озат тәжірибелердің басты бағыты болары даусыз. XXI
ғасыр мектебін көптеген қиындық, кедергілерге қарамай, өркендету, оның сапасын
арттыру тікелей мұғалімдерге байланысты.
«Мұғалім – мектептің жүрегі, әдістеме – оның тірегі». Біз, ұстаздар қауымы,
мамандығымыздың қасиетті де құдіретті екендігімен мақтанамыз. Мақтанамыз, себебі
біз «әлемге мұғалім болып жіберілген» Мұхаммед пайғамбардың салып кеткен сара да
дара жолының мұрагеріміз, әлемнің екінші ұстазы – Әл-Фараби бабамыздың
ізбасарымыз, ағартушылық қызметтің өшпес жұлдыздары – Ыбырай , Абай ,
Ахметтердің ұрпағымыз және де біз еліміздің ертеңгі жарқын болашағы – бүгінгі
жастардың тәлімгер ұстазымыз.
Міне, осындай жауапкершілігі үлкен қызметті абыроймен атқару үшін және бізге аманат
етілген шәкірттерімізді білім шыңына шығару үшін әрбір қырық бес минутымызды
қырық бес жыл сыйып кететіндей берекелі түрде өткізуге тырысамыз. «Қысқа жол –
білген жол» демекші, ойлаған мақсаты-мызды іске асырып, сапалы нәтижеге қол жеткізу
үшін, ең озық әдістемелерді қолдануымыз керек. Әдістемесіз өткен сабақ – «уықсыз
шаңырақ көтергенмен тең».
Қай кезде де ұстаз еңбегінің өлшеуіші – білім сапасы. Бүгінгі күннің мұғалімге қояр
талабы да жоғары. Мектептегі басты тұлға мұғалім болғандықтан уақыт талабы олардан
жан-жақты біліммен қаруланған мәдениетті, биік адамгершілікті қажет етеді. Баланы
озық ойлы, жан-жақты тәрбиелеу үшін мұғалімнің өзінің дәрежесі биік болуы тиіс.
Қазіргі баланы бұдан 20-30 жыл бұрынғы уақытпен салыстырып бағалай алмаймыз.
Қазір – ақпарат ғасыры.«Бүгінгі таңда Заманауи мектеп мұғалімінің бейнесі қандай
болуы керек , оның кәсіби біліктілігі қандай жолдармен көрінеді?» деген сауалға жауап:
Мұғалім – бағыт беруші, ойлау әрекетін ұйымдастырудың негізі болып табылатын
методологияны меңгерген шығармашылық тұлға.
Ол: ақпарат технологияларын меңгерген;
-ізденімпаз;
-әділетті;
-ұстамды;
680
680
-педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
-педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
-жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
-оқушылармен ортақ тіл табыса алатын, білімді, іскер, шебер болуы тиіс.
«Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы». Қазіргі техникасы дамыған, технологиясы
күрделенген, компьютерленгенген заманда шәкіртіңнің алдындағы мәртебеңді жоғары
ұстау үшін жан-жақты болу шарт. Сізден гөрі ғаламторды көбірек қажет ететін баланың
сана- сезіміне ұялап кіріп, сіз шеберлігіңізбен шоқтығы биік Ұстаз екеніңізді
танытқаныңыз жөн.Жаңа ғасырдың жеке тұлғасын қалыптастыру бағытында білім беру
мәселесі басты назарда болып отырғандықтан елімізде білім берудің жаңа жүйесі
жасалып, білім беру мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның әлемдік білім кеңістігіне енуі
мұғалімдер алдына жаңа талаптар , жаңа міндеттер қойып отыр.Мектеп – үйрететін орта,
оның жүрегі – мұғалім. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық
құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани
дамыған шығармашыл тұлға құзіреті.Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылар
талаптар:бәсекеге қабілеттілігі; білім беру сапасының жоғары болуы; кәсіби шеберлігі;
әдістемелік жұмыстағы шеберлігі; Жаңа формация мұғалімі – рефлекцияға қабілетті,
өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-
әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтік және тағы басқа құзіреттіліктердің
жоғары деңгейімен сипатталған рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді,
сауатты шығармашыл тұлға.
Қазіргі білім беру прадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет
адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беруді жаңаша ұйымдастыру
– оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен
тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім
жүйесінде оқыту үрдісінің тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету
міндеті тұр.Осыған орай, әрбір мұғалім барлық жаңалықтар мен өзгерістерден хабардар
болып, оқыту түрлерін, әдіс-тәсілдері менқұралдарын жетілдіріп, оларды тиімді
қолданудың жолдарын іздестіріп, өз кәсібін шығармашылықпен дамытып отыру
қажеттілігі туындайды.Үздіксіз іздену – бүгінде мұғалімдерге қойылатын басты
талаптардың бірі. Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіші – әдістеме саласындағы
ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру.Білім беру саласындағы оқытудың
озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.
Қазіргі таңда әр пән мұғалімінің оқыту әдістерін, жаңа технологияларды таңдап,
пайдалану мүмкіндіктері бар. Жаңа технология әдістерін қолдана отырып оқыту – бұл
таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы.Біз ескіден жаңа сатыға қарай
көтерілужолындамыз. Бұл ескіні мүлдем ұмыту деген сөз емес, бұрынғы оқыту әдістерін
нығайта отырып, оларды түрлендіріп, білім беруде сол оқыту әдістемесіне жаңа
технологияны қосу. Балада бар ескі білімге жаңа білім жалғау.
Қазіргі кезде мұғалім сабағын бұлай жаңашаландырудың әсері қаншалық ?
Біріншіден, оқушылардың танымдық қызығушылығы және дамытудың негізгі факторы
– білім мен дағдыларының дәрежесі артады;
Екіншіден, оқу процесі баланың психологиялық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының
тәсілдерін қалыптастырады;
Үшіншіден, дамыта оқытуды ұйымдастыру балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай
жасайды;
Төртіншіден, сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-
қатынас дамиды;
Бесіншіден, мұғалім дайын білімді түсіндіруші, бақылаушы, баға қоюшы емес,
танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы болып табылады;
Мектеп мұғалімдері оқу үрдісінде республикаға танымал ұстаздар Қ. Бітібаеваның
әдебиетті оқыту технологиясы, Қ. Айтқалиевтың тілді оқыту әдістемесі , Н.
681
681
Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау әдістері»,М. Жанпейісованың «Модульдік
оқыту технологиясы», сондай-ақ «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау»
бағдарламалары
негізіндегі
технологияларын
кеңінен
қолдануда.Бұл
технологиялардымұғалімнің күнделікті қызметіне пайдалана білуі, осы орайдағы оның
шығармашылық еңбегі, ең алдымен, сабақпен байланысты. Демек, сапалы, тиімді,
нәтижелі жүргізілетін әрбір сабақ ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы. Әр мұғалімнің
алдына қойған мақсаты – «Сабақ сапасын арттырып, оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын, белсенділігін дамытып, жүйелі тәрбие беру, оқушыларды
жеңімпаздыққа, белсенділікке тәрбиелей отырып, өз бетінше шығармашылық және
ғылыми жұмыстарға жұмылдыра білу». Бұл мақсаттың орындалуы көптеген оқу
бағытын анықтауға себебін тигізеді, оқытылатын материялды толық меңгеруін
қамтамасыз етеді. Міне, осындай мақсаттарды жүзеге асыруда бізге көмекке келген «Оқу
мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы болды. Біз бір жыл бойыосы
семинардан дәріс алдық.Жалпы СТО бағдарламасының кез келген стратегиясы баланың
ойын нақты, дәл жеткізуге, жазу қабілеттілігіне үйретеді. Сыни тұрғыдан ойлау мен жазу
(СТО) технологиясы оқушылардың ақпараттық білімін дамыту құралы. Бұл әдісті қазақ
тіліне, әдебиет пәніне де қолдану мұғалімнің білімі мен шеберлігіне байланысты.
Бұл әдіс 3 бөлімнен тұрады:
I Қызығушылықты ояту
II Мағынаны тану
III Тақырып туралы ой толғаныс
СТО бағдарламасының стратегияларын пайдалану нәтижесі ойлай, пайымдай, нақтылай,
жүйелей, дәлелдей білу болып табылады. Егер балалар осы аталған ой операцияларын
орындай алса, ол – мұғалімнің нәтижелі еңбегінің жемісі. СТО бағдарламасының
стратегияларын пайдалана отырып, мынадай нәтижелерге қол жеткіздік:оқушылардың
белсенділігі, ынтасы артты;пәнге қызығушылығы оянды;оқушылар сұрақ қоя білуге және
оған жауап беруге үйренді;әр түрлі дәстүрлі емес жағдайларда өз бетімен шешім таба
білуге үйренді;жазу арқылы олар оқыту әдісіне бейімделді; оқушылар бірін-бірі бағалауға,
өзін-өзі
бағалауға
үйренді;
оқушылардың
шығармашылық
дағдысы
қалыптасты;Мұғалімнің жан-жақты білімділігі мен өз пәніне сүйіспеншілігі балаларды
қатты еліктіреді. Мұның өзі сабақтың қызықты болуын, оқушылардың сабаққа деген
қызығушылықтарын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі сыйлайтын, пәнін толық білетін және
оның құндылығын жете түсінетін оқытушы өз сабағына немқұрайлы қарауға төзбейді. Ол
барлық оқушыларды өтіліп отырған тақырыпты жете түсінуге жұмылдырады. Ол үшін
ұстаз қауымы түрлі әдісті пайдалана отырып, «Оқу оқып, білім алу – менің ең қасиетті
адамзаттық борышым, еліме қосатын үлесім» деген пікірді ұғындыруға тиіс.
Еліміздің болашағы – жас ұрпақ екенін ескерсек, сол жас ұрпақтың кеудесіне білім
нәрін құятын – мұғалім. Жазушы Ғ. Мүсіреповтың сөзімен айтсақ:«Оқушы жастардың
ең сенімді , сыр жасырмай айтатын адамы — мұғалім».Ұстазды көргенде жеритін шәкірт
емес, оны көруге асығатын шәкірт тәрбиелеу керек. Мұғалімнің қасына үйіріле
топталып, ерекше ынтамен сабаққа дайындалып, қызыққан оқушыларды көру – ұстаз
үшін де бақыт болуы тиіс. Сонда ғана еліміздің білім жүйесі биік нәтижелерге қол
жеткізеді.
Қорыта келгенде, «Мұғалім – адамзат баласын жаңа сапаға көтеретін, оның
болмысын өзгеріске енгізетін ғажап тұлға болғандықтан, бұған біз күнделікті ісіміздегі
жаңашылдығымыз арқылы қол жеткізуіміз керек» деген ұсыныс жасағымыз келеді.
Әдебиеттер
1.«12 жылдық білім беру» журналы №4, 2009 ж, №2, 2010ж.
2.Ж. У. Кобдикова «Білім беру сапасын технологиялық амал негізінде басқару» Алматы,
2013ж.
3.«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №3, 2010ж.
682
682
4.Х. Әбжанов , Ғ. Кенжебаев «Тәуелсіз Қазақстан: жоғары білім , ғылым , саясат» Алматы ,
«Баспалар үйі» 2012 ж.
5.«Халық тәлімі» №3, 2011 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |