МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ
Жармағанбетова А.С.
«Бәйтерек» балабақшасы
Мектепке дейінгі жас-баланың бастапқы қабілеттері қалыптасатын, оны әртүрлі
қызметке тарту мүмкіндігін негіздейтін кезең. Музыка белсенді іс-қимыл тудыру қасиетіне
ие.Бала музыканы барлық дыбыстардан бөледі және оған көңіл аударады, сондықтан оны
педагогикалық әсер ету құралы ретінде қолдану керек. Сонымен қатар музыка ересек пен
бала қарым-қатынасының ауқымды мүмкіндіктерін ұсынады, олардың арасындағы
эмоционалды байланыстың негізін құрады.
ҚР «Білім туралы» Заңында, МЖМБС-да және өзге құжаттарда көрініс тапқан білім
беру жүйесіндегі өзгерістер педагогты өз жұмысын шығармашылық тұрғыдан қайта
қарастыруға, балалармен қарым-қатынастың, тәрбиелеудің және білім берудің жаңа
жолдарын іздеуге әкеледі. Қоғамдағы құндылықтарды қайта бағалау, олардың иерархиялық
674
674
жүйесінің өзгеруі, жалпыадамзаттық басымдықты қоғам санасында бекіту өмірге деген жаңа
педагогикалық ой тудырды және қоғамның сұраныстары мен тұлғаның өзін іс жүзінде
танытуына сай келетін оқу-тәрбие үдерісін құрылымдауды талап етті.
Негізгі өлшемдері білім беруді ізгілендіру, оның сабақтастығы және үздіксіздігі,
баланың
жас
ерекшеліктерін,
сұраныстарын,
қызығушылықтарын
ескере
отырып,тәрбиелеудің тұлғалық бағдарланған үлгісінің аясында оның негізгі біліктіліктерін
қалыптастыруды қамтамасыз етуші білікті тәсілдің негізінде педагогикалық үдерісті
ұйымдастыру болып табылады.
Музыка тәрбиесінің заманауи тәсілдері.
-балалармен араласу формасын өзгертуді;
-сабақтың жаңартылған формаларын және мазмұнын;
-балалардың өмірін классикалық, заманауи музыкамен толықтыру, педагогикалық
үдерісті Қазақстан халықтарының этномәдени дәстүрлерінің негізінде құруды тұспалдайды.
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің басты міндеттерінің бірі- музыкаға деген
қызығушылықты, сұранысты, қабілеттілікті, эстетикалық көзқарасты қалыптастыру, жалпы
рухани мәдениеттің дамуына ықпал етуші музыка мәдениетінің бастамасын қалыптастыру.
Балалар музыка қызметінде белгілі білімді, дағдылар мен машықтарды меңгере отырып,
музыка өнеріне қызығады. Музыкалық тәрбие барысында БДМ меңгеру өзіндік мақсат емес,
керісінше оның музыкалық және жалпы қабілеттердің дамуына, музыкалық және жалпы
рухани мәдениеттің қалыптасуына ықпал етуі өте маңызды.
Жалпы музыкалық тәрбиелеу жағдайында балалардың музыкаға қабілеттерін ашу
ерекше әдістерді талап етеді. Сондықтан авторитарлық педагогикаға негізделген музыкалық
педагогика музыкалық тәрбиелеудің жаңа тәсілдерінің жолына кедергі болады, ол жалпы
қабылданған «мен секілді істе, өзгелер секілді істе» тәсілінде көрініс табады. Баланың
психикалық табиғатына сәйкес оның музыка өнеріне табиғи жолмен енуіне жағдай
жасамастан, оған оқу тәсілдерін таңады. Тәжірибе көрсеткендей: өздерінің тұлғалық табиғи
ерекшеліктерінің күшімен музыкаға ашық балалар бар және олардың жетістігін шынайы
бағалау музыкалық тәрбие дамуының ынталандырғышы болады. Өзгелері сырттай музыка
сабақтарына деген қызығушылықтарын көрсетпейді және өздерінің «қабілетсіздіктеріне» тез
арада бойлары үйренеді.Осыған сәйкес, педагогтың алдында музыка сабағында баланың өз
сезімдерін, әсерлерін, түйсігін, зерттегісі келетін және оларды дыбыспен, сөзбен, әуенмен,
қимылмен «жеткізе» және көрсете алатындай жағдай жасау міндеті тұр.
Баланы музыкалық тәрбиелеу үдерісіндегі маңызды шарттардың бірі ата-аналармен
ынтымақтастық және олардың музыкалық тәрбие негіздерін қалыптастыруға тікелей
қатысуы болып табылады. Өмірдегі жақсылықтың бәрі таңданудан орын алатынын
Сократтың өзі байқаған. Бұл нақыл сөзді ең қысқа сөздер қатарына жатқызуға болады.
Дыбыстың, түстің шексіз әлемімен танысу балалардың шаттануы мен таңданысын
тудырады.Музыкамен тілдесу нәтижесінде сәбиге көңіл күй мен сезімдер жеткізіледі:
қуаныш, алаңдаушылық, өкіну және қайғыру, батылдық пен нәзіктік. Музыканың
психологиялық әсерінің күші осында, осының арқасында сезімталдық пен зеректік дамиды,
әлемге деген ізгі көзқарас қалыптасады. Кез келген жастағы баланы музыкалық тәрбиелеудің
алғашқы әрі негізгі міндеті осыдан тұрады.
Мүмкін, кез келген ән-күй жетекшісінде еріксіз мынадай сұрақ туындайды:
«Балаларды музыкаға қызығушылық сезімдерін, музыкалық талғамын тәрбиелеу бойынша
жұмысым менің көңілімнен шыға ма?» Уақыт «жаңа» әндерді ғана талап етпейді, сондай-ақ
баланың рухани мәдениетінің бастамасын қалыптастырудың өзге тәсілінде талап етеді.
Мысалы: К.Орф әдістемесі бойынша өткізілетін сабақтар несімен қызықты? Ең
алдымен ол дәстүрлі емес, қызығушылық пен ішкі жайлылықты бәрі сезінетін ерекше
атмосферасымен қызықты. Балалар музыканы енжар отырып тыңдап, ән салып және
қимылдап қана қоймайды, керісінше олардың қиялдап, даралығын танытуы тиіс шарттар
қойылады.
Баланың музыканы сүюіне, тыңдауына және түсінуіне қалай көмектесу керек?
675
675
Мүмкін, оларға ең алдымен табиғат музыкасына зейін салу мүмкіндігін беру керек
шығар? Музыка –бұл дыбыстар, бірақ музыка –осы дыбыстарда көрініс табатын сезімдер
жинағы. Балаларды баулу емес, керісінше оларға табиғатпен берілген қабілеттерді
айқындаған маңызды: «Балалар құлақ салыңдаршы, құстар қалай әндетеді, бұл
орындаушының өзі шығаратын нағыз музыканың өзі емес пе.Сендер ата-аналарынмен бірге
орманға барғанда «ағаштар вальсін» тыңдап көріңдер, және көпірден өтіп, пойыз
дөңгелектерінің тықылына және оның сәлемдесу гудогының ұзақ дыбысына құлақ салып
көріңдер»- деп айтуға болады.
Сәбилер
тақылдатқаннан,
сылдырлатқаннан
кейін
олар
дыбысталушы
ымишараттардың аккомпонементі бойынша музицирлеу секілді қабылданады (өз денесінің
дыбыстарымен ойын басталады: шапалақтау, тапырлату,шартылдату, шерту және т.б.).
Дыбысталушы ым-ишараттар – бұл адамға табиғат берген аспаптар. Балалар бұл аспаптарды
«Өзіңдегі музыканы тап» ойынының барысында өздері тауып алды.
Қыдыруға жиналдық біз,
Музыканы қайдан аламыз?
Ішімізден, аяғымыздан, өзге жерден
Әуенді біз іздей бастаймыз.
Осылайша, дыбыстық оркестр туындайды. Дыбысталушы ым-ишараттарды қолдану
қимылды енгізеді және балалардың ырғақты меңгеруіне көмектеседі. Сондай-ақ ырғақ сезімі
тілдік ойындар арқылы дамиды.
Сыңғыр-сыңғыр, сыңғыр-сыңғыр,
Қоңырауларға жоқ тыным бір.
Сыңғыр-сыңғыр, сыңғыр-ай,
Сәлем,сәлем жаңа ай!
Балаларға сабақты осындай ойыннан бастаған қатты ұнайды, олардың суырып
салмалықпен айналысатын мүмкіндігі бар, бастысы, өлең айтуға жеңіл және ырғақты болуы
тиіс.
Ырғақ сезімін дамытуда таяқшаларда ойнау маңызды орын алады. «Біздің
аспаптардың дыбысын естігеніміз жөн болар?» Балалардың шексіз қиялы осы жерде көрініс
табады. Мұнда ұшбұрышпен «жауын» да, желдің шуылы да, найзағайда, бұлақтың сылдыры
да жеткізіледі. Өкінішке орай, біздің К.Орф аспаптарының толық жинағын алатын
мүмкіндігіміз жоқ. Бірақ біздің шығармашылық зертханамызда аспаптар дайындайтын
шеберхана бар. Балаларға сол аспаптармен музицирлеу ұнайды. Аспаптармен
«сүйемелдегенде», олардың әуенді тұңшықтырмай, керісінше безендіруі тиіс екенін атап өту
керек.
Ән-күй қызметінде би миниатюралары балаларды эмоционалды тұрғыдан барынша
өзгертеді, соның ішінде жұптасқан, сюжеттік билерді, би-сахналауларды орындағанда
да.Балалардың биге тарту қимыл эстетикасына жетуге мүмкіндік береді, заманауи би
мәселелерін шешуге ықпал етеді. Сондай-ақ қыздар мен ұлдар арасында достық қарым-
қатынасты дамытуға септігін тигізеді.
Ән-күй қызметінің барлық түрінің арасынан балалар үшін ең әйгілісі ән болып
табылады. Ән айтумен жұмыс істегенде әртүрлі тәсілдер қолданылады: ырғақты аңдар
тілінде қайталау, сөздерді музыкалық аспаптардың дыбысына ауыстыру (музыкалық үзіліс
енгізу), «жаңғырық», «тібек бойынша», «рондо», « ән шығар» қағидаты бойынша ән атйу.
Балалардың барлығы өздерінің жеке қабілеттерінің толық ашып, сабақта өздерін
шығармашылық тұрғыдан таныта алмады. Бірақ сабақ кезінде бір байланыс жеткіліксіз.
Сәбидің қабілеттерін айқындау үшін әрқайсысымен жеке тіл табысу маңызды. Баланың
даралығын дамыту төмендегі сызба бойынша жүзеге асады:
-бірге ойнаймыз;
-«жаңғырық ойнаймыз»;
-өзім ойнаймын.
676
676
Ата-аналардың өз балаларының дамуына деген қызығушылығын жоқтығына
байланысты, белгілі көңіл-күйді қалыптастырмастан, отбасындағы музыкалық ортасыз, ата-
аналар арасында ағартушылық жұмыстарын өткізбестен баланы өнер әлеміне тарту үдерісіне
тек педагогтардың күш-жігерімен толықтай жүзеге асырылмайды. Ата-аналармен
әңгімелескенде, немесе кеңестерде, сенімді әңгімелесуде олардың көбісінің музыкаға деген
талғамын қалыптастырып, белгілі мақамға келтіру керек. Көптеген ата-аналарды баласының
бойында шығармашылыққа деген қабілеттің бар-жоғы мазалайды. Ата-аналар осы
сұрақтардың жауабын өздерімен өткен жиналыстарда, кеңестерде біледі. Балалардың
шығармашылық қабілеттерін іске асыруды қажет деп санама йтын ата-аналарды белсендіру
бойынша алда барынша еңбекті көп қажет ететін жұмыс тұр.
Балалардың тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу барынша көп уақытты және жүйелі
қадағалауды талап етеді.Тәжірибе мен практика көрсеткендей өзіңе, өз күшіне және
мүмкіндіктеріне деген сенімді өшіруге болмайды. Себебі жасқаншақ, ұялшақ, өзіне сенімсіз
балалардан шындығында шығармашылық тұлғалардың өсіп шығуы екіталай. Ал біздің басты
міндетіміз –өзгеру қызметіне бей-жай қарамайтын, ізденімпаз, қабілетті балаларды
тәрбиелеу.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Әдістемелік құрал «Музыка» Қоңыратбай Ф.М.2008ж
2.Музыка.Дидактикалық ойындар –Алматы 2003ж
3.Радынова О.П. Слушаем музыку -1990ж
4.Музыкалық жетекшінің анықтамалығы журналы 2014жыл
Достарыңызбен бөлісу: |