Дарынды оқушыларды қолдау



Pdf көрінісі
Дата02.04.2022
өлшемі148,48 Kb.
#137642
Байланысты:
1 Ақпараттық хат
1 сынып Мектептерге, Сыныптан тыс сабақтың, Форма заявки Инклюзивное образование, ОТТЕК-үй жұмысы, ККФ-лекциялар жинағы, 7 бақылау аптасына сұрақтар тізімі


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ 
 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 11 және 12 сынып 
мектеп бітірушілер арасында ІХ Республикалық «Ясауи» олимпиадасын өткізетіндігін 
хабарлайды! 
 
Республикалық «Ясауи» олимпиаданың басты мақсаты оқушылардың интеллектуалды 
және шығармашылық қабілеттерін айқындау, білімге деген қызығушылығын арттыра отырып 
дарынды оқушыларды қолдау.
ІХ Республикалық «Ясауи» Олимпиадасының жеңімпаздарына 
100 университет 
гранты
беріледі. 
Республикалық «Ясауи» олимпиадасы үш кезеңнен тұрады.
Бірінші іріктеу кезеңі:

-
Іріктеудің бірінші кезеңінде онлайн режимінде тест тапсырады. Тест «Қазақстан 
тарихы» және «Математикалық сауаттылық» пәндері бойынша өтеді. Тест тапсырмаларының 
жалпы саны 100. Тестілеу бойынша өту балы: екінші кезеңге бірінші кезеңнің нәтижесі 
бойынша кемінде 50 (елу) балл жинаған барлық қатысушылар өтеді.
Екінші іріктеу кезеңі.

-
Екінші іріктеу кезеңі офлайн режимінде 
«
Ustudy»
аймақтық тестілеу орталығында өтеді. 
Екінші кезеңде оқушы таңдауы бойынша ҰБТ-ның бейіндік пәндеріне сәйкес (математика, 
физика, биология, химия, шет тілі, география, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, қазақ тілі / 
орыс тілі, қазақ әдебиеті / орыс әдебиеті) екі пәннен тест тапсырады. Тест тапсырмаларының 
жалпы саны 100.
-
Тестілеу бойынша өту балы: үшінші кезеңге екінші кезеңнің нәтижесі бойынша кемінде 
70 (жетпіс) балл жинаған барлық қатысушылар өтеді.
Үшінші іріктеу кезеңі.

-
Үшінші іріктеу кезеңінде қатысушының шығармашылық, дарындылық, ғылымилық 
қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін айқындау мақсатында бейне-ролик ұсынады. 
-
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің тарихымен, 
миссиясы және құндылықтарымен танысу және 
«Неге мен Яссауи университетінің 
грантына лайықпын?» атты 
тақырыпқа бейне-ролик дайындау. 
Бейне-роликке қойылатын талаптар:
1) бейне-презентацияның ұзақтығы - 2 минуттан аспайды; 
2) техникалық талаптарға сәйкестігі; 
3) бейнефильм сюжетінің таңдалған тақырыпқа сәйкестігі; 
4) өзіндік ерекшелігі; 
5) безендірудің эстетикасы, түс шешімінің жұмыс тақырыбына сәйкестігі; 
6) авторлық құқықты сақтау. 
Бейне-роликті Reels форматында Instagram-ға #YASAWIgrant2022 хэштегімен жүктейді 
және бейне-роликті
talapker@ayu.edu.kz
 электронды поштасына жібереді. 
 
Олимпиаданың өту мерзімі 
Олимпиадаға қатысуға өтініш білдіру үшін 
2022 жылдың 15 сәуіріне дейін 
 
http://u-
yasawi.kz/
  
сілтемесі арқылы тіркелуі керек. 
I-ші іріктеу кезеңі
2022 жылдың сәуір айының 18-19 күндері аралығында өтеді.
II-ші іріктеу кезеңі
2022 жылдың сәуір айының 23-24 күндері аралығында өтеді. 
IIІ-ші іріктеу кезеңі
2022 жылдың сәуір айының 27-30 күндері аралығында өтеді.
Ұйымдастыру комитетімен байланыс: 
8 (72533) 63690, 87781051626 Кәсіби бағдар орталығы 
Электр.почта: 
talapker@ayu.edu.kz 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет