634
634
Барысы: Тәрбиеші төмендегі бейнелерді геометриялық пішіндерден алып бейнелер
құрайды. Жылдам болған бала мадақталады.
Өлшемдер туралы
дидактикалық ойындар
«Сиқырлы суреттер»
Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін,
қабылдау
процесстерін дамыту.
Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.
Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды.
Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.
«Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта
»
Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа,
жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.
Ойынның құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар.
Ойынның мазмұны: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау.
Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші
бір баланы шақырып, оған «көзіңді
жұм да, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықта» деген тапсырма береді.
Кеңістіктер туралы дидактикалық ойындар
Достарыңызбен бөлісу: