«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет278/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

І. Дидактикалық ойындар
: Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық
ойындар
Мақсаты:
Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету.
Көрнекілік:
Ою-өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы, 
геометриялық пішіндер.
Барысы
: Балалар геометриялық /ұшбұрыш, шаршы, дөңгелек және с.с./ пайдаланып, 
мұғалімнің тапсырмасына үндеместен жауап беруі тиіс. Тәрбиеші тапсырма береді, балалар 
оны орындайды.: а/дөңгелектерден біреуін артық етіп, ұшбұрыштарды қойыңдар /үш 
дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/; б/мұндағы дөңгелектерден біреуін кем 
етіп, шаршыларды қойыңдар /бес дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/;
в/дәл осындай пішінді көрсетіңдер /дөңгелекті көрсетеді/және осыларға сәйкес 
тапсырмаларды көрсетіндер.Ойын соңында қорытынды шығарылады. Қатені аз жіберген 
қатар ұтып шығады.Ойынның барысында балалардың зейіні, қол қимылының жылдамдығы
дәлдігі қалыптаса бастайды және санауды, біреуі артық немесе кем санды тауып, оны атауды 
үйренеді.
2. «Дәл осындай пішінді тап»
Мақсаты
: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға
ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық 
пішіндер. Ойынның мазмұны: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың 
кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай 
келетін кілтті алып, құлыпты ашады.
 «Әдемі кілемшелер
»
Ойынның мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін 
процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойынның құрал-жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне 
қойып, құрақ құрайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет