721
721
материалын қабылдау барысындағы кездесетін қиындықтарды жеңуіне жағымды әсер етеді.
Ойын – балаға білім мен тәрбие беру әдістерінің тиімді амалдарының бірі. Сонымен қатар,
ТДО балаларға қолданылатын ойындарға олардың дене бітімінің қалыптасуына арналған
ойындар, қимыл ойындары, сөйлеу, шешендігін, тілін дамыту ойындарды жатқызуға
болады.
Ойын терапиясы –күрделі жұмыс. Бала психикасын дәрісіз емдеу, көңіл-күйіне, өзіне,
қоршаған ортаға қарым-қатынасын өзгерту, пәнге қызығушылығын арттыру, іскерлік,
белсенділік және сөздік қоры мен тіл байлығын дамытудың жолы, тиімді әдісі. Ойын
дегеніміз - ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деуге
болады.Баланың қиялы ойын арқылы шарықтайды, әр сабақта ойын түрлерін орнымен
қолданып, оны қызықты ету арқылы жас бүлдіршіндердің білімге деген ынта-ықыласын,
пәнге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын қалыптастыруды көздейді.
Педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес ойын түрлері:
1.Білім беретін ойындар
2.Тәрбиелейтін ойындар
3.Дамытатын ойындар
4.Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар
5.Диагностикалық ойындар
Баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында, қоршаған ортамен байланысын
нығайту үшін күнделікті сабақ алдында ашықтық, сенімділік деңгейін, эмоционалдық
еркіндігін және ұжымда бірауыздылық орнатуға жағдай жасайтын жұмыстар жүргізген жөн.
Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің
үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау
үшін қолданылады. Адамдардың бiр бiрiмен қарым -қатынасы өте күрделi процесс.
Қоршаған адамдармен қарым- қатынас жасауда қиындық көретiн балалар, бiрiншiден
ұжымға бейiмделуiнде, бiлiмдi меңгеруiне кедергi болады.Сондықтан,баланы оқуға
қызықтыру және дамыту мақсатында танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мақсатында сабақ
алдында, ашықтық, сенiмдiлiк деңгейiн, эмоционалдық еркiндiктi, топта бiрауыздылық
орнатуға жағдай жасайтын психологиялық жаттығулар өткiзу керек. .[4,17б]
Достарыңызбен бөлісу: