Қолданған әдебиеттер:
«Отбасы және балабақша»2006-2007-2011ж ж
«Отбасы және балабақша»2008-2010ж
«Педагогикалық кеңес» 2012ж
БАЛАБАҚША ЖӘНЕ ОТБАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ АРҚЫЛЫ БАЛА
БОЙЫНДА АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жанжакина Б.Ж.
№ 61 «Айгөлек» балабақашсының жоғары санатты тәрбиешісі
Қарағанды қаласы
«Біз әрқашанда білімге ұмтыламыз.
Негізінде ең бірінші тәлімге ұмтылуымыз керек.
Бізге тәлімді рух, тәрбиелі білім қажет.
Тәрбиелі, білімдар
Міне адам! Міне тұлға!
А.Байтұрсынұлы.[1.2б.]
Адамның моральдық сапа негіздері мектепке дейінгі балалық шағында қалыптасады.
Мектепке дейінгі жылдарда бала ересектердің жетекшілігімен жақын адамдарымен,
құрдастарымен, заттармен, табиғатпен қарым-қатынас жасаудың, тәлім-тәрбие алудың
бастапқы тәжірибесіне ие болады. Балалардың іс-әрекеттерін басқара отырып, тәрбиші
олардың бойында Отанын сүю, айналадағыларға ықыласпен қарау, шамасы келгенше оларға
көмектесуге ұмтылу, дербес іс-әрекетте белсенділік және белгілі бір іске бастама көрсету
сияқты адамның маңызды сипаттарын қалыптастырады. Дұрыс тәрбие балаларда теріс
тәжірибе көбеюіне жол бермейді, баланың адамгершілік сапасының қалыптасуына қолайсыз
әсер ететін мінез-құлықтағы теріс дағдылар мен әдеттердің дамуына кедергі жасайды.
Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді адамгершілік тәрбиеде тәрбиелеудің басты
міндеттері :
- балалардың адамгершілік сезімдерін, мінез-құлықтың ізгі дағдылары мен әдеттердің
адамгершілік ұғымдары мен мінез-құлық түрткілерін қалыптастыру;
- балалардың адамгершілік түсініктері мен қасиеттеріне тәрбиелеу.
Баланың тәрбиелеуде оның өмірінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ адамгершілік
сезімдерін қалыптастыру үлкен орын алады. Үлкендермен қарым-қатынас жасау процесінде
оларға үйір болу, оларды жақсы көру сезімі, олардың нұсқауларына сай әрекет жасауға,
оларға қуантуға, жақын адамдарын ренжітетін қылықтар жасамауға ұмтылу пайда болады.
Бала өзінің тентектік, қателік жасаған кездегі ренішті немесе наразылықты көргенде толқуды
бастан кешіреді, ал өзінің жақсы қылықтарына жылы шыраймен қараса оған қуанып, жақын
адамдарының ризашылдық білдіруінен рақат алады.
В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бал солай бола алады
»,- дейді [2.23-б.] Демек, балаға жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершілік
83
83
қасиеттерін үздіксіз ұялата бісек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының
қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Міне, сол мақсатта біз мектеп жасына дейінгі балалармен осы адамгершілік
қасиеттерін дамыту үшін көптеген жұмыстар жасаймыз.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік
құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім
берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын
орталық» делінген.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша
ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып,
өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып,
балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады. «Жаста білген, басқа сіңген тәлімің,
өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас», - деп классик жазушы айтқандай балалық шақтан бойына
орныққан, ана сүтімен даритын, ұлттық сезім нышандары, сөз өнері оның болашақ
шамшырағына айналып, рухани байлығын кеңейтеді [3.15-б]. Оны туған жерге, елге,
халқына деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу - аса жауапты міндеттердің бірі.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске
асырушылар - балабақша мен отбасы. Осы екі арнада жүргізілген тәлім тәрбие сабақтаса,
ұштаса жүргізілгенде ғана мақсатымыз нәтижелі болмақ.
«Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың
ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы
қалыптасса елдің болашағы зор болмақ [4.105-б.].
Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам - оның ата - анасы. Ал, ең
әдемі де жарық үй - оның туылған үйі.
Адам баласы - өмір бойы педагогикалық, психологиялық көмекке зәру болмақ, әсіресе
оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында ауадай қажеттілік деп айтсақ та болады.
Баланы тәрбиелеу алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада әрі қарай жалғасын
табады. Сондықтанда баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен
балабақшаның бірлескен өзара тығыз байланыста, яғни ынтымақтаста болуы маңызды.
Мектепке дейінгі ұйыммен ата - аналар арасындағы ынтымақтастықты арттыру,
балабақшаның әдістемелік жұмысын жүзеге асыру шараларына ата-аналарды жұмылдыру,
баланың жеке тұлғасының дамуына жағдайлар тудыру мақсатында, қазіргі кезеңде бала
тәрбиесі жүзеге асыруда тәрбиеленудің дұрыс жолын табу үшін ата-аналармен семинар-
кеңестер, тренингтер, отбасына саяхат, кездесулер, сауалнамалар ұйымдастырудың үлкен
көмегі бар.
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде бұрыннан қалыптасқан екі бағыт бары белгілі:
отбасылық және қоғамдық. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесін тіпті жоғары дәрежелі балабақша
мен мектеп алмастыра алмайды деген пікірлер жиі айтылып жүр. Қосылуға болады.
Дегенмен, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартының негізінде «балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтыру тұтастығы
принциптерін ескере отырып, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы
мен үздіксіздігін қамтамасыз етуге білім беру ұйымдары да борышты.
Біздің «Айгөлек» мектепке дейінгі білім беру орталығында бала тәрбиесі, ой-өрісін
жетілдіру, дамыту жолында түрлі іс-шаралар жүргізілуде.
Сонымен қатар әр топ тәрбиешілері де ата - ананың бала тәрбиесіндегі маңызын түсіне
отырып, түрлі іс-шараларды қолға алдық. Мен өз тәрбиеленушілеріміді екінші сәбилер
тобынан бастап алып жұмыс атқаратындықтан балабақша табалдырығын аттап келген әр
сәбидің жаңа ортаға сіңісуі мен ата-аналардың бала тәрбиесіне бірлесіп ат салысуының
маңызы біз үшін ерекше. Осы мақсатта оқу жылында: «Ойын арқылы балалардың ой-өрісін
және тілін дамыту» және «Отбасы-тәрбие бастауы», «Жаңа оқу жылы мектепке дейінгі білім
орталығының табалдырығында», «Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы» тақырыптарында
84
84
кеңестер өткізуді жоспарладым. Біріншісі дөңгелек үстел, екіншісі дәріс, пікірталас
пішінінде өткізілетін бұл шараларда жалпы ақпараттық сауалнамалар жүргізіліп, ата-
аналармен ұйымдастырылған жұмыс іс-тәжірибесінен слайдтар көрсетілді. Баланы өзіне өзі
қызмет етуге үйрету, үй шаруашылығында еңбекке баулу сияқты шаралар екі жақты
ынтымақтастықта жүргізіледі. Біз ата – аналармен жақынырақ танысып, отбасының
әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата -
аналардың ұсыныс – пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар
аламыз. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата - аналармен бірлесе
отырып жасаймыз. Себебі, ата – аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы
тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата - аналардың
ұсыныс – пікірлермен санаса отырып, ата – аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар,
кеңестер, сұрақ – жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата –
аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс – тәсілдері қарастырамыз.
М. Әуезов «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен әуелі ниет керек,
одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек» деген өмірлік тәжірибе, ұлы жазушымыздың
сөзінің құдіреттілігін байқатады [5.32-б.]. Сонда ғана үштік одақ (бала, ата-ана, тәрбиеші)
жұмысы жандана түспек. Барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының нақты
қажеттіліктеріне байланысты болатындығы анықталды, ата – анамен жұмысты ұйымдастыру
барысында ата - ананы, яғни отбасын тәуелді ету емес, оның қиыншылықтарды жеңу
мүмкіндігін нығайту, тәрбиеші мен баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру
жолдарын түсіндіреді
.
Сондай-ақ ол өзінің педагогикалық шығармаларында ата-ананың да білім деңгейін
көтеру керектігі, оларды балабақша өміріне араластыру қажеттілігі жайлы да атап көрсеткен.
Себебі баланы қалай тәрбиелеу керектігін білмейтін ата-аналар кездеседі ғой . Атқарылатын
істер жүйелі жүру үшін алдымен ата-аналар арасында сауалнама жүргізіліп, мекемеміздің
даму деңгейі, отбасымен жұмыс мазмұны анықтаймын.
Сонымен қатар осы ісімді нәтижелеу мен талқылау негізінде айтарым, «Емен ағашы»
кітабында баланың сәбилік шағынан, ересек жасына дейінгі және ата-анасы,
туысқандарының фото суреттері жапсырылған. Бұл кітапша арқылы балабақша мен отбасы
арасындағы байланыс, ынтымақтастық нығая түседі, балаға деген ата-ана жауапкершілігі
артады, ата-аналар бала тәрбиесіне педагогпен тығыз қарым-қатынаста болады. Бір сөзбен
айтқанда отбасы мен балабақша бірінің бастаған игілікті ісін екіншісі жалғастырады,
толықтырады. 8-наурыз аналар мерекесіне арналған «Менің анам» байқауын ұймдастырып
отырмын. Ата-аналар үлкен жауапкершілікпен қатысады деген үміттемін. Аналар отбасы,
қыз бала тәрбиесіне байланысты мақал-мәтелдер жаттаулары қажет. «Шеше көрген тон
пішер» - демекші аналар қыз тәрбиесіне өздерінің әсерінің қаншалықты үлкен әсер
ететіндігін сезініп, жауапкершілік алатындығына сенімім мол. Сонымен қатар «Жирен
жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеппен» - дегендей халқымыз балалармен «Әдептілік-
әдемілік» атты топ ата - аналарымен ойын - сауық кешін өткіземін . Осы кеште балалар
әдептілік туралы мақал-мәтелдер айтылып, қойылымдар көрсетілді. Тәрбиешінің алға қойған
мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-
дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін
білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру. Ол бір балабақшадағы
тәрбиешінің қолынан келмейді, сондықтан ата-аналармен қолан қолтық жұмыс жасау
керек. Ата-аналарды балабақша өмірімен хабардар етіп отыру қажет. Біздің
балабақшамызда жалпы және топтық жиналыстар жыл сайын өтіп тұрады. Жалпы
жиналысқа топтағы барлық ата-аналар қатысу мүмкіндігі болмай жатқан жағдайда, ата-
аналар төраймы қатысып, ол жиында талқыланған мәселе жайында айтып отырады.
Жоғарыда айтып өткендей біздің балабақша басшылығы ата-аналармен жұмыстың болашақ
жоспарын ұйымдастырған, сол жоспар негізінде әр тәрбиеші балабақша мен отбасы
байланысын нығайтуда түрлі жұмыстар жүргізуде.
85
85
Қорыта келе жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру — қазіргі білім беру
мекемелерініңең маңызды міндеттерінің бірі. Бұл заңды да, өйткені біздің қоғам өмірінде
адамгершілік бастамаларының рөлі барған сайын артып, моральдық фактордың ықпал аясы
кеңейіп келеді. Адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның туған кезінен-ақ
басталады, ал рухани-адамгершілігі қоршаған ортамен адамгершілік тәрбиесінің міндеттері
мен мазмұнына байланысты жетіледі. Мектепке дейінгі жаста балаларда бастапқы
адамгершілік сезімдермен ұғымдар, адами мінез-құлықтың ең қарапайым дағдылары
тәрбиеленеді. Тәрбие жүйесінің тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші баланың адамгершілігі
жағынан жетілуі оның рухани-адамгершілік қасиеттерінің елеулі өзгеруі болып табылады.
Жетілгендік балалардың дағдылы және күрделі жағдайлардағы адамгершілік мінез-
құлқының
тұрақтылығынан,
мінез-құлқының
ересектер
бақылауынан
біршама
тәуелсіздігінен өз әрекеттерінің адамгершілік тұрғыдан қандай болатынын болжап білуден,
өзінің адамгершілік қасиет иесі екенін түсіне білушіліктен көрінеді. Рухани-адамгершіліктің
дамуы — тәрбие жүйесінің жемісі. Бұл жүйенің жемісі-тәрбие жұмысының пәрменділігі
екендігін естен шығармасақ балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде жақсы
жетістіктермен оң нәтижелерге қол жеткіземіз деп ой тұжырымдаймын.
Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен балабақша қызметкерлерінің
бірден бір парызы. Оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны
орасан. Бала балабақшаға қуана келіп, үйіне қуанып қайтуы керек. Балабақшада жайлы,
көңілді, қызықты болатынын, достары көп екенін, ал үйде оны отбасы жақсы көретінін,
үлкендердің оны асыға тосып отыратынын сәби сезсе балабақша мен отбасы
арақатынасының дұрыс жолда екендігі анық.
Достарыңызбен бөлісу: |