Қазіргі заманғы дүниежүзінің геосаяси кеңістігі. Азиядағы геосаяси кеңістік



бет1/2
Дата24.06.2023
өлшемі223,08 Kb.
#179147
  1   2
Байланысты:
Қазіргі заманғы дүниежүзінің геосаяси


Қазіргі заманғы дүниежүзінің геосаяси кеңістігі. Азиядағы геосаяси кеңістік

Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып, оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде - бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады. Еуразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек Жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды.[1] Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан: солтүстікте - Ресей, шығыста - Қытай және батыста - Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы. Сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды.


Атақты британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын: "Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Еуразия континентіне билік етеді, ал кім Еуразия континентіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады". Бұл Орталық Азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты.
Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері басқа мықты мәдениеттер тарапынан қабылданбады. Алайда, жағдай Америкадағы 11-і қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді. Бұл шабуылдан соң АҚШ Ауғанстанға әскер енгізді, нәтижеде Орталық Азия аймағы анти-террористік шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне аударды.
Әлемдік саяси үдерістің негізгі даму тенденциялары:
Жаһандану (глобализация) процесі, ол әмбебаптандыру және әлемнің тұтастығын, шекараның ашықтығы;
Антиглобализм қозғалысының өсуі;
Көп полюсті әлемнің қалыптасу процесі, онда ірі елдердің екі-үштігі емес, көп елдер әсер етеді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет