88
таңдалған мақала тақырыбы өзекті болып табылады. Зерттеу пәні әлемдегі
саяси элиталардың әлемдік саясат пен экономика саласына әсері болып
табылса, зерттеу міндеттері саяси элитаның қоғаммен қарым-қатынасындағы
өзгерістерді зерделеу, жаһанданудың саясат пен экономика саласына әсерін,
әлемдік элитада соңғы уақытта болған өзгерістерге баға беру, әлемдік
элиталардың қалыптасу үдерісіне сипаттама беру болып табылады.
Қазіргі уақытта элита көптеген, әртүрлі (саяси, экономикалық, кәсіби,
интеллектуалдық, т.б.) бағыттағы топтардан, қауымдастықтардан тұрады.
Элитаның қоғаммен қарым-қатынасы мәселесінде соңғы жылдары елеулі
құрылымдық өзгерістер болуда. Өзгерістер мен айналым үрдістері көп
болғанымен, олардың арасында билік пен қоғамның арасындағы қатынастарда
ұлттық және трансұлттық элиталар ықпалының күшеюі ерекше орында. Егер
бұрынғы замандарда мұндай қарым-қатынастардың жетекші қозғаушы күші
және билік тұлғасы ретінде монарх (король, хан, сұлтан, император, т.б.),
көсем, аристократтар, дінбасылар болса және солар ретінде қабылданса, соңғы
ғасырларда халық арасынан, қоғамның орта және төменгі топ өкілдерінен
шыққан адамдар да билік күші және тұлғасы болуда және солар ретінде
қабылдануда. Бұл соңғы уақыттарда өмір сапасының артуымен, білім, ғылым,
сауаттылық деңгейінің жоғарылағандығымен, қоғамның жоғары сатыларына
көтерілу мүмкіндіктерінің пайда болуымен, қоғам топтарының, қоғам мен билік
арасындағы байланыстардың қарқынды болуымен, қоғамның даму деңгейінің
жоғарылағандығымен тығыз байланысты.
Соңғы
уақыттарда
қоғамның
жоғары
топ
өкілдері
(саяси,
интеллектуалдық элита) қазіргі заманда қоғамның ақпарат алу, тарату, білім,
сауаттылық деңгейінің артқандығына қарап, бұрынғы замандағыдай, қоғам
өмірін қатаң реттеу мен бірыңғайландырудың мүмкін еместігін түсініп келеді.
Қазіргі заманғы адам бойында оның болашағының негізгі мәселелері жатқан
«еркіндік» пайда болды, оны пайдалану мен дамыту мүмкіндіктері қалыптасты.
Сайып келгенде, соңғы кездедердегі үлкен өзгерістер «жаһандану» атты
әлемдік үдеріспен байланысты [2]. Жаһандану әлемнің кезекті даму кезеңі
ретінде үлкен қарқын алып келеді. Оның мәні адами және қаржылық
капиталдар, қызметтер мен тауарлар еркін айналымда болатын, елдер мен
ұлттық нарықтар арасындағы кедергілер жойылатын бірыңғай жүйенің
қалыптасуында. Жаһанданудың қарқынды дамуын соңғы жылдарда әлемдік
экономикадағы құрылымдық өзгерістерден байқауға болады: елдер мен
концерндер өндіріс, басқару мен таратудың желілік жүйесіне бірігуде,
халықаралық бәсекелестік пен өндіріс ақпаратты білу мен өңдеудің
қызметтеріне айналуда, негізгі экономикалық үдерістер жаһандық сипат алып
жатыр [1].
Жаһандану экономиканың қоғамдағы рөлін басқару маңыздылығы
жағынан айқындайтын саясат саласына және ондағы үдерістерге, мәселелерге,
айқындаушы күштер мен нысандарға да үлкен әсерін тигізуде. Саясаттың, билік
пен қоғамның арасындағы қозғаушы күші болып саналатын саяси элитаның
жаңа түрлері мен нұсқалары қалыптасуда. Ұлттық, мемлекеттік элиталардың
қарым-қатынастары бұрын болмаған жоғары деңгейге жетті, нәтижесінде
салыстырмалы түрде тұрақты аумақтық шектелген және әскери-саяси
Достарыңызбен бөлісу: