«Наурыз » мерекесімен құттықтау
Құрметті жас маман!
Келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршаңызға құтты болсын, бақыт әкелсін! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін.
Еліміздің бәсекеге қабілетті ұрпағын тәрбиелеу ісінде еселі еңбектеріңізді, қажырлы қайратыңызды аямай, жарқын болашаққа өркен жайатын білікті маман сіздерсіздер. Мерейлеріңіз әрқашан үстем болсын
Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!
Дүниеде мұғалімдіктен асқан мамандық жоқ. Бұл өте қиын және күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білуімен, сол білімді балалардың бойына сіңіре білуімен көзге түсіп ерекшеленеді.
Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келуде. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезі бар мұғалім жоғары бағаланады.
Олай болса мына жағдаятты еске түсірсек: анасы мектептен келе жатып баласынан сұрайды: "бүгін сен сабақта нені үйрендің?" Баласы іскерлік түрмен жауап береді: "бүгін ештеңені үйренгенім жоқ. Сабақ бойы тек мұғалім сөйледі". Мұнда сабақ барысында қызметтің белсенді орталықтарын құруға мұғалім еңбек етуде: сөйлейді, жазады, талдайды, пайымдайды, салыстырады, қорытынды жасайды және бағалайды. Ал – оқушылар тыңдап отырған пассивті бақылаушылар түрінде қатысады, бірақ оқу үрдісіне қатыспайды, олардың қатысу белсенділігі тек тыңдаумен ғана шектеледі.
Бұл жағдаят біздің дәстүрлі сабақтарымыздың көлеңкелі жері деуге болады. Осындай кемшін тұстар болмауы үшін заманауи үлгідегі сабақтарды қолдау, мектеп өміріне енгізу бірден - бір тиімді жол болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |