Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі



бет4/5
Дата27.03.2022
өлшемі26,36 Kb.
#136947
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
заманауи сабақ

Жас мамандармен топтық жұмыс

Жас мамандарды реттік санау бойынша топқа бөлемін. Алдарына постер, таратпа материалдар мен маркер таратамын. Берілген таратпа материал арқылы әр топ өз ойларын постерге сызып қорғайды.
І топ. Заманауи сабақ білім алушыны (оқушыны) неге дайындайды?
- Білім алушыларды өмірдің үнемі өзгеріп отыратын жағдайына дайындайды.
- Білім алушының жаңа ақпараттық мәдениетін қалыптастырады.
- Ақпараттық ресурстарды, информатиканың заманауи құралдары мен ақпараттық технологияларды өзінің өмірі мен дамуын қамтамасыз ету мүддесімен қалыптастыру мен пайдалану қабілетін сипаттайды.
білім алушыны Жер шарындағы өркениеттің тұрақты даму мәселелері контекстінде қалыптастыру мен дамыту – бір жағынан, бұл құлықтың қажетті және жеткілікті стандартталған түрін (құзыреттіліктер) қалыптастыру, екінші жағынан – интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетті барынша дамытады.
- Өзін - өзі тәрбиелеу үрдістерін басқара алады
Заманауи сабақты өткізгенде мұғалім нені жетекшілікке алуы қажет?
- Мен әр оқушы жеке интеллектуалды және шығармашылық әлеуетке ие екенін жетекшілікке алу.
- Әр оқушының білім алуға құқығы барын есінен шығармау
- Білім беру үрдісі (сабақ) бұл шарт (орта), ол оқушыға өзінің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін барынша жүзеге асыруға көмектесетіндей етіп жобалау.
- Білім алушыға өзінің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін барынша жүзеге асыруға көмектесетін оқыту әдістері мен тәсілдерін жетік білу.
- Сабақты Блумның таксономиясын пайдалана отырып жобалау.
- Әр оқушының өзінің интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін анықтай алатынына сену.
- Оқушының интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін дамыту үшін сабақта оқытудың фронталды әдісін және «Мен сияқты жаса, менен де артық жаса» ұранын мүмкіндігінше пайдалану.
- Сабақта әр оқушының қызметін бағалауға үлгеру.
- Сабақта оқушыға өзінің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға кедергі жасауға ешкімнің құқығы жоқ екенін естен шығармау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет