Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі


«Менің күнделікті сабағым ...» жаттығуы



бет3/5
Дата27.03.2022
өлшемі26,36 Kb.
#136947
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
заманауи сабақ

«Менің күнделікті сабағым ...» жаттығуы

Әр жас маман сабақты қалай өткізетініне, сабақта қандай қызмет атқаратынына қысқаша тоқталады.
Қазіргі таңда әдіс-тәсілдің тиімдісін мұғалім өз еркімен таңдайды. Қ. Жұбанов айтпақшы: «Егер мұғалім пәнді жақсы білсе, онда дұрыс әдісті де табады». Сондықтан түрлі әдіс-тәсілдерді саралай отырып, тиімдісін өзіндік ой еңбегімен ұштастыра алса, әр сабақ өз нәтижесін беретініне сенемін.



  1. «Келісу керек» әдіс-тәсілдер туралы мәлімет

Заманауи сабақтың тиімділігін анықтау мақсатында әдіс-тәсілдерді қарастырып көрейік. ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер жетерлік. Уақыт өткен сайын Қазақстанның білім саласында жаңалықтар көбейіп, оқытудың жаңа тәсілдері пайда болды. Оларға тоқталатын болсам:

  • Топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырады.

Екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Үшіншіден, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды. Бұл әдіс іске асу үшін топ мүшелері ережеге бағынып, әр оқушы өз қызметіне қарай рөлін таңдап алу керек.
Сонда топтық жұмыстың тиімділігі төмендегідей болады:
-Оқушылар өзара достық қатынаста болады;
-Бір-бірінен сұрай отырып білімдерін жетілдіреді
-Өзгелерге ойын жеткізу үшін өз шешімін дәлелдеп үйренеді;
• Менен сұрап қалады-ау деп қорықпайды,топ болып жауап береді;
• Оқушылардың мектепке деген көзқарасы өзгереді. Уақыттары қызықты әрі тиімді өтеді.
• Топтық жұмыста бос отыратын оқушы болмайды.



  • Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас

бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар,олар:
-Әңгіме-дебат барысында;
-Топтық әңгіме барысында;
-Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде байқалады екен.
«Диалогті оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат» деп К.Д.Ушинский айтқандай баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасап, сабақ барысында оқудың белсенді әдістері, диалогтік оқыту және оқу әдісін қолдануда білім сапасын арттыруға көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Мысалы, кез келген сабақтың басталуы сұрақ – жауаптан тұрады. Сұрақтардың берілуіне байланысты оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Оқушы мен мұғалім арасында жақсы қарым-қатынас орнайды. Диалогтік оқыту оқушы мен оқушы арасында да туындауы мүмкін. Мұнда оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Бір-бірінің жауабына қанағаттанбаса, қосымша да сұрақтар беруі мүмкін.



  • Оқу процесінде қолдануға тиімді ойындардың маңызды түрлерінің бірі:
    1. Рөлдік ойындар
    2. Іскерлік ойындар

Рөлдік ойындар –тиімді интербелсенді әдістердің бірі. «Миға шабуыл», «Өткеннен кадр», «Көріністер әлемінде» әдісі оқушының жаңа тақырыпқа қызығуына көмектеседі.
«РАФТ» стратегиясы оқушыны шығармашылық жұмысқа баулып, өткен тақырыпты қандай деңгейде түсінгенін білдіреді. Ондағы Р-роль, А-аудитория, Ф-форма (хат, өлең), Т-тақырып дегенді білдіреді. Мысалы, Бердібек Соқпақбаевтың повесі бойынша болса, Роль — Қожа, Аудитория-Майқанова, Форма-хат немесе өлең. Оқушылар «Менікі жөн болмады» тақырыбында эссе немесе өлең жазады. Сол арқылы баланың шығарма кейіпкеріне көзқарасын білуге болады.

Іскерлік оқу ойындарында қандайда бір сценарий ауқымында рөлдерді өзара бөлісіп зерттеу жұмыстарын жүргізу және деректерді талдау арқылы нақты практикалық мәселелерді бірлесе отырып шешеді. «Үш қадамды сұқбат»-тақырып бойынша оқушылардың бір-бірінен кезектесіп интервью алу тәсілі. Swatter ойынын ойнатамын. Қазақша айтқанда «шыбын өлтіргіш» деп аталады, бұл ойын терминдер мен ережені жаттауға көмектеседі. Ол үшін алдымен барлығы кітап, дәптерін жабады. Екі оқушы қолдарына дәптер алып, тақтаға шығады. Белгілі бір терминнің ережесі оқылады. Бірақ ненің ережесі екені айтылмайды. Оқушы тақтада жазылып тұрған 10 шақты сөздің арасынан дұрыс жауабын дәптермен ұрып, ұпай алады.



  • Оқушылардың сабаққа деген құлшынысы артуы үшін шарт қою әдістері тиімді.

Мысалы, «С тобындағы күрделі есепті кім толық әрі дұрыс орындайды, соған қалаған тәттісін алып беремін» деп келіcтім. Содан бастап олар берілген тапсырманы артығымен орындай бастады. Тіпті, үлгерімі нашар оқушылар көшіріп алса да, түсінуге, біліуге тырысты. 

  • Жеке жұмыста «Төрт сөйлем тәсілі» SWOT талдауы — сабақ соңында оқушылар

өздерінің түсінік және жұмыс жасау деңгейлерін бағалау үшін мынадай тапсырмаларды орындайды
1 пікір.
Мәтін бойынша туындаған өзіндік пікірін /негізгі идеясын/ бір сөйлеммен келтіру керек.
2. дәлел.
Келтірілген өзіндік пікірі бар сөйлеммен дәлелдеп шығу керек. Дәлел дегеніміз ұстанған көзқарасты логикалық тұрғыдан дәйектеу, негіздеу.
3.Мысал.
Енді келтірілген өзіндік пікірді тағыда бір негізден кету үшін бір сөйлеммен мыса келтіру қажет. Мысал, өмірден, практикадан алынуы керек; ақпарат көздеріне немесе көп тараған пікірлерге сілтеме жасау, практикада орын алған үрдіс, басқа адамдардың пікірі;
4.Қорытынды .
Өзіндік пікірді тағы бір рет пысықтап, қорытынды шешімді бір сөйлеммен келтіру керек.
Мектеп – қазыналар қоймасы, олардың қоймада болуына мұғалім жауап береді. Қоймаға кірген оқушы өз қалтасын қазынамен өзі толтырады, мұғалім оқушының қалтасына қазынаны өзі тықпайды және шекарашы рөлінде болуы тиіс емес. оқушының өзі сабақта қанша байлық алып кететінін, қанша алып кете алатынын өзі шешеді және қанша байлық алғанын өзі бағалайды. Осы талаптарды орындай отырып, заманауи сабақтың мақсатына жетуге болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет