Қазіргі заманғы компьтерлердің даму кезеңдерін айқындаңыз


Сыртқы құрылғылардың физикалық қағидалары мен сипаттамаларын саралаңыз



бет29/96
Дата24.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#113888
түріПрограмма
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   96
Сыртқы құрылғылардың физикалық қағидалары мен сипаттамаларын саралаңыз

Енгізу құрылғыларына пернетақта, манипуляторлар (тінтуір, джойстик, трэкбол, жарық түсіретін қалам (сәулелік қаламұш), т.б.), графикалық планшеттер, сканер (оқу автоматтары), сенсорлық экрандар, өлшеу аспаптары жатады.

Мәліметтерді енгізудің ең негізгі құрылғысы пернетақта болып табылады. Одан басқа да енгізу құрылғыларына тінтуір, джойстик, трекбол және т.б. жатады. Джойстик - компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын рычагты манипулятор. Ол қорап пен басқарушы тұтқадан тұрады және тұтқада немесе қорабында орналасқан бір немесе бірнеше батырмалары болады. Джойстикті кейде терте деп те атайды.



Трекболдың тінтуірден айырмашылығы оның қорапқа орнатылған кішкене шары алақанмен қозғалысқа келтіріледі және ол жазық бетті қажет етпейді, сондықтан ықшам компьютерлерде қолданылады.

Графиктік мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер (дигитайзерлер) және цифрлы фотокамералар қолданылады.



Сканер

Сканерлердің көмегімен символдардан тұратын мәліметтерді де енгізуге болады. Бұл жағдайда берілген материал графикалық түрде енгізіледі, содан соң арнаулы бағдарламалық құралдардың көмегімен өңделеді. Сканерлер парақ бетіндегі мәліметтерді оқып, оны компьютерге енгізеді.

Сканер көмегiмен кез келген мәтiндiк және графика түрiндегі мәлiметті компьютерге тасымалдауды автоматтандыруға болады. Әдетте, қағаз парағы, журнал, кiтап, слайд, үлдір және тағы басқаларды қолданады.

Сканердiң даму жолында көптеген технологиялар және сканерлеу әдiстерi өзгерді.

Үй және кеңсе қолданушыларының арасында үлкен планшеттi сканер көп таралым алды. Планшеттi сканерлерге сканерлеуші бастиектің қозғалтқышы арқылы түпнұсқаны бойлай жылжитын сканерлер жатады.

Цифрлық камера

Мультимедиалық компьютерлерге фотокадрларды немесе бейнематериалдарды енгізуге арналған құрылғы. Оны компьютерлік технология көмегімен өңдеу, түрлендіру және дискіге сақтау жеңіл. Фоторепортерлер суреттерінің сапалылығына мезетте көз жеткізе алады; цифрлық суреттерді электрондық басылымдарда - газет, телехабар немесе ақпараттық агенттікте пайдалануға болады; суретті файлды алыс қашықтағы компьютерлерге желілік байланыспен тез тасымалдауға болады; цифрлық бейнені редакциялау, кадрларын реттеп, орындарын алмастыру оңайға соғады; экологиялық талаптарға сай химиялық процестерді қолданудан арылтады; компакт-дискілерде ұзақ уақыт сақтауға болады; үлкен аудиторияларда көрсетіп, пайдалануға болады; ... Әсіресе, мультимедиалық бағдарламаларды жасауға қажет. Цифрлық камера сканер арқылы, бейнемагнитофон арқылы ұзақ енгізілетін обьектілерді шапшаң енгізе алады. Ол үнемі компьютерге жалғанып тұруы мүмкін, және желі арқылы ақпаратты тасымалдай, қатты дискіге жазумен қамти алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет