Электронды цифрлы қолтаңбасын түсіндіріп көрсетіңіз
Tелекоммуникациялық арналар арқылы мәтіндерді жібергенде оларды аутентификациялау үшін электронды цифрлық қолтаңба пайдаланылады. Мұндай ақпарат алмасуда құжаттарды сақтау мен өңдеуге жұмсалынатын шығын аз болады және оларды іздеу жеңілденеді. Бірақ құжат пен оның авторын аутентификация жасау немесе автордың шын екендігі мен электрондық құжатқа өзгерістер енгізілмегенін тексеру қажет болады.
Электрондық құжаттарды аутентификациялаудың мақсаты – қаскүнемдік шаралардан қорғау. Осындай қорғаныс үшін электронды цифрлық қолтаңбаны тиімді пайдалануға болады.
Электронды цифрлық қолтаңба дегеніміз қол қойылған мәтінмен бірге жіберілетін кішігірім қосымша цифрлық ақпарат.
Цифрлық қолтаңба кәдімгі қол қоюдың барлық функцияларын орындайды. Мысалы, оның атқаратын қызметтері:
- қол қойылған мәтіннің қол қойған адамның жазғанын дәлелдейді;
- қол қойған адамның өзі қол қойған құжаттағы міндеттерінен бас тартпауын қамтамасыз етеді;
- қол қойылған мәтіннің тұтастығының кепілі болады.
Электронды цифрлық қолтаңбаның схемасы келесі компоненттерден тұрады:
- хабарламалар жиыны;
- қолтаңбалар жиыны;
- қолтаңбалардың кілттерінің жиыны;
- кілтті генерациялаудың тиімді алгоритмі;
- қолтаңбаның тиімді алгоритмі;
- қолтаңбаны тексерудің тиімді алгоритмі.
Электронды цифрлық қолтаңбаны құрастыру және тексеру.
Электронды цифрлық қолтаңба жүйесі екі негізгі процедуралардан тұрады:
- цифрлық қолтаңбаны құрастыру;
- цифрлық қолтаңбаны тексеру.
Цифрлық қолтаңбаны құрастыру үшін хабарлама жіберушінің құпия кілті, ал тексеру кезінде ашық кілті пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |