Интернетке қосылу технологиясының түрлері Интернетке қосылу технологиясын 2 түрге бөлуге болады: сымдық
қосылу және сымсыз қосылу.
1.Сымдық қосылу телефон желісін, коаксиалды кабель, бұрамалы жұп
және талшықты-оптикалық кабельді қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Енді солардың әрқайсысына жеке тоқталып кетейік.
Телефондық таратушы өткізгіш — ғимарат ішінде стационарды жасырын
жəне абоненттік ашық телефондық немесе тармақталған хабар тарату
желісіне арналған екі немесе төрт тінді кабель.
2.Сымсыз байланыс Байланыстың бұл түрі нақты бір жиілік аралығындағы радиотолқындар
арқылы жүзеге асырылады. Мұндағы негізгі түсінік – радиосəәуле шашу.
Сымдық байланыс технологиялары. Dial-Up - телефондық модем арқылы қосылу Қазіргі уақытта əрбір үйде дерлік қарапайым телефон бар жəне бұл
аппарат телефон желісіне қосылған. Интернетке қосылу үшін сіздің
компьютеріңіз осы желіге қосылады. Қосылудың бұл түрінің қолайсыздығы
сіз интернет желісінде отырған кезде телефоныңыз бос болмайды (сізбен
телефон арқылы байланысу мүмкін болмайды.)
Dial-Up (қолданушы компьютері провайдер серверіне телефон арқылы
қосылатын жағдай) – аналогтық телефон желісі арқылы коммутацияланатын
қатынау, мəәліметтер жөнелту жылдамдығы 56 Кбит/с-қа дейін;
Технология ескірген болып табылады, бірақ қол астыңызда телефон
желісі мен компьютер бар болса оны кез келген уақытта қолдануға болады.
Біздің елде қызметтің бұл түрін Қазақтелеком ұсынады. ƏӘйтсе де секундына
56 килобайт жылдамдық көп ресурсты заманауи сайттарды жүктеуге
жеткіліксіз.
Fast Ethernet Интернетке жергілікті желі бойынша қатынау (Fast Ethernet). Қосылу
желілік тақта арқылы (10/100 Мбит/с) жүзеге асырылады, мəәліметтерді
тасымалдау жылдамдығы магистралды аймақтарда 1Гбит/с-қа жетсе,
тұтынушы үшін 100 Мбит/сек-қа дейін жетеді. Қолданушы компьютерін
Интернетке қосу үшін пəәтерге телефон сымынан бөлек жеке кабель
(бұрамалы жұп) жүргізіледі.