Қол жеткізуге шек қою – өз функционалды міндеттерінің қорғау объектісімен байланысты, қол жеткізуі бақыланатын адамдардың ұйымдастырылуымен, қорғау объектісінің төңірегінде қандай да бір физикалық тұйықталған бөгет жасаудан тұрады.
Ақпаратты өңдеуді автоматтандырудың комплекстік құралдарына (АКҚ) қол жеткізуге шек қою дегеніміз:
АКҚ орналастыру үшін арнайы шекара бөлу;
Ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуде аппаратураны ашуды тексеру мынадай әрекеттерден қорғайды:
Есептеу жүйесінің және аппаратураның принципиалды сұлбаларының өзгеруі мен бұзылуы;
Бөтен құрылғының орнатылуы;
Басқару органы мен технологиялық пультінің қолдануымен есептеу жүйесінің жұмыс істеу алгоритмінің өзгеруі;
Жүйеге бөтен программалар мен программалық “вирустардың” енгізілуі;
Бөтен адамдардың терминалды қолдануы және т.б.
Аппаратураны ашуды тексеру жүйесінің басты міндеті – эксплуатация кезінде аппаратураға барлық штатсыз және технологиялық байланыстарды жабу.
Ақпаратпен тиімді жұмыс істеуді ұйымдастыру тек қызметкерлерге ғана емес мекеме басшыларына да қатысты болуы керек, сол сияқты мекеменің бірінші басшысына да. Ақпаратты қарастырғанда мекеме басшысы ақпаратты қорғауды ұйымдастыру үшін келесі мәселелерді шешуі керек:
ақпаратқа қатынай алатын қызметкерлер құрамы жөнінде дұрыс шешім қабылдауы,
басшылардың құжаттармен жұмыс істеуі кезінде ол құжатпен басқалардың танысуына жол бермеу,
келушілердің, қызметкерлердің және т.б., ақпаратты ұрлау немесе оның көшірмесін алу мүмкіндігін болдырмау,
ақпараттың техникалық каналдар арқылы ( визуальды, акустикалық және т.б. ) сыртқа шығуын болдырмау. Мысал үшін қызметкерлердің құпия ақпаратты қорғалмаған байланыс линиялары бойынша немесе ортақ пайдаланыстағы орындарда ( қоғамдық транспортта, паркттерде және т.б. жерлерде ) немқұрайды талқылауы,
қызметкерлердің құжаттарды алуын және қайтаруын белгілеп отыру ;
ақпараттың физикалық сақталуын қамтамасыз ету және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |