Қазіргі заманғы сабақтар - мұғалім үшін қолайлы, ыңғайлы теориялық және әдістемелік ережелерін алу арқылы өткізіледі.
Қазіргі сабақтардың айқын, нақты мақсаты болуы керек. Мақсатқа сабақ барысында жетуге тиіс. Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, көңіл күйін көтеріп, назарын өзіне аудартуға тырыспды. Оқушылар сәлемдесіп, өзара жақсы көңіл күйлерімен бөліседі. Негізгі бөлімде мұғалім әртүрлі әдіс тәсілдерді қолданып сабақты түсіндіреді, оқушылардан кері байланыс күтіледі. Техниканың дамуына байланысты мұғалімде көп мүмкіншілік бар, телефон, компьютер, интерактивті тақталарды, қосымшаларды, программаларды қолдана алады. Қазіргі сабақты сипаттайтын белгілер негізінен осы жаңа технологияларға негізделеді.
Қазіргі таңда мектептің оқу тәрбие үдерісінде 50-ден астам педагогикалық технология пайдаланылады. Бұл технологияның барлығы бір сабақта қолданылмайды. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясы таңдалып, оқушының білім жетістігін арттыруға негізделеді. Оқушылардың оқу деңгейін білу ретінде деңгейлік тапсырмалар жүйесін таңдауға болады.Ол оқушылардың дайындығын қарап, жеке танымдық мүмкіндігін білуге көмектеседі. Оқытудан күтілетін нәтижелерді негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды ауызша, жазбаша тапсырмалар, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана жауабы бар тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.
Қазіргі педогикалық технологиялардың бірнешеуіне тоқтала кетсек. Оқытуды компьтерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныптағы белсенділік, жеке жұмыс істеу, жеке көмек көрсету, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясында пайдаланылады.Соңғы кездерде әртүрлі оқыту түрлері қарастырылып, педогогикалық технологиялар жасалынып, мектеп өміріне енгізілуде. Мәселелік оқыту технологиясының мақсаты оқушыны ізденуге үйрету, шығармашылық жағынан дамыту. Бұл оқуту технологиясының ерекшелігіде оқушы белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту болып табылады. Топтық оқыту технологиясының мақсаты әр оқушы қабілетін дамытып, еңбек етуге баулу, ұйымшылдық қабілетін ояту, бірлікке тәрбиелеу. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты дамыта оқытуға негізделген. Бұл технологияда оқушы ойлауын, елестетуін, есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін, білімінің дамуын қамтамасыз етеді.
Жаңа педагогикалық технологияларды қолданысқа енгізуде оқу-тәрбие қолайлығын туғызу, оның базалық қорын жасау жұмыстың негізі болып табылады. Қазіргі таңда мектепке керегі білімді мұғалім, оқыту үрдісіне керекті құралдардың қолайлы және сапалы болуы, мектепке қолайлы белгіленіп, бектітілген программа.
Қазіргі сабақта оқу үдерісін технологияландыру білім жүйесін жақсартып, оқушылардың жақсы әрі сапалы білім алуына жағдай жасайды.