104
Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден
қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді
табысты
жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-
рухани тамырынан нәр ала алмаса, сол адасуға бастайды.
Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан
қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды» [1] деп атап көрсетуінің мазмұнында
тәрбие иісі аңқыған салт-дәстүрге құрметпен қарау, саралап, салмақтап, ел игілігіне қызмет
ететін тұстарын көзден таса, көңілден ада етпеу, ұлттық ерекшелігімізді айқындау арқылы
ұрпақ тәрбиесіне қажетті алға бастайтын элементтерді пайдалану қажеттігін айтқан пікіріне
тоқтағымыз келеді.
Н.Ә.Назарбаевтың аталмыш пікірі елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алу нәтижесі
арқылы жан-дүниеміздің рухани жаңғыру жолының кедергісіз даңғылына түсетіндігін
қапысыз аңғартады.
Аталмыш мақалада «Мен халқымның тағылымы мол
тарихы мен ерте заманнан
арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір
қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» [1] деп қорытындыланатын
елбасының үмітті тілегі 1999 жылы жазылған «Тарих толқынында» еңбегіндегі «... қазақтар
үшін ұлттық дәстүрді сақтап-сабақтастырып отыратын мәнді тетік – ру болған.
Өз руын, тайпасын, ата-бабасын жеті атасына дейін білу әрбір қазақтың ру аясындағы
міндетті және сол білігі арқылы өз халқының дәстүрін сабақтастырып отырудың шарты
болған. Мұның өзі қазақтардың этникалық ерекшелігін танытып әрі орнықтырып отырған,
тағдыр тәлкегіне тегінен көз жазып қалмауға және ассимилияцияға түспеуіне себепші
болған» [2,32] деген жолдарындағы тұжырымдардың жалғасындай. Елбасы осы сөздері
арқылы шыққан тегін қадірлеп, отанын сүйген ұрпақтың туыстық қатынаста қалыптасқан
парызын орындауға талаптанар бағытын айтып отыр.
Автор осы пікірі арқылы өзін таныған тұлғаның айналасына
деген құрмет сезімінің
ұлғая түсерін тектілік ұғымы мен адамдық қасиеттің толыққанды жинағы беретінін
көрсетеді. Халқымыздың «Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» деген
сыйласымға толы нақыл сөзі әуелі өзіңе, өз туысыңа, өз тегіңе деген құрметіңе бастау беріп,
көпшілікпен ортақ ымырашылдық, татулыққа көш бастататын көшелі ойдың түйіні.
Психолог, философ Карл Юнгтың «Өзгенің бойындағы ұнамаған қылықтардың бәрі
өзімізді түсінуге көмектеседі» деген қанатты сөзінің беретін түп мағынасы ынтымақтастық,
бірлік, берекелік бағытта кісілігі қалыптасқан жеке адамның көпшілік ыңғайына
бейімделуге, өзгенің пікірімен санасып ой қорытуға, сыйласуға тырысқан әрекетін көрсетеді.
Рухани кесел – жаман мінезден арылып, білімге негізделген этикалық әдептілік, ізгіліктерге
тәрбиелейтін тәжірибелік ережелер жиынтығын теорияға салған «Өзін-өзі тану»
пәнінің де
алға қойған нәтижелі мақсаттарының басты міндеті осы болып табылмақ.
Осы мақсат жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесін қолға алған аталмыш пәннің
ұлттық құндылықтарды меңгере отырып, балаға шын жүректен қуана білу, шаттана күлу
сезімдерін шынайылықпен үйретуді көздейтін, өзгенің қуанышы мен қайғысын өзіндей
сезіне алу сәтін сіңіретін рухани бай мазмұнға ие екендігін танытады.
Карл Юнгтың «Өз жаныңның тереңіне үңіле алған кезде ғана көңіл көзің қырағылана
түседі» деген келесі қанатты сөзінің астарынан айналаны бағдарлауда ақылмен, адал
көңілмен аңдаған адамның асыл армандар жетегіне ілесе алып,
адамзат басында кездесер
кез-келген сезімді үлкен жүрекпен терең түсіне алатындығы аңғарылады.
Сонымен, әлем ойшылдары,
Достарыңызбен бөлісу: