X ғ. 40-жылдарының ортасына қарай кең-байтақ Аббасилік империяның
ізі де қалмады. Халифат Ирактың кішкентай ғана бөлігін, Бағдад пен оның
маңын ғана алып қалды. 945 жылы шииттік Буиттер әулетінің басқаруымен
таулық-дейлемиттер (945-1056) Аббасилік халифаттың астанасы Бағдадқа
басып кіреді.
Буидтердің жаулаушылық мүдделері Бағдадқа кірісімен-ақ бірден
басылып қалды. Олар халифаттың әлеуметтік-саяси құрылысына
айтарлықтай өзгеріс енгізген жоқ. Аббасилік халиф өз орнын сақтады, бірақ
ол енді зайырлы билеуші емес, тек діни басшы болып қалды. Елдің іс
жүзіндегі билеушісі Буиттер болды. Буиттер шииттік исламды
ұстанғандықтан, басынан бастап-ақ қаланың сунниттік халқына қысым жасай
бастады. Шииттерге артықшылық жағдайлар жасалды, сондықтан да екі
ағымды ұстанушылар арасында ұзаққа созылған күрес басталды. Жалпы
буиттердің билігі тұсында Ирактың жағдайы күн санап төмендей берді.
Ақыры, 1055 жылы мемлекетті селжүктер еш қиындықсыз басып алған
болатын.
Х
Достарыңызбен бөлісу: