ретіндегі рөлі өсті. Осы көрсетілген жағдайлар ХІ ғасырға қарай Қытайда
урбанизация процесі басталғандығы жөнінде айтуға мүмкіндік береді.
Алайда осы кезде империялық өкіметтің қала экономикасына бақылауы
күшейе түсті. Қала экономикасы дербес сала деп қарастырылмады, ол жалпы
әкімшілік тәртіптің шектеріне күштеп енгізілді, қолдан келгенше шектеліп
отырды. Бұл жағдай Қытай қаласының дамуына және оның қоғам өміріндегі
әлеуметтік рөліне кері әсер етті.
Бұған дейінгі кезеңдердегідей Сун дәуірінде қалалардың өсуі қолөнер
мен кәсіпкерліктің дамуымен байланысты болды. Бұған дейінгі
дәуірлердегідей қолөнерде мемлекеттік те, жеке меншіктік шеберханалар да
орын алды. Тек мемелекеттік қолөнер ғана емес, жеке меншік шеберханалар
да үкімет тарапынан қатаң бақылауда болды. Бұған қарамастан
қарастырылып отырған дәуірде Қытай қолөнерінің дамуында айтарлықтай
алға жылжулар орын алды. Ең алдымен, өндіріс көлемі ұлғайды. Мұны
металлургия саласынан айқын көруге болады. ХІ ғасырдың 60-жылдарына
қарай металл кеніштері мен балқытатын кәсіпорындардың саны 271-ге жетті.
Оның 122-сі мемлекет меншігінде болды. Мата өндірісі де ұлғая түсті.
Қазынаға түсетін мата, соның ішінде, әсіресе жібек өнімі артты. Фарфор
жасау ісіндегі барлығы 50 кәсіпорынның 14-і ірі кәсіпорын болды.
Еңбек құрал-жабдықтарының сапасы жақсара түсті. Металл балқытуда
тас көмір, кокс және басқа химиялық реактивтер қолданыла бастады. Бұл
жетістіктер ХІ-ХІІІ ғасырларда еңбек бөлінісін күшейтті. Кәсіптердің саны
көбейді. Кейбір аудандар өндірістің бір түріне мамандана бастады.
Қолөнердің саудамен тығыз байланысы сақталды, көп жағдайда бұл екі
сала да бір адамдардың қолында шоғырланды. Қарастырылып отырған
дәуірдегі саудадағы басты өзгеріс қала саудасының, оны шектеп отырған
ресми бекітілген базарлар шегінен шығуы болды. Сауда қызметі қаланың
томаға-тұйық кварталдарынан шығып, көшелер мен бұрылыстарда да
жүргізілетін болды. Белгілі бір тауар түрлерін немесе ұқсас тауарларды
сатумен айналысатын арнайы базарлар пайда болды. Сауданың жалпы көлемі
артып, ХІ ғасырдың ортасымен салыстырғанда ғасырдың аяғында 3/1-ге өсті.
Саудадан түсетін салық қазына табысының айтарлықтай бөлігін құрады.
Тауар құнының 2 %-ы оны тасымалдағаны үшін салық ретінде алынса, 3 %-ы
сатудан алынды. Бұл мөлшер кейде өзгеріп те отырды.
Сауданың дамуы тауар-ақша қатынастарының одан әрі өсуіне ықпал
етті. Металл өндірудің өсуі Сун үкіметіне ортағасырлық Қытай тарихындағы
ең көп монета көлемін шығаруға мүмкіндік берді. Солтүстік Сун уақытының
өзінде ҮІІІ-ІХ ғғ. салыстырғанда 10 есе көп монета шығарылды. Мемлекеттің
құзырында ондаған монета сарайлары болды. Алайда монетаның көп
шығарылуына қарамастан елде теңге жетіспеді. Нәтижеде Қытайда
дүниежүзілік тарихта алғаш рет
ассигнациялар
пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: