Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет74/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

Халық қозғалыстары.
ХҮІ ғ. феодалдарға қарсы оқшау сипатымен 
ерекшеленген толқулар «еретикалық» діни ілім ұранымен өтті. Пенджабта 
қолөнер және саудамен айналысатын адамдар арасында 
бхакти
ілімімен 
қаруланған 
сикхизм
ықпалы күшті болды. Сикхизмнің негізін Нанак (1469–
1538) қалады. Сикхтар касталық бөлініске, діни (үндіс, мұсылман) салт-
дәстүрге қарсы тұрып, кедейлерге көмектесуді көздеді. Секта басшысы гуру 
(ұстаз) деп аталды. Сектанттар феодалдық тәртіптер мен касталық-
сословиелік бөлінушілікті айыптай отырып, брахмандар мен мұсылман дін 
басыларының арамдығы мен парақорлығын, бұзылғандығын әшкереледі. 
Индуизмнің 
сән-салтанатқа 
негізделген 
дәстүрлеріне 
сектанттар 
қарапайымдылық пен үнемшілдікті қарсы қойды. Олар дінбасыларының 
беделін мойындамады, қажылыққа баруды да жоққа шығарды. Олар сонымен 
қатар ортағасырлық аскетизмді де, дүние қызығынан, үйленуден бас 
тартушылықты да сынады. Сектанттар бұл дүниеде өз байлығын көбейтіп, 
оны бекер ысырап етпей, үнемшіл болуға, өмірде адамға қажетті 
қызықтардан құр қалмауға шақырды. Олар «арзан шіркеу», шынайы дін үшін 
күресті. Ортодоксалды индуизм адамның о дүниеде тозақтан құтылуының 
жолы – қасиетті заңдарды жақсы біліп, оларды мұқият орындап отыруында 


десе, сикхтер барлық адамдарды құдай алдында тең деп, тозақтан құтылу да 
бәріне бірдей деп жариялады. Алғашқы сикхтер шыдамдылыққа, үкіметке, 
қоғамдық тәртіпке қарсы күш көрсетпеуге шақырды. Акбар олардың гуруына 
сыйлыққа Пенджабтан жер берді. Ол жерде сектанттар Амритсар деген өз 
қаласын тұрғызып, оны «Алтын храммен» безендірді. 
XVI ғасырдың бірінші жартысында Солтүстік Үндістанның қарапайым 
мұсылман халықтарының арасында антифеодалдық, сектанттық 
махдистер
қозғалысы кеңінен тарады. Махди құтқарушы, жерде әділеттілік патшалығын 
орнатушы деп қарастырылды. Махдистердің негізгі орталықтары Агра 
маңындағы Биан ауданы болды. Махдистер басшысы шейх Абдулла Ниази өз 
насихатын қарапайым халыққа, қолөнершілерге, су, отын тасушыларға 
арнады. Сектанттар саны 3 мың адамға жетті. Олар жергілікті үкімет билігін 
күшпен басып алып, феодалдарға өз нұсқауларын берді (барлық мал-мүлікті 
ортақ ету жөнінде). Махдистер арасында құткарушы құдай өкілі келгенше 
шыдамдылық көрсетіп, күте тұруға, күш қолданудан аулақ болуға шақырған 
бағыт та болды. Бұл бағытты тек бақуатты қала тұрғындары ғана емес, 
сондай-ақ ұсақ мұсылман діни феодалдар да қолдады. 1548-1549 жж. махдис-
сектанттар талқандалды.
ХVІ ғасырдың ортасында 
рошаниттер
қозғалысы қалыптасып, ол 70 
жылдай уақыт үкіметтің мазасын алды. Рошанит сектасының негізін 
феодалданған ауған ақсүектері мен Моғол империясының қанауына қарсы 
шыққан Баязид Ансари (1524–1585) қалады. Ансари өз жақтастарының 
арасында Пир-и-Рошан – әлем ақсақалы, қариясы деп аталып кетті. Бұл 
қозғалыс Инд өзенінің оң жағалауындағы ауған жерлерін, Сүлеймен 
қырқаларының солтүстігіндегі облыстарды да қамтып отырды.
Рошаниттер қозғалысының махдистер мен сикхтер қозғалысынан 
айырмашылығы – оның қоғамның ең артта қалған тобының, қауымдық 
қоғамнан феодалдық қоғамға жаңадан аяқ басқан қауым арасында 
қалыптасуы болды. Бұл сектаның мүшелері байлардың мал-мүлкін ортаға 
салуға, артықшылықтарды жоюға шақырды. Рошаниттер қозғалысы тек 
әлеуметтік теңдік үшін емес, сондай-ақ ауғандықтар тәуелсіздігі үшін де 
күресті, (яғни моғолдар билігінен құтылу үшін). 1585–1600 жж. Акбар 
рошаниттерге қарсы әскер жіберіп, Инд пен Кабул арасындағы таулы 
өткелдерді басып алды, бірақ бірнеше ауыр жеңілістерге де ұшырады.
Акбар өлгеннен кейін рошаниттер қайтадан бас көтерді. Кейіннен ХҮІІ 
ғ. басында рошаниттерді Баязид Ансаридің немересі Ахдад (1611–1626) 
басқарды. Моғолдар империясы рошаниттер қозғалысын басып-жаныштауға 
қарақшы әскерлерін жіберді. ХҮІІ ғ. 30-жж. рошаниттер басшысыз қалып, 
азайып кетті. Рошаниттер қозғалысы тек ХVІІ ғасырдың ортасына таман
ғана біржолата талқандалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет