пайдаланды. Түріктер басып алғаннан кейінгі 100 жылдай бойы Ливанда
феодалдық Маанид әулетінің беделі күшті болды. Түрік үкіметі маанидтерді
әлсірету үшін басқа феодалдарды оған қарсы айдап салып отырды. Бірақ бұл
әрекеттері айтарлықтай нәтиже бермеді.
1584 ж. ливандықтардың қарулы отряды Сирия мен Египеттен
жиналған алым-салықты Стамбулға алып бара жаткан керуенге шабуыл
жасады. Сұлтан үкіметі бұл шабуылды Маандар ұйымдастырды деп жала
жауып, Египет пашасына маандарды талқандауға бұйрық берді. Түрік
әскерлері Маанидтер иелігіне басып кіріп, талқандады. Маан әмірі тауда
корғаныс ұйымдастырып, берілмеді. Ақыры сол қамалда өлтірілді. Ливанның
кейбір феодалдары Стамбулға пара апарып, өз бастарын әрең корғап қалды.
Түрік үкіметінің мұндай зорлық-зомбылығына қарсы халық наразылығы
калыптасып, көтерілістер болып тұрды. Бұл көтерілістерді Маанидтер
Ливанның толық тәуелсіздігін жеңіп алу үшін пайдаланып қалуға тырысты.
Бұл әрекет ІІ Фахреддин әмірдің атымен тығыз байланысты. Оны Ливан
феодалдары 1585 жылы, 13 жасар кезінде барлық Маанидтер иеліктерінің
билеушісі деп мойындады.
Ол билікке іс жүзінде ХҮІ ғасырдың аяғына қарай ие болып, күннен-
күнге ұлғая түскен иелікті 1635 жылға дейін басқарды. Алғашында ол түрік
сұлтаны алдындағы міндетін адал орындап отырды. Иелігі өскен сайын
салықты да көп төледі. Сондықтан түрік өкіметі оның иелігін кеңейте беруіне
қарсылық көрсетпеді. Фахрединнің карулы күштерінің саны бірте-бірте 40
мыңға жетті. Осындай қуатты қарулы күші мен бай қазынасы бар Фахреддин
Түрік үкіметінің рұқсатынсыз өз бетімен шет елдермен дипломатиялық
қатынас орната бастады. Ол Италиямен, Франциямен қатынас орнатты.
Флоренциямен де сауда катынасына барды. Түркияға бұл тәуелсіздік
ұнамады. 1609 ж. Дамаск пашасы болып Ахмед Хафиз тағайындалды. Оның
карамағына әскер бөлініп, Фахреддин иеліктеріндегі түріктер билігін
калпына келтіру тапсырылды. Бірақ Ахмед Хафиз түріктер билігін бірден
орната алмады. Тек 1613 жылы Фахреддин күресін тоқтатып, Француз
кемесімен Италияға барды. Онда Фахреддин Италия мен Францияны Осман
империясына карсы күреске тартуға тырысты. Бірақ 5 жыл бойғы бұл
әрекетінен түк шықпаған соң, 1618 жылы ол Ливанға қайтып келді. Ливанда
Фахреддинді жергілікті халық ұлттың батыры санап, қатты кұрметтейтін.
Фахреддин еліне кайтып келіп, түріктерге қарсы үндеу тастағанда оның қол
астына 100 мың адам жиналды. 5 жыл ішінде Фахреддин Дамасск пашасын
талқандап, Антиохиядан Сафадқа дейінгі аралықта Түрік үстемдігін жойды.
Көп кешікпей Палестинаны жаулап алды. Ұланғайыр аумақты басып алу
Фахреддиннің күшін ыдыратты. Осындай жағдайды түрік үкіметі пайдалана
қойып, Фахреддинді жеңді. Өзін тұтқынға алып, 1635 жылы өлім жазасына
кесті.
Достарыңызбен бөлісу: