Осман империясының экономикасы рыноктық емес типтегі аграрлық
экономика болды. Қатаң түрдегі бақылау мен реттеу өндіргіш күштердің
еркін дамуын тежеді. Дегенмен, мемлекетте заңнаманың жұмыс істеуі мен
тәртіптің орнатылуы, ең алдымен көшпелілердің әрекеттері мен ұсақ
феодалдардың билігін шектеу шаруа өмірінің біраз жандануына ықпал етті.
ХҮІ ғ. 80-жж. дейін ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуі және ауыл
халқының көбеюі орын алды. Ауылшаруашылығның жаңа дақылдары, атап
айтқанда, Америкадан жүгері дақылы әкеліп, өсірілді.
Қала экокномикасындағы, әсіресе сауда саласындағы жағдай бұдан
әлдеқайда нашар болды. Қала мемлекетке толық тәуелді болды. Ондағы
қоғамдық және шаруашылық өмірді шариғат билігі қатаң түрде бақылауында
ұстады. Қалалардың не өзін- өзі басқаруы, не қалалық басқаруы болмады.
Қаланың толық қожайыны кадий болды. Оған сауда-қолөнер ұйымдарының
шейхтері бағынышты болды. Кадий және оның қызметкерлері тауарларды
қалаға кіргізу немесе оны қаладан шығаруды қадағалап, салық жинауға
бақылау орнатты. Вакфтық мекемелерді бақылауында ұстап, негізгі тұтыну
тауарларына бағаны бекітті. Кадийдің рұхсатынсыз бірде бір шеберхана
немесе сауда орны ашылмайтын болды және т.б.
Бағаның, сауда мен қолөнер өнідірісін реттудегі негізгі мақсат ірі
қалалады, әсіресе Стамбулды күнделікті қажеттімен қамтамасыз етуден
туындады. Шариғат бойынша гүлденген мемлекеттің билеушісінің басты
міндеті тауарлардың саудаға тұрақты және жеткілікті түсіп тұруы болды.
Османдық сыртқы сауданың негізгі ұстанымы да осыдан туындады. Ең
алдымен тауарларды елге енгізуге артықшылық берілді. Осман
билеушілерінің
экономикалық
саясатында
өз
өндірісіне
қатысты
протекционестік түсініктер болған жоқ.
ХҮІ ғ. орта тұсына қарай кейбір Еуропа елдері Осман империясымен өз
саудагерлеріне артықшылық беру туралы келісімдер жасай бастады. Мұндай
келіміс ең алғаш рет 1569 жылы Франциямен жасалды – Осман
империясының территориясында фрацуз саудагерлеріне артықшылық жағдай
жасау, атап айтқанда, төмен кеден салығы, экстерриториалдылық құқықығы
(саудагерлердің осман заңына емес, Франция заңдарына бағынуы),
салықтардан босатылуы туралы келісімге қол қойылды. Капитуляциялар
(тараулар, баптар деген сөзден шыққан) деген атауға ие болған мұндай
келісімдер сәл кейінірек басқа да Еуропа елдерімен жасалды.
Капитуляциялар осман экономикасының Еуропа елдері капиталына
тәуелділігін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасай отырып, Осман
империясының тағдырында кері рөл атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: