«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Құжаттың атауы: «ҚазМұнайГаз»



бет32/57
Дата22.09.2023
өлшемі497,49 Kb.
#182066
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57
Байланысты:
Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі

5.4.2.2.3. Жұмыс орнында нұсқамалар беру
5.4.2.3.1. Кіріспе нұсқамалықтан басқа, қызметкерлердің біліміне, біліктілігіне және осы кәсіп немесе лауазым бойынша жұмыс өтіліне қарамастан, олармен жұмыс орнында нұсқама жүргізілуі тиіс.
5.4.2.3.2. Жұмыс орнында:
1) жұмысқа қабылданған немесе бір бөлімшеден (өндірістік бірліктен) басқасына, бір жұмыстан басқасына немесе жұмыс сипаты өзге учаскеге ауыстырылған (ауыстыру мерзіміне қарамастан) барлық қызметкерлермен (өндірістік жағдайлар өзгерген кезде);
2) қызметкерге ол үшін жаңа жұмыс тапсырылған барлық басқа жағдайларда;
3) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының осы құрылымдық бөлімшесіне жұмыс істеу үшін іссапарға жіберілген қызметкерлермен, уақытша қызметкерлермен;
4) өндірістік оқуға немесе практикаға келген оқушылармен және студенттермен нұсқамалық жүргізіледі.
Жұмыс орнында нұсқамалық қызмет түрі бойынша жұмысы өндірістік бірліктерде, объектілерде және жұмыс орындарында болумен байланысты қызметкерлермен ғана жүргізеді.
5.4.2.2.3.3. Жұмыс орнындағы нұсқамалықтың мақсаты – әр қызметкерді жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдерінің негізгі ережелерімен таныстыру, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын толықтыру, жаңарту және бекіту.
Нұсқамалар беру кезінде қызметкерге төмендегілерді түсіндіру керек:
1) оның негізгі міндеттері, жұмыс орнында, құрылымдық бөлімшенің, өндірістік бірліктің аумағында өзін-өзі ұстау қағидалары, оның кәсібі бойынша жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтардың мазмұны;
2) өндірістік процесс және қолданылатын жабдық, тетіктер мен машиналар туралы жалпы мәліметтер;
3) ол жұмыс істейтін жабдықтарға, тетіктер мен машиналарға (қауіпті аймақтар, қоршау, сақтандыру және герметикалау құрылғылары, автоматты бақылау және сигнал беру құрылғылары және басқа да қорғау құралдары) қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік талаптары;
4) жұмыс орындарын дайындау, ұйымдастыру және ұстау тәртібі (жабдықтың, іске қосу құрылғыларының, аспаптардың, құрал-саймандар мен айлабұйымдардың, бұғаттаулардың, жерге тұйықтаудың және басқа да қорғау құралдарының ақаусыздығын тексеру);
5) қауіпсіз жұмыстың тәсілдері мен әдістері, қауіп-қатерлер мен тәуекелдері анықтау және оларды жою шаралары;
6) жеке қорғау құралдарын, оларды қолдану және пайдалану тәртібін, қағидаларын, өндірістік бірлікте және жұмыс орнында өрт қауіпсіздігі талаптары;
7) жазатайым жағдайда зардап шеккендерге алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек көрсету әдістері мен тәсілдері және басқалары.
5.4.2.2.3.4. Жұмыс орнында нұсқамалар жүргізу қызметкер тікелей бағынатын объектідегі жұмыстардың тікелей басшысына, өндірістік бірліктер қызметкерлеріне нұсқамалар жүргізу – өндірістік бірліктер басшыларына жүктеледі. Бұл ретте нұсқама берушілер қызметкерге жұмыс орнындағы, жабдықтағы барлық қауіпті аймақтарды көрсетуге, жұмыс орнын дұрыс және қауіпсіз ұйымдастыру тәсілдерімен, жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдерімен таныстыруға, сондай-ақ оның назарын қызметкерлердің өздерін де, айналасындағыларды да жарақаттауға немесе улануға әкеп соғуы мүмкін жұмыстардың қауіпті тәсілдерін қолдануға немесе өзге де әрекеттерді жүзеге асыруға жол бермеуге міндетті.
5.4.2.2.3.5. Электр қондырғыларына және басқа да күрделі жабдықтар мен тетіктерге қызмет көрсетуге және жөндеуге жіберілген қызметкерлерге нұсқамалар беру объектідегі жұмыстардың тікелей басшысы тиісті қызметтердің қызметкерлерімен (жабдықтарды жөндеу және пайдалану қызметінің, бас энергетик қызметінің мамандары, технологтар және т.б.) бірлесіп жүргізеді.
5.4.2.2.3.6. Электр-техникалық жабдықтар мен электрлендірілген агрегаттарға қызмет көрсететін қызметкерлерге нұсқама беруді және оған еңбек қауіпсіздігі (электр қауіпсіздігі) бойынша біліктілік тобын беруді біліктілік тобы III-тен төмен емес электр-техникалық персонал жүргізуі тиіс.
5.4.2.2.3.7. Кешенді бригадалардың құрамына кіретін қызметкерлермен нұсқамалық олардың негізгі кәсібі бойынша, сондай-ақ аралас кәсіптер бойынша барлық мәселелер бойынша жүргізілуі тиіс.
5.4.2.2.3.8. Жұмыс орнындағы нұсқамалық біртекті кәсіптің қызметкерлері үшін немесе жекелеген жұмыс түрлері үшін әзірленген бағдарламалар, нұсқаулықтар бойынша немесе қауіпсіздік қағидалары мен нормаларының, стандарттарының негізінде жұмыстың, өндірістің нақты жағдайларын ескере отырып және нұсқамалықты берушінің кәсібіне қатысты жүргізіледі.
5.4.2.2.3.9. Бағдарламалар мен нұсқаулықтарды өндірістік бірліктің қызметкерлері (басшылары, мамандары) әзірлейді, ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметімен немесе жауапты тұлғамен және басқа да мүдделі құрылымдық бөлімшелермен, лауазымды тұлғалармен және қызметкерлердің өкілдерімен келісіледі және басшы бекітеді.
Бекітілген нұсқаулықтарды ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметі немесе жауапты тұлға ЕҚжЕҚ бойынша нұсқамалықтарды есепке алу журналында есепке алады.
Жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқамалықтарды әзірлеу тәртібі және олардың мазмұнына қойылатын талаптар ҚМГ компаниялар тобы ұйымының немесе құрылымдық бөлімшесінің ЕҚжЕҚ жөніндегі нұсқаулығын әзірлеу және бекіту қағидаларында жазылған.
Жоғары қауіптілікке байланысты кәсіптер немесе жұмыс түрлері жөніндегі нұсқаулықты қайта қарау 3 жылда кемінде бір рет жүргізіледі.
Нұсқаулықтар заңнамалық талаптар өзгерген кезде; жаңа техника мен технология енгізілген кезде; өндірістегі жазатайым оқиғаларды, апаттар мен зілзалаларды тергеу нәтижелері бойынша мерзімінен бұрын қайта қаралуға жатады.
Қайта қарау нәтижелері бойынша нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі айқындалады.
5.4.2.2.3.10. Қызметкерлер өндірісте жұмыстарды орындау және өндірісте (өндірістік үй-жайларда, жұмыс орындарында) өзін-өзі ұстау қағидаларын белгілейтін жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, машиналармен және тетіктермен жұмыс істеудің белгіленген талаптарын сақтауға, оларға берілетін ЖҚҚ-ны пайдалануға міндетті.
Бұл талаптарды сақтамау еңбек және өндірістік тәртіпті бұзу ретінде қарастырылады.
5.4.2.2.3.11. Қызметкерлерге тікелей жұмыс орнындағы алғашқы нұсқамалық бір жұмыстан басқасына немесе өзге жұмыс сипатындағы учаскеге ауыстыру кезінде (өндірістік жағдайлар өзгерген кезде) оларды дербес жұмысқа жіберу алдында жүргізілуі тиіс.
5.4.2.2.3.12. Жұмыстың сипатына байланысты қызметкерлерге алғашқы нұсқамалық бірнеше ауысым ішінде өткізіледі және оларды өндірістік процеспен таныстыру, жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін көрсету және, әдетте, әр қызметкермен жеке-жеке жүргізіледі.
Электр-техникалық персоналға нұсқамалықты бас энергетик қызметінің (жабдықты жөндеу және пайдалану қызметінің) инженерлік-техникалық қызметкері жүргізеді.
5.4.2.2.3.13. Объектідегі жұмыстардың тікелей басшысы нұсқама аяқталғаннан кейін қызметкердің қауіпсіз жұмыс тәсілдері мен әдістерін меңгергеніне және оның жұмысы мен нақты жұмыс орнына қатысты нұсқаулықтар мен қауіпсіздік талаптарын іс жүзінде білетініне және түсінетініне көз жеткізуі тиіс.
Егер жұмыс барысында қызметкердің қағидалар мен нұсқаулықтардың талаптарын жеткіліксіз меңгергені немесе жұмыстың дұрыс емес, тыйым салынған тәсілдерін қолдану фактілері анықталса, онда объектідегі жұмыстардың тікелей басшысы оған жұмыстың дұрыс тәсілдерін іс жүзінде көрсете отырып, қосымша түсініктемелер беруге міндетті.
5.4.2.2.3.14. Алғашқы нұсқамалықты жүргізу осы Стандартқа нысан (KMG-F-3675.1-13/ST-3669.1-13) бойынша жұмыс орнындағы нұсқамалықты тіркеу журналында және нысан (KMG-F-3670.1-13/ST-3669.1-13) бойынша нұсқамалықтарды тіркеу, оқыту және білімді тексерудің жеке карточкасында ресімделеді.
5.4.2.2.3.15. Жекелеген жағдайларда жұмысы жабдыққа қызмет көрсетумен, сынаумен, баптаумен және жөндеумен, жұмыста аса қауіпті және зиянды заттарды қолданумен байланысты қызметкермен, бастапқы нұсқамалықтан басқа, дербес жұмысқа жіберер алдында тікелей жұмыс орнында практикалық оқыту (тағлымдама) жүргізілуі тиіс.
Жұмыс ерекшелігіне және қызметкердің кәсіптік даярлығына қарай, тағлымдаманың қажеттілігін және оның мерзімін құрылымдық бөлімшенің басшылығы кәсіподақ органдарымен немесе қызметкерлердің өкілдерімен келісім бойынша белгілейді. Тағлымдама талап етілетін қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін құрылымдық бөлімшенің басшысы бекітеді.
5.4.2.2.3.16. Барлық қызметкерлермен (әкімшілік қызметкерлерді қоспағанда), олардың біліміне, біліктілігіне және осы кәсіп бойынша жұмыс өтіліне немесе лауазымына қарамастан, жарты жылда кемінде 1 рет жұмысты қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқамалық қайту өткізілуі тиіс. Қаупі жоғары объектілерде қайта берілетін нұсқамалық тоқсанына бір рет жүргізіледі.
5.4.2.2.3.17. Нұсқамалықты қайта жүргізу мақсаты – негізгі және басқа да анағұрлым жиі орындалатын жұмыстар мен операцияларды орындау кезінде қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын білуін жаңарту, тереңдету және бекіту.
5.4.2.2.3.18. Қайталама нұсқамалықты объектідегі, жұмыс орнындағы жұмыстардың тікелей басшысы алғашқы нұсқамалық бағдарламасы бойынша жүргізеді. Қайталама нұсқамалар кезінде өндірістік бірліктің және құрылымдық бөлімшенің жұмыс практикасын ескере отырып, бастапқы нұсқамалықтың барлық мәселелері қысқаша пысықталады (оң және теріс мысалдар). Бұдан басқа, қайталама нұсқамалар кезінде қызметкер алдыңғы нұсқамалық өткізілгеннен кейін келіп түскен бұйрықтармен, өкімдермен, хаттармен таныстырылады.
5.4.2.2.3.19. Қайталама нұсқамалық жеке қызметкермен, сондай-ақ біртекті мамандық қызметкерлерінің тобымен де әңгімелесу түрінде жүргізіледі. Электр қондырғыларына қызмет көрсетумен және жөндеумен, сондай-ақ жабдықтарды жөндеумен айналысатын қызметкерлерге нұсқамалық объектідегі жұмыстардың тікелей басшысы бас энергетик қызметінің және жабдықты жөндеу және пайдалану қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізуі тиіс.
5.4.2.2.3.20. Нұсқамалық қандай да бір болмасын себептермен (демалыс, ауру, іссапар және басқалары) белгіленген күні жүргізілмеген қызметкерлерге нұсқамалар жұмысқа шыққан күні берілуі тиіс.
5.4.2.2.3.21. Нұсқамаларды қайта беру жұмыс орнындағы нұсқамалықты тіркеу журналында және нұсқамалықтарды тіркеудің, оқыту мен білімді тексерудің жеке карточкасында ресімделеді.
5.4.2.2.3.22. Өндірістік қажеттіліктен туындаған ерекше жағдайларда қызметкерлермен жұмысты қауіпсіз жүргізу бойынша жоспардан тыс нұсқама жүргізілуі тиіс.
5.4.2.2.3.23. Келесі жағдайларда:
1) жаңа немесе өзектендірілген стандарттарды, қағидаларды, нұсқаулықтарды, сондай-ақ оларға өзгерістерді қолданысқа енгізу кезінде;
2) технологиялық процесс өзгерген, жабдық, құрылғылар мен құрал-саймандар, бастапқы шикізат, материалдар және басқа да әсер ететін факторлар ауыстырылған немесе жаңғыртылған кезде;
3) қызметкерлер жарақат алуға, аварияға, жарылысқа немесе өртке, улануға әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған кезде;
4) құрылымдық бөлімше басшылығының бұйрығы немесе өкімі, жоғары тұрған органдардың және мемлекеттік қадағалау органдары өкілдерінің нұсқауы бойынша және басқа да осындай жағдайларда қызметкерлерге жоспардан тыс нұсқама жүргізіледі.
5.4.2.2.3.24. Жоспардан тыс нұсқамалық барлық қызметкерлермен (жеке немесе бір кәсіптегі қызметкерлер тобымен), ал қажет болған жағдайларда тек жекелеген қызметкерлермен (мысалы, қауіпсіздік қағидаларын және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды бұзушылармен) жүргізіледі.
5.4.2.2.3.25. Қызметкерлерге жоспардан тыс нұсқамалықты, бастапқы және қайталама нұсқамалықтар сияқты, жұмыстардың тікелей басшылары жүргізеді.
5.4.2.2.3.26. Жоспардан тыс нұсқамалықтың көлемін, бағдарламасын, сұрақтар тізбесін әрбір нақты жағдайда құрылымдық бөлімшенің басшылығы нұсқамалықтың мән-жайлары мен себептерін ескере отырып белгілейді.
Жоспардан тыс нұсқаманың бағдарламасын (сұрақнамасын) жасау кезінде жоспардан тыс нұсқамалықтың себебі тікелей байланысты бастапқы нұсқамалық бағдарламасының бөлігін ғана пайдалану керек.
5.4.2.2.3.27. Егер жоспардан тыс нұсқамалық бір өндірістік бірліктің (учаскенің, бригаданың) қызметкерлерімен ғана жүргізілетін болса, онда нұсқамалық бағдарламасын осы өндірістік бірліктің басшылары жасайды және ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметімен келісіледі.
Құрылымдық бөлімшенің барлық қызметкерлерімен жоспардан тыс нұсқамалық жүргізу кезінде (бұйрық, жоғары тұрған органдардың нұсқауы, қадағалау органдарының нұсқамасы және т.с.с. бойынша) нұсқамалық бағдарламасы ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметі құрастырылады және оны басшы бекітеді.
5.4.2.2.3.28. Жоспардан тыс нұсқамалық жүргізу жұмыс орнындағы нұсқамалықты тіркеу журналында және нұсқамалықты тіркеудің, оқыту мен білімді тексерудің жеке карточкасында нұсқамалықтың тақырыбы (бағдарламасы) тиісті бағанда көрсетіліп, бастапқы және қайталама нұсқамалықтар сияқты ресімделеді.
5.4.2.2.3.29. Қызметкерлерді ақпараттық хаттармен, жазатайым оқиғалар туралы хабарламалармен және ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша бұйрықтармен таныстыру жоспардан тыс нұсқама ретінде ресімделеді және жұмыс орнындағы нұсқамалықты тіркеу журналында және нұсқамалықты тіркеу, оқыту және білімді тексеру жеке карточкасында тіркеледі.
Ескертпе: қызметкерлерді компаниялардың менеджмент жүйесінің ішкі құжаттарында жазылған нысандарға сәйкес хаттар мен бұйрықтарды пысықтау журналдарындағы ақпараттық хаттармен және хабарламалармен таныстыруға жол беріледі.
5.4.2.2.3.30. Мақсатты нұсқамалық мамандық бойынша тікелей міндеттермен байланысты емес біржолғы жұмыстарды орындау кезінде (тиеу, түсіру, аумақты жинау, ұйымнан, цехтан және учаскеден тыс біржолғы жұмыстар), авариялар, дүлей зілзалалар мен апаттар салдарын жою кезінде, наряд-рұқсат ресімделетін жұмыстарды орындау кезінде жүргізіледі.
5.4.2.2.3.31. Мақсатты нұсқамалықты жұмыстардың жауапты басшысы (объектідегі жұмыстардың тікелей басшысы, учаске басшысы және т.б.) жүргізеді және жұмыс орнындағы нұсқаманы тіркеу журналында, нұсқамалықтарды тіркеудің, оқыту мен білімді тексерудің жеке карточкасында немесе жұмыс жүргізуге рұқсат беретін басқа да құжаттамада (мысалы, нарядтар-рұқсаттамалар, нұсқамадан өту фактісін көрсететін өкім бойынша орындалатын жұмыстарды ағымдағы пайдалану тәртібімен тіркеу журналдары) ресімделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет