ықтимал қауіпті жағдай
|
-
|
жарақатқа (зиян келтіруге) немесе қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті жағдайға әкеп соға алатын жағдай (жабдық, мінез-құлық және қоршаған орта);
|
өндірістік объект
|
-
|
ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарының өндірістік қызметінде пайдаланылатын және аумақтарында (келісімшарттық аумақтарда) орналасқан ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар, технологиялық жабдық пен мұнай өңдеу қондырғылары, бұрғылау қондырғылары мен бұрғылау жабдығы, газ-компрессорлық станциялар, мұнай айдау станциялары, резервуарлық парктер, инженерлік құрылыстар мен полигондар, басқа да техникалық қондырғылар, көлік құралдары мен арнайы техника;
|
кәсіптік ауру
|
-
|
қызметкердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде оған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру;
|
ҚМГ қызметкері
|
-
|
ҚМГ-мен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша жұмысты орындайтын жеке тұлға;
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |