Азот қышқылын өндіру әдістері



бет3/4
Дата25.12.2022
өлшемі1,41 Mb.
#164350
1   2   3   4
Байланысты:
Азот.Әлімбетова

Атмосфераға шығарылатын газды азот оксидінен толық тазарту мақсатпен газ қоспасын 370-4200С дейін қыздырып, аз мөлшерде табиғи газ қосып палладий катализаторы орналасқан конверторге жіберіледі. Конверторде (реакторда) мынадай реакциялар жүреді:

  • Атмосфераға шығарылатын газды азот оксидінен толық тазарту мақсатпен газ қоспасын 370-4200С дейін қыздырып, аз мөлшерде табиғи газ қосып палладий катализаторы орналасқан конверторге жіберіледі. Конверторде (реакторда) мынадай реакциялар жүреді:
  • 2CH4+O2  2CO+4H2+Q1
  • 2NO2+4H2=N2+4H2O+Q2 2NO+2H2=N2+2H2O+Q3 Реакциялар жылу бөлумен жүреді, реакциядан шыққан газ қоспаларының температурасы 700-7300С шамасында болады; газ жылуын су буын дайындауға пайдаланады.
  • Концентрлі азот қышқылын тікелей синтездеу әдісімен қатар сұйытылған азот қышқылын концентрлі су сорғыш күкірт қышқылымен айдау әдістерімен өндіруге болады

Азот қышқылын концентрлеу

  • Сұйытылған азот қышқылының ерітіндісін буландыру арқылы 68,4% -ды азот қышқылының ерітіндісін (азеотропты қоспа-құрамы және қайнау температурасы өзгермей айдалатын ерітінді) алуға болатыны белгілі. Осы себептен сұйытылған азот қышқылын концентрлеу суды өз құрамына өте жақсы қосып алатын концентрлі күкірт қышқылының қатысуымен тәрелке тәрізді барботаждау (барботаждау – газды немесе буды сұйықтық қабатынан қысым күші арқылы өткізе отырып, бөлшектеу) құбырларында немесе қондырмалы қабырларда орындалады. Күкірт қышқылы сұйытылған азот қышқылындағы суды өзіне байланыстырып 100%-ды азот қышқылынан қайнау температурасы жоғары күкірт қышқылының гидратын түзеді. Осы себептен азот және күкірт қышқылдарының қоспасын қыздырғанда қоспадан бу қалпында тек қана азот қышқылы болатын жағдай орындауға болады. 

Концентрлеу құбырына берілетін сұйытылған азот қышқылы екіге бөлінеді

  • Бір бөлігі буландырғыш арқылы буға айналып барботаждау құбырының оныншы (барлық тәрелкенің саны 20) тәрелкеге беріледі , сұйытылған азот қышқылының екінші бөлгілі тікелей оныншы тәрелкеден жоғары орналасқан барботаждау құбырындағы тәрелкеге жіберіледі. 92-94%-ды концентрлі күкірт қышқылы жоғары орналасқан тәрелкенің біреуіне жіберіледі. Қоспаны жылытуға құбырдың төменгі жағынан өткір су буы (2500С температурадағы) енгізіледі. Азот қышқылының буы аз мөлшерде су буы және азот қышқылының ыдырауынан пайда болған азот оксидтері құбырдан тоңазытқыш конденсаторына (3) жіберіліп, азот қышқылы конденсацияланады, ал нитроз газдарын (азот оксидтері) бөліп алып, азот қышқылын өндіретін цехта жартылай шикізат ретінде қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет