Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті


- ТАРАУ. БАНК ТӘУЕКЕЛДЕРІ



бет44/72
Дата30.12.2021
өлшемі1,33 Mb.
#106723
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72
6 - ТАРАУ. БАНК ТӘУЕКЕЛДЕРІ
«Банк тәуекелдері» түсінігін зерделеу, банк ісіндегі тәу­екелдің пайда болуына әсер ететін тәуекелдер мен фак­тор­лардың күрделі сипатын ашып көрсету аталмыш тарау­дың басты мақсаты болып саналады. Банк тәуекелдерінің ма­ңызын ашу, банк тәуекелдерінің түрлерін, тәуекелдерді басқару мәселелерін қарау, оқу материалдарындағы тәуе­кел­дер бойынша теориялық ережелерді көрсету жо­ға­ры­дағы мақсаттардан туындайтын міндеттерге жатады.
Әдебиеттер: Ә-6; Ә-7; Ә-10; Ә-25; Ә-31.
6.1. Банк тәуекелдерінің маңызы және олардың жіктеуі
Нарықты және нарықтық инфрақұрылымдарды, ша­руа­шылық байланыстарын орнықтырудың жаңа тетіктерін қалыптастыру және кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту шаруашылық жүргізудің: бүкіл еларалық, республикалық, аймақтық, жергілікті сатыларында, сондай-ақ меншік нысандарының түрлеріне қарамастан әрбір шаруашылық бірлігі деңгейінде экономикалық тәуекелдер теориясын, оларды бағалау мен реттеудің әдістерін әзірлеп жасауды талап етеді.

Аталмыш проблемаларды шешуде банк жүйелері бас­ты рөл атқарады. Бұл – ел экономикасының тұрақсыздығы жағдайындағы банктер мен несие қатынастары рөлінің өсе түсуімен және нарықтық қатынастардың дамуымен айқындалады. Банктер ссудалық капитал, бағалы қағаздар нарығын, валюта нарығын ғана қалыптастырмайды, сонымен бірге тауар биржаларын және жаңа шаруашылық құрылымдарын құру мен олардың қызметін жүргізуге де қатысады, негізі бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржылық жағдайы, тауар, сауда және валюта нарық­та­ры­ның конъюнктурасы, аймақтың экономикалық хал-ахуалы туралы қажетті ақпараттардың бірден-бір иеленушісі болып саналады. Соңғы айтылғандар банктердің өз клиенттерінің сыртқы және ішкі коммерциялық және саяси тәуекелдерін зерттеудің маңыздылығын растайды.

Барынша көп пайда табуға ұмтылу нарықтық қаты­нас­тар жағдайындағы коммерциялық банктер жұмысының басты қағидасы болып саналады.

Кез келген шаруашылық қызметінде қандай да бір шаруашылық операцияларының өзіндік ерекшеліктерінен туындайтын әрқашанда ақша ысырыптарының болу қауіпі өмір сүреді. Мұндай ысыраптар қауіпі қаржы тәуекелдерін білдіреді.

Тәуекел – бұл табысқа жете алмаған жағдайдағы оның болуы мүмкін зардаптары мен одан шығудың белгісіздік жағдайын көрсететін кез келген өндірушінің, оның ішінде банк қызметінің ахуалдық сипаттамасы болып саналады.

Тәуекел пайданы жоғалту және берілген несиелерді уақытында төлемеушіліктің салдарынан шағымдардың пайда болуы, ресурстық базаның қысқаруы, баланстық операциялардан сыртқары түрде төлемдерді жүзеге асыру сияқты қажетсіз нәтижелердің болу ықтималдылығынан көрінеді. Сонымен бір мезгілде тәуекел деңгейі неғұрлым төмен болса, жоғары пайда алуға деген сенім де соғұрлым аз болады. Сондықтан, біріншіден, кез келген өндіруші тәуекел дәрежесін барынша төмендетуге тырысады және бірнеше баламалы шешімдердің ішінен әрқашанда тәуекел деңгейі төменін таңдайды, екіншіден, іскер белсенділік, кірістілік дәрежелері мен тәуекел деңгейінің оңтайлы арақатынасын таңдауы қажет болады.

Егер:

проблемалар күтпеген жерден туындайтын болса;



банктің бұрынғы тәжірибесіне сәйкес келмейтін (ком­мер­циялық банктер институты жаңа ғана даму ала бастаған біздің жағдайымызда әсіресе өзекті) алдыға жаңа міндеттер қойылған болса;

басшылық қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін (қа­жет­ті және қосымша пайда алу мүмкіндіктерін нашар­ла­та­тын) қажетті және жедел шаралар қабылдау жағдайында емес болғанда;

банк қызметінің тәртібі немесе заңдардың жетіл­діріл­мегендігі нақты жағдайлар үшін кейбір оңтайлы шешімдер қабылдауға кедергі келтіретін болса, тәуекел деңгейі арта түседі.

Банк операцияларының түгеліне жуық түрлері тәу­е­кел жағдайында болады. Өткен кезеңдегі Қазақстанның коммерциялық банктерінің тәуекелдеріне талдау жасай келіп, келесілерді атап көрсетуге болады:



  1. көптеген ұйымдардың өндірістік құлдырауы және қаржылық тұрақсыздығымен, бірсыпыра ша­руа­шы­лық байланыстарының жойылуымен байланыс­ты экономиканың дағдарысты жағдайы;

  2. Банк жүйелерін құрудың аяқталмаушылығы;

  3. кейбір негізгі заң актілерінің жоқтығы немесе же­тіл­дірілмегендігі, база мен нақты ахуал ара­сын­да­ғы сәйкессіздік;

  4. инфляция.

Бұл жағдайлар туындайтын банк тәуекелдері мен олар­ды зерттеу әдістеріне түбегейлі өзгерістер енгізеді. Де­ген­мен, аталмыш жағдай тәуекелдердің туындауы мен олар­дың даму деңгейінің үрдістеріндегі ортақ проб­ле­ма­лар­дың болуын жоққа шығармайды.

Тәуекелдер нақты деректерден, бүгінгі жағдай мен болашақ дамуға баға берудегі ауытқушылықтардан пайда болады. Бұл ауытқулар оң және теріс болуы мүмкін.



Тәуекел – бұл көпшілігі сәйкес келмейтін, ал кейбір жағдайларда қарама-қайшы негіздерге ие күрделі, жүйелі құбылыс болып саналады. Тәуекел:

Болуы мүмкін қауіп пен сәтсіздіктің шегі.

Сәтті бастау негізінде үміт ете отырып жасалатын қызмет.

Бірнеше баламалы ахуалдан бірін таңдай отырып, қа­те­лік жасау немесе табысқа жету сияқты әртүрліше тү­сін­ді­ріледі.



Теорияға сәйкес, тәуекелге мыналар тән болып сана­л­а­ды:

  • белгісіздік;

  • баламалықты таңдаудың қажеттілігі;

  • баламалықты жүзеге асырудың ықтималдылығын бағалау мүмкіндігі.

Көрсетілген элементтер белгілі бір тәуекел ету жағ­дай­­ында шешім қабылдайтын нақты тұлғаның қызметімен тәуекелдің байланысты екендігін анықтайды. Соған сәй­кес, тәуекел шешім қабылдау мен оны жүзеге асыру са­ты­сын­да өмір сүреді.

Тәуекел қарамақайшылық, баламалылық, белгісіздік сияқты белгілермен сипатталады.



Қарамақайшылық мынадай жағдайларда көрінеді. Бі­рін­шіден, тәуекел оң нәтиже алуға бағытталған. Екіншіден, ол субъективизмге және объективті заттарды елемеу­ші­лік­ке әкеледі.

Баламалылық екі немесе одан да көп мүмкіндіктерден іс-қимыл жасау нұсқасын таңдауды болжайды. Егер таңдау жоқ болса, онда тәуекел де жоқ. Баламалылық әртүрлі күрделілік дәрежесіне ие.

Белгісіздік – бұл ең алдымен сенімнің, бір жақтылықтың болмауы.

Тәуекелдің – субъективті және объективті екі тұ­жы­рым­дамасының аражігі ажыратылады. Объективті тұжы­рым­дама салыстырмалы түрде алып қарағанда оның болуы не­месе болмауы белгісіз тәуекелден туындайды. Субъек­тив­ті тұжырымдама, тәуекел-қатердің қауіптілігі мен бо­луы мүмкін зардаптарын ескере отырып, мінез-құлық нұс­қа­ларын таңдауына негізделетін тұжырымда болып сана­ла­ды.

Сонымен, шығындардың (тәуекелдердің) болу мүм­кін­дігі күні бұрын қаралғанда (ара салмағы есептелгенде) және сақтандырылғанда ғана пайда алуға болады. Сон­дық­тан да коммерциялық банктердің қызметіндегі экономи­ка­лық тәуекел проблемаларына маңызды түрде назар аудары­луы тиіс. Солардың ішіндегі негізгілеріне банк тәуекел­де­рі­нің жіктеуі, банктердің, жекелеген қарыз алушылардың, кәсіпорындар топтарының, салалардың экономикалық, сая­си және өзге де тәуекелдерді есептеу әдістері мен негізгі баға берулері жатады.

Банк тәуекелдерін жіктеудің негізі болып қаланған неғұрлым маңызды элементтерге мыналар жатады:



  1. коммерциялық банктің үлгісі (типі) немесе түрі;

  2. клиенттердің құрамы;

  3. банк тәуекелдерінің пайда болуы немесе әсер ету аясы;

  4. тәуекелдерді есептеу әдісі;

  5. банк тәуекелінің дәрежесі;

  6. тәуекелдерді уақыттар бойынша бөлу;

  7. тәуекел есебінің сипаты;

  8. банк тәуекелдерін басқару мүмкіндігі.

Тәуекелдер уақыт бойынша ретроспективті ағымдағы және болашақтағы болып бөлінеді.

Ретроспективті тәуекелдердің сипатына және оларды төмендету тәсілдеріне талдау жасау ағымдағы және бола­шақ­тағы тәуекелдерді неғұрлым дәл болжауға мүмкіндік береді.

Банк тәуекелдерін дәрежесі (деңгейі) бойынша тө­мен­гі, баяу және толыққа бөлуге болады.

Банктер өз қызметтерін жүргізу процесінде пайда болған жерлері, олардың деңгейіне әсер етуші сыртқы және ішкі факторлардың жиынтығы бойынша бірінен-бірі өзгешеленетін тәуекелдердің әртүрлі жиынтығымен бетпе-бет келеді. Сондай-ақ тәуекелдердің барлық түрлері өзарабайланысты және банктердің қызметіне өзіндік әсерін тигізеді. Тәуекелдің бір түрінің өзгеруі қалған барлық түр­ле­рінің түгелге жуығының өзгеруін туғызады. Осылардың барлығы табиғи түрде нақты тәуекел деңгейін талдау әдіс­те­рін таңдау мен оны оңтайландыру бойынша шешім қа­был­дауды қиындатады, көптеген өзге тәуекел фактор­ла­ры­на тереңдете талдау жасауға әкеледі. Сондықтан да олар­дың деңгейін талдаудың нақты әдістерін таңдау мен оң­тай­лы факторларды іріктеп алу өте маңызды болып саналады.

Банк тәуекелдерінің жоғарыда келтірілген жіктеу эле­мент­тері аса маңызды және өзіндік сипаты бар болып сана­ла­ды. Енді әрбір элементті қысқаша жеке-жеке қарастырып көрсек.

1. Банк тәуекелінің үлгісі (типі) немесе түрі. Ма­ман­дан­дырылған, салалық, әмбебап коммерциялық банктер тәу­екелдердің әртүрлі жиынына ие, осыған орай, егер бұл ин­новациялық банк болатын болса, онда тәуекелдің жо­ға­рылығы жаңа технологияларға несие берумен байланысты болады. Салалық банк – нақты салалардағы тәуекелдерге ие кәсіпорындар, ал холдингтік банктер бағалы қағаз­дар­мен операциялар жасауда тәуекелдерге кездеседі. Әмбебап коммерциялық банктер сан алуан операциялар жүргізу арқылы кез келген тәуекелге барады, дегенмен бір операциялардан пайда болған өзінің шығындарын келесі бір операциялардың кірістерімен жабуға аталмыш банктердің үлкен мүмкіндіктері бар.

2. Клиенттердің құрамы және тәуекелдердің туындауы. Қарыз алушыларға бөлек-бөлек берілген шағын және ірі несиелер банк тәуекелдеріне әртүрліше әсер етеді. Ұсақ қарыз алушылар экономикадағы кездейсоқтыққа көбірек тәуелді немесе бір саланың, аймақтың, елдің бір немесе қарыз алушылар тобына берілетін ірі несиелері өтімдікке, несиелерді банкке қайтаруға, қарыз алушыларды таңдауға күшті әсер етуі мүмкін. Олардың несие қабі­лет­тілігін анықтау, өз клиенттерінің қаржылық тұрақтылығын бақылау банктер менеджментінің маңызды қызметі болып саналады. Бір қарыз алушының (топтың) берешек көрсеткіші банк үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген пруденциалды нормативке жатады.

3. Банк тәуекелдерінің туындау аясы мен оның әсері. Тәу­екелдердің туындау аясы үш топ арқылы берілген: ел (ел­дердің) тәуекелі; банктің өзінің қаржылық сенімділік тәу­екелі (капиталдың жетіспеушілігі, өтімдік тепе-тең­ді­гі­нің сақталмауы, міндетті резервтердің жеткіліксіздігі); опе­ра­ция­лардың жекелеген түрлерінің тәуекелі – бұл уақы­тын­да төлемеу, қайтармау тәуекелі, банк кепілдіктерінің тәуекелі.

4. Банк тәуекелдерін есептеу әдісі бойынша. На­рық­тық экономика жағдайында елдің Орталық банкі (Ұлттық банкі) коммерциялық банктер үшін өтімдік нормативтерін әзірлейді және белгілейді. Тәуекелдерді есептеу әдістері кешенді (банк тәуекелдерінің мөлшерін бағалау және болжау, өтімдіктің бүкіл нормативтерін сақтау кезінде), тәуекел банк операцияларының жекелеген немесе топтары бойынша тәуекел коэффициенттерінің шкалаларын құруға негізделетін жеке тәуекел болады.

5. Тәуекелді салмақтау (өлшеп көру) дәрежесі. Банк тәу­екелінің дәрежесі банктің аталмыш операциялар бой­ын­ша қаржы шығындарына әкелетін ықтималдылығымен си­пат­талады және пайыздармен немесе нақты коэф­фициент­тер­мен көрсетіледі. Активтердің әрбір тобына тәуекел дәрежесін төмендететін түзету коэффициенттері беріледі. Кепілдік беру мүмкіндіктеріне қатысты сол, бір тәуекелдің өзі тәуекелді салмақтаудың (өлшеудің) әртүрлі дәрежесіне ие болуы мүмкін.

6. Операциялар мен тәуекелдерді есепке алу сипаты. Бұл баланстық және балансқа кірмейтін операциялар бой­ын­ша тәуекел.

7. Банк тәуекелдерін басқару мүмкіндіктері. Бұл жер­де тәуекелдер реттеуге мүлде жатпайтын ашық тәуекелдер мен реттелетін, ол бойынша шектеулер енгізілетін жабық тәу­екелдерге бөлінеді.

Сонымен, банк тәуекелдерін жіктеудің негізі болып қа­ланған элементтердің сипаттамасы бойынша банкте тәу­е­келдердің бүкіл түрлерін бағалау жүйесі құрылып, оларды туғызатын себептер мен жиынтық түрдегі барлық тәу­екел­дер­ді басқару мүмкіндіктері айқындалуы тиіс деген қоры­тын­ды жасауға болады. Банк тәуекелдерінің экономикалық жіктеуі (классификациясы) өзінің негізі мен банк қыз­метіне тереңдеп енуіне қарай алуантүрлі болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет