1.1. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу. Микроэкономика курсын оқыту барысында студенттер сабақтың барлық түрлерінен берілетін тапсырмаларды міндетті түрде, уақытында орындаулары керек. Дәріске келіп қана қоймай, оның барысында белсенді түрде оқытушымен бірге жұмыс істеу, лекцияда қарастырылатын экономикалық проблемаларды көре білу және олардың мәнін түсінуге тырысу әрбір студенттің міндеті.
Студенттер семинар барысында үйге берген тапсырмаларды толық орындап қана қоймай, семинар сұрақтарын талдау барысында өз беттерімен ойлау, өз ойын басқаларға дәлелді түрде жеткізе білу, басқаның ойын түсіну және оған сын көзбен қарау арқылы қарсы дәлел келтіру сияқты қабілеттерін барынша толық көрсетуге тырысуы керек.
Микроэкономика курсын оқып үйрену, студенттердің жоғары математикадан білімдерінің болуын және оны қарапайым түрде болсада қолдануды талап етеді. Микроэкономикалық өзгермелердің арасындағы функциялық байланыстарды дәлелдеу, графикалық және математикалық модельдерді құрастыра білу үшін ОСӨЖ тапсырмаларын толық орындаған жөн. Әдебиеттердің тізімінде көрсетілген оқулықтардағы есептерді, жаттығуларды және тесті тапсырмаларды қосымша орындау арқылы білімдеріңді толықтырып және кеңейте аласыздар.
Студенттер алған білімдерін баянды ету үшін аралық бақылау жұмыстарын тапсыруға міндетті.
Микроэкономика курсын меңгеру соңғы бақылаумен аяқталады. Ол тесті тапсырмаларды орындау арқылы емтихан түрінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |