Зерттеудің түйіндемесі.
Дәрілік заттардың қауіпсіздігін клиникаға дейінгі зерттеулердің мақсаты экспериментальды жануарлардың ағзасына зиянды әсерінің сипаты мен айқындығын анықтау және оның қауіпсіздігін бағалау болып табылады. Эксперименттік модельдерді таңдау медико-биологиялық эксперименттерді, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулерді жүргізу ережелеріне, сонымен қатар клиникаға дейінгі және клиникалық базаларға қойылатын талаптарға негізделген. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 02 сәуірдегі № 142 бұйрығы
III. Зерттеушілер тобын іріктеу талаптары.
Зерттеу нысаны – Бақша қараот (Portulaca oleracea)дәрілік өсімдік шикізатының майлы экстрактысы.
IV. Әдістер мен тәсілдер
Әдістер мен тәсілдер.
Диссертациялық зерттеудің әдістемесі өсімдік шикізатынан май экстрактысын алып оны стандарттау бойынша зерттеулер нәтижелерін алуға негізделген. Сонымен қатар бақша қараоты (Portulaca Oleracea L.) дәрілік өсімдік шикізатынан экстракт алу технологиясын әзірлеу және сапа көрсеткіштерін зерттеу барысында физика-химиялық, фармацевтика-технологиялық, микробиологиялық, фармакопеялық әдістер пайдаланылатын болады.
2. Деректердің анализі және мониторингі.
Зерттеу нәтижесінде алынған деректерді өңдеу үшін статистикалық талдау әдістері қолданылады.
3.Құпиялылық және мәліметтерді сақтау. Зерттеу барысында алынған мәліметтер жеке компьютерде, арнайы құпия сөзбен кодталған күйінде сақталады. Мәліметтерді алуға жетекшімнің және менің ғана мүмкіндігім болады.
V. Қауіп-қатер/пайда қатыстығын бағалау.
1. Қауіп-қатер дәрежесі. Зерттеу қауіп-қатер тудырмайды.
2. Мүмкін болатын қауіп-қатер. Қарастырылмаған.
3. Қауіп-қатерден сақтану. Қарастырылмаған.
АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕРКІНДІК
Университет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарияланымдар мен пікірлер, талқылаулар, академиялық еркіндік ізденістер қағидаларына ілесуге ұмтылады, университеттің биомедициналық зерттеулер жүргізудің этикалық қағидаларына, этикалық зерттеулер бойынша ұлттық және халықаралық басшылықтарға, зерттеуші ретінде адамның не/немесе жануарлардың, және кез-келген коммерциялық құпиялылық келісім міндеттерімен нақтыланған.
Достарыңызбен бөлісу: |