Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет18/36
Дата14.03.2020
өлшемі1,78 Mb.
#60171
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
Байланысты:
treatise20490
treatise20490

маған керекті «әлем» де жоқ».  
Ӛзінің  ілімінің  мәнін  Фихте  былайша  түсіндіреді:  «Мен»-ге  «Мен-
емес»-ті,  ал  жеке  «Мен»-ге  жеке  «Мен-емес»-ті  қарсы  қоя  аламын.  Одан 
арғысына  ешбір  философия  бара  алмайды,  әрбір  тиянақталған,  негізделген 
философия  оның  тереңіне  жетуге  тырысуы  керек;  солай  еткендіктен  де  ол 
ғылыми ілімге айналады (яғни философияға айналады).  
«Мен»-нің  (ойлау,  сана)  ақиқаттылығын,  жалғыз  екендігін  мойындай 
отырып, «Жалпы ғылыми ілім негіздері» еңбегінде Фихте «белсенділік оның 
табиғатына тән болып келеді» дейді. «Мен»-нің қызметі ӛзіндік санаға (ӛзін-
ӛзі  тануға)  бағытталады.  «Мен»-нің  ақиқаттылығына  шек  келтіруге 
болмайды:  «Мен  дегеніміз  –  мен»,  бұл  –  ойлаудың  басты  заңдылығы». 
«Мен»-ді  тану  сыртқы  «эмпирикалық»  тәжірибемен  келеді:  «Мен-емес» 
«Мен»-ге  ықпал  етеді,  оның  қызметін  шектейді.  «Мен»  табиғи  ортаны  да, 
қоғамдық ортаны да «адамиландырып» ӛзіне бейімдеп, қолайлы етіп алады. 
Осыдан  кейін  Фихте  табиғатты  «Мен»-нен  ажыратылған  туынды  деп 
есептейді.  
Фихтенің  ойынша,  әлем  біз  оны  қалай  елестетсек,  сондай  болып 
кӛрінеді,  себебі  «Мен»-нің  практикалық  қатынасы  оны  бізге  осылай 
«кӛрсетеді».  Ӛзін-ӛзі  түйсінген  кезінде  «таза  Мен»  субъекті  мен  объектінің 
арасындағы  қайшылықтарды  шешеді.  Фихтенің  ойынша,  адамдардың  ойлау 

әрекеті  әлемді  интуитивтік  деңгейде  белсенді  әрі  мақсатты  түрде  ӛзгертеді. 
Демек,  «Мен-емес»,  яғни  сыртқы  орта  дегеніміздің  ӛзі  «Мен»-нің 
шығармашылық процесс барысында санасыз объективтенуі болып саналады. 
Бұл  жердегі  «Мен»  таным  жолындағы  ойлаудың  белсенді  әрі 
шығармашылық қызметі – оның шынайы болмысы осы. Канттың «заттардың 
ішкі байланысына» негізделген пайымдаударынан басты айырмашылығы да 
осында.  
Фихтенің «ғылыми ілімін» бағалай келіп, орыс ғалымы П.Таранов оған 
«...  мәдениет  философы,  яғни  адамға  дейінгі  емес  (себебі  оған  дейінгі 
философтардың  пайымдауларында  ол  объекті  ретінде  қарастырылған 
болатын),  адамнан  кейінгі  ақиқатты  айтқан  аналитик.  Адамды  және  оның 
рӛлін  басшылыққа  алған  әлем  туралы  философия  Фихтеге  дейін  болмаған 
еді» деп ерекше баға береді.  
Ӛмірінің  екінші  кезеңінде  Фихте  абсолютті  болмысты  ӛзінің 
философиясының  басты  қазығы  етіп  белгілейді.  Философ  үшін  абсолютті 
болмыс  Құдаймен  тең.  Фихтенің  белсенділік  философиясының  мәні  адамға 
тән ойлаудың шығармашылық табиғатын, таным процесінің динамикалы әрі 
қайшылықты  қырларын  ашуда  ерекше  маңызды.  Субъекті  (адам)  мен 
объектінің  (сыртқы  орта)  арасында  әрдайым  ӛзара  байланыс  бар,  ол 
байланыстардың  барысында  «қайшылықтардың»  теңдігі  ӛзгереді.  Фихте 
әлемді  тануға  болатындығына,  қоршаған  ортаны  адам  практикалық  басқара 
алу қабілетіне ие болатынына сенді. Оның ойынша, адамзаттың адамгершілік 
міндеті табиғат пен қоғамды адамның «Мен»-ін шынайы танытатындай етіп 
ӛзгерте  алуында.  Қоршаған  ортаны  адамның  «Мен»-інің  айнасындай  етіп 
ӛзгерте  алуында.  «Ӛзгелердің  бізге  әсер  етуін  еркін  пайдалану  арқылы 
ӛзімізді-ӛзіміз  жетілдіру  және  еркін  тіршілік  иелері  ретінде  керісінше 
ӛзгелерге  әсер  ету  арқылы  оларды  жетілдіру  –  біздің  қоғам  алдындағы 
міндетіміз осы» – адамға тән «Мен»-нің мәні осында. Осылайша Фихте, адам 
мен  табиғатты  және  барша  әлемнің  біртұтастығын  субъективтік  идеализм 
тұрғысынан дәлелдейді.  
Шеллингтің  (1775-1854  жж.)  трансценденталдық  (ойша  құрылған) 
философиялық  ілімі  –  бұл  Еуропа  философиясы  тарихындағы  (Лейбниц, 
Спиноза  т.б.  кейін)  жаңа  «шынайы  философияны»  жасауға  талпынған  тағы 
бір  қадамдардың  бірі  еді.  Ол  оны  «тепе-теңдік  философиясы»  деп  атап, 
«Табиғат  философиясына  қатысты  ойлар»,  «Трансценденталдық 
идеализм  жүйесі»,  «Менің  философиялық  жүйемнің  жалғасы»  атты 
еңбектерінде кезең-кезеңімен баяндап берді.  
Ӛзінің  жаңа  философиясын  негіздеуді  табиғаттың  шынайы  мәнін 
негіздеуден  бастап,  табиғаттың  «әрекет  күштері»  бар,  ол  материалдық 
болмыстың  –  қарапайым  формалардан  бастап  ойлайтын  тіршілік  иелеріне 
дейін  –  жаңа  түрлерін  іске  асырады  деген  тезисті  алға  тартты.  Ол  ХІХ 
ғасырдың жаратылыстану ғылымында үстем болып, бір органикалық әлемнің 
екіншіге айналуы табиғи түрде жүреді деген материалистік эволюционизмді 
жоққа  шығарды.  Ол  оны  идеалистік  ойлармен,  шын  мәнісінде  теологиялық 
түсініктермен  алмастырды.  Шеллингтің  ұсынған  тұжырымдамасының 

«ӛзегі»  –  идеясы  бар.  Ол  идея  бойынша  табиғаттағы  даму  қарама-
қайшылықтар  күресінің  нәтижесінде  болады,  демек,  бұл  диалектикалық 
процесс  болып  табылады.  Басқалай  айтқанда,  ол  адам  санасы  қызметін 
(Фихтеше айтқанда), жалпы әлемдегі процестерді, табиғатты диалектикалық 
тұрғыдан қарастыруды ұсынды.  
Шеллинг  «Идеализм  философиясының  транценденталдық  жүйесі»  деп 
аталатын  ең  басты  еңбегінде  «тепе-теңдік  философиясын»,  яғни  дүниедегі 
барлық нәрсенің алғашқы негізі ретінде объективтілік пен субъективтіліктің 
абсолютті  тепе-теңдігін  растайтын  кӛқарасын  негіздеді.  Теориялық  бӛлімді 
(«теориялық  философияны»)  ол  «практикалық»  философиямен,  табиғи 
мақсаттылық  философиясымен,  ӛнер  философиясымен  толықтырды. 
Шеллинг  «практикалық»  философиясында  «адам  еркіндігінің  белгілері  мен 
іске асу жолдарын» қарастырады. Адам еркіндігіне әлеуметтік-тарихи сипат 
тән,  ол  о  бастан  диалектикалық  мәнге  ие  және  ол  еркіндік  пен 
қажеттіліктердің  толық  бірлігін  бейнелейді  дейді.  Қайшылықтардың 
мұндай  бірлігі,  Шеллингтің  ойынша,  «тарихқа  тән»  нәрсе  ретінде  қаралуы 
тиіс.  Бірақ,  «тарихта  «белгісіз,  мәнсіз  қажеттіліктер»  (соқыр  сеніммен 
белгіленген)  кӛп,  ӛзіндік  субъективтік  мақсаттары  мен  ойлары  бар 
индивидтер  олардың  алдында  әлсіз»  деп,  ойын  жалғастырады.  Басқаша 
айтқанда,  тарихтың,  тағдырдың  «құпия  қолы»  адамдардың  әрекетін 
басқарады. Ал адамдар «тарихтан тым қашықтап, жат болып кеткен» дегенді 
айтады. Тарихтан алшақтамас үшін, адам Құдаймен (Абсолюттілікпен) қайта 
бірігуге  тырысуы  керек,  сол  кезде  барлық  қайшылықтарды  шешу  мүмкін 
болады.  Тарихтың  қасиеттілігі  де  осында  деп  кӛрсетеді  Шеллинг.  Тарих 
Шеллингше, «үздіксіз әрі ол Абсолюттіліктің сырының біртіндеп ашылуын» 
бейнелейді.  
Шеллинг  ӛзінің  ілімінде  объективтілік  пен  субъективтіліктің, 
теориялық пен практикалықтың арасындағы қайшылықты иррационалдылық 
жолымен  шешуге  тырысады.  Ол  шығармашылықтың  биік  шыңы  ретінде  – 
ӛнерді ерекше бағалайды. Себебі Шеллинг үшін ӛнер  – «ӛзіндік мақсатты», 
бұл  абсолютті  тепе-теңдікке  жетудің  ең  жоғары  формасы.  Ӛнер  –  іштегі 
сырдың  сыртқа  шығуы  (откровение).  Тек  ӛнер  ғана  «сырды  сыртқа 
шығарудың  ғасырлар  бойы  жасап  келе  жатқан  жалғыз»  түрі  ретінде 
адамдарға  абсолютті  тепе-теңдікті  ұғуға  мүмкіндік  береді.  Ӛнер  ғана 
«мәңгілік  болмыстың»,  яғни  Құдайдың  ақиқаттылығын  ұғындырады.  Ал 
суреткер  бұл  жағдайда  «туындыны  ессіздікпен  жасайтын  мистикалық 
тіршілік иесі». Ӛнер моральдан да, практикалық пайдадан да, философиядан 
да  жоғары,  себебі  саналылық  (ақыл-парасат)  пен  санасыздықтың  (рух) 
арасындағы  қайшылықтарды  шешуге  тек  ӛнердің  ғана  күші  жетеді.  Осы 
тұжырымға  сүйене  отырып,  Шеллинг  «жаңа  мифологияның»,  жаңа  діни 
сананың  дәуірі  келгенін  айтады.  Бұл  дәуірде  барлық  ғылымдар  мен 
философия қайтадан ӛнер мұхитында тоғысып (поэзияда), адамзат мәдениеті 
жаңа ӛрістеген кезде ол мұхиттан шығады.  
Шеллингтің  ілімі  –  қайшылықты,  себебі  объективтік  себептерге 
байланысты  оның  ілімінің  логикалық  негізі  аяғына  дейін  толық 

жеткізілмеген.  Сондықтан  да  ол  замандастарының  қолдауына  ие  бола 
алмады. Алайда ол айтқан тепе-теңдік философиясының мәселелері әлі күнге 
дейін ӛте ӛзекті. Бұл мәселемен орыс діни философиясының да ӛкілдері (Вл. 
Соловьев және т.б.), сондай-ақ қазіргі заманның зерттеушілер де (Г. Брайан. 
«Кербез әлем». М., 2004; Л. Стеклитова, Л. Стрельникова «Абсолюттілік фи-
лософиясы».  М.,  2004;  М.  Толбот.  «Голографиялық  әлем».  М.  2005;  
Г. Югай. «Әлемнің голографиясы және жаңа әмбебап философия». М., 2007) 
айналысқан болатын.  
Гегель  Георг  Вильгельм  Фридрих  (1770-1831  жж.)  ӛзінің 
зерттеулерінде  философия  ілімінің  барлық  саласында  –  диалектика,  логика, 
гносеология,  тарих  пен  құқық,  тарих  философиясы  салаларында  қалам 
тербеп,  ӛзінің  пайымдауларын  жасады.  Ең  бастысы  –  диалектиканы 
дүниедегі  барлық  мәнді  нәрсенің  даму  теориясы  және  объективтік 
шындықты  философиялық  танудың  әдісі  ретінде  қарастырды.  Гегельдің 
философиялық  жүйесін  объективті  диалектикалық  идеализм  жүйесі  деп  те 
атайды.  
Гегельдің 
Канттың 
философиялық 
ілімі 
мен 
танымындағы 
агностицизмді сынауы философия тарихы үшін ӛте маңызды. Дамуды тануға 
және  оған  жетуге  деген  талпыныс  Гегельдің  ойынша,  әлемнің  дамуына 
қозғау салады. Дүниедегі барлық нәрсенің негізінде «ұғым» бар. Ол ұғым  – 
болашақта  болуы  мүмкін  заттардың  бейнесі,  яғни  рухани  қалыптасатын 
абсолюттік  нәрсе.  «Абсолюттік  рух»  дегеніміздің  ӛзі  дамитын  таным. 
Гегелдің  кӛзқарасы  бойынша,  танымды  зерттеудің  ӛзі  таным  процесі 
барысында  жүзеге  асады.  Сол  себепті  де  Канттың  «мән»  (сущность)  мен 
«құбылысты»  (явление)  қарама-қарсы  қарастырған  субъективтік  ойларына 
сын айтады.  
«Логика  ғылымында»  Гегель  мәннің  (сущность)  «құбылатынын»,  ал 
құбылыстың  «мәнділігін»  кӛрсетті.  Олардың  арасында  ешқандай  шек  жоқ. 
Канттың  «жасырын  дүниені»  тану  мүмкін  еместігін  жоққа  шығара  отырып, 
Гегель  танылмайтын  дүние  жоқ  дегенді  айтады.  Ол  Фихтенің 
философиясына (ғылыми іліміне) да үзілді-кесілді қарсы шықты: табиғат пен 
қоғам  адамзаттың  «Мен»-інен  (ӛзіндік  санасынан)  тұрмайды,  сол  сияқты 
«Мен» де табиғат пен адамзатты білдірмейді.  
Канттың  агностицизмі  мен  Фихтенің  субъективтік  идеализміне  сынай 
отырып,  таным  процесін  зерттеуге  ерекше  назар  аударды.  Ол  ғылыми 
категориялар  тек  бір  адамның  игілігі  емес,  сондықтан  да  олар  субъективті 
емес  дегенді  айтты.  Ол  объективті  болатындығы  –  субъектіге  тәуелді  емес, 
заттарға  іштей  тәуелді  болады  да,  барлық  материалдық  нәрсенің  рухани 
негізін құрайды.  
Абсолюттік  идея  ұғымы  Гегельдің  философиялық  жүйесінің  негізін 
құрайды.  Абсолютті  идеяны  біртұтас  жаһандық  ақыл  және  ол  барлық 
заттардың мәні мен ішкі мазмұнын құрайды деп түсіндірді. Абсолюттік идея 
(жаһандық  рух,  жаһандық  ақыл),  оның  ойынша,  жасырын  түрінде  барлық 
табиғи,  қоғамдық,  рухани  құбылыстардың  жиынтығынан  тұрады.  Осы 
тұжырымдамаға  сәйкес  адамзаттың  рухани  мәдениетінің  дамуы  «жаһандық 

ақылдың»  шығармашылық  күштерінің  біртіндеп  танылуы  деп  түсіндіріледі. 
Ал  индивид  ӛзінің  рухани  дамуы  барысында  «жаһандық  ақылдың»  ӛзін-ӛзі 
тану сатыларын басынан кешіреді. «Заттардың сезіммен танылған белгілерін 
атаудан  бастап,  «абсолюттік  білімге»  жеткенге  дейінгі  кезеңді,  яғни  рухани 
даму процесін іштей басқаратын заңдар мен формаларды» танығанға дейінгі 
кезеңді басынан ӛткереді».  
Болмыс  пен  ойлаудың  тепе-теңдігі  ұстанымы  Гегельдің  теориялық 
жүйесіндегі  басты  ұстаным.  Оның  мәні  мынада:  «логикалық  тарихилықтың 
алғышарты» болып табылады. Басқаша айтқанда, тарихи процестің мәнін ол 
процесс  ӛзінің  барлық  даму  сатыларынан  ӛтіп,  дамудың  жоғары  шегіне 
жеткен кезде ғана ұғуға болады. Тарихи процесс ӛзінің дамуының ең жоғары 
шегіне  жеткенде  ғана  мәнділігін  танытады.  Оның  даму  логикасы  идеясына, 
ӛзін-ӛзі іске  асыру  үшін орындалатын тарихи  процеске байланысты.  Демек, 
логиканың  заңдары  табиғат  пен  тарихи  процеске  тән  болып  келеді.  Сол 
себепті  Гегель  әлемдегі  процестердің  барлығы  ақылға  сыйымды,  логикасы 
бар  және  тӛменнен  жоғары  қарай  дамиды деді:  «Дүние  ақылға  сыйымды, 
ақылға  қонымды  нәрсенің  барлығы  ерте  ме,  кеш  пе  шындыққа 
айналады».  
«Логика ғылымы» еңбегінде Гегель идеалистік диалектиканың негізгі 
үш  заңын,  «болмыс»,  «мәнсіздік»,  «сапа»,  «ӛлшем»,  «мәнділік»,  «тепе-
теңдік»,  «айырмашылық»,  «қайшылық»,  «қажеттілік  пен  кездейсоқтық», 
«мүмкіндік  пен  шындық»  ұғымдарын  (категорияларын)  қарастырады. 
Категориялардың  дамуын  түсіндіре  отырып,  олардың  бірінен-бірі 
туындайтынын,  бірімен-бірі  байланысты  болатынын  және  олар  танымның 
мәні  мен  болмысқа  тән  жалпы  байланыстарды  білдіреді  дейді.  Ұғымдар, 
Гегельше, ақиқаттың және «ойды анықтаудың» негізі, ал табиғат одан тӛмен, 
органикалық әлем, «абсолюттік идеяның» «соңғы» нәтижесі (басқа болмысқа 
ие  болуы,  ӛзін-ӛзі  жоққа  шығаруы).  Табиғаттағының  барлығы  рухани 
әлемдегі идеялардың туындысы, оның объективті кӛрінісі болып табылады.  
«Рух  феноменологиясы»  еңбегінде  Гегель  сананы  объективтік 
идеализм  тұрғысынан  түсіндіреді.  Оның  ойынша,  сана  «ӛзін-ӛзі  санамен 
ұғатын ақиқат, егер адам ақиқатты санамен танығысы келсе – ӛзін танығысы 
келетін  идеяға  жақын  болуы  керек».  «Логика  ғылымында»  Гегель 
Абсолюттік  идеяны  «ойдың  анықтауышы»  және  әлемді  ӛзінің  түсінігімен 
құратын  күш  деп  түсіндіреді.  «Табиғат  философиясы»  еңбегінде  осы 
тұжырымдаманы дамыта келіп, табиғат болмысындағы «заттарды бір-бірінен 
ажырату» қалай жүзеге асатынын кӛрсетеді. Абсолюттік идеяның келесі ӛзін-
ӛзі  іске  асыру  әрі  тану  сатысы  –  ұғымдарды  санамен  ұғудың  субъективті 
(адамның  психикасы)  және  объективтік  (қоғам,  тарих)  алғышарттары  «Рух 
философиясы» еңбегінде қарастырылады.  
Осылайша,  «абсолюттік  идеяға»  тірек  болатын  процесс  деп  табиғатты 
емес, адамзаттың рухани дамуын, яғни қоғамдық сана формаларының (ӛнер 
мен  дін  және  философия)  дамуын  айтты.  Ол  үшін  философия  ӛзін-ӛзі 
дамытқан  «абсолюттік  идеяның»  (логиканың)  ең  жоғары  үлгісі  болып 
табылады.  Сол  себепті  де  Гегель  философия  тарихын  «абсолюттік  рухтың» 

ӛзін-ӛзі  тану  тарихы  деп  атайды.  Философиялық  білім  ол  үшін  абсолютті 
сипатқа ие. Абсолюттік идеяның ӛзін-ӛзі тану процесі нақ осы сатыда шегіне 
жетеді,  сол  сияқты  философия  да  осы  тұста  аяқталады  деп  тұжырымдайды 
Гегель.  
Вл.  Соловьевтің  ойынша,  Гегель  үшін  «Құдай  дегеніміздің  ӛзі 
философиялық  ақыл,  ол  тек  жетілген  философияның  арқасында  ғана  ӛзіне 
тән  абсолюттік кемелділікке  ие болады». Бұл кӛзқарастың негізі бар, себебі 
Гегель ӛзінің ілімімен «философияның дамуы аяқталатынына» сенді. Ӛйткені 
Гегель  абсолюттік  Рухтың  пайда  болуы  мен  дамуын,  ӛзін-ӛзі  тануын 
түсіндіріп берген болатын. Гегельдің философиясына сүйенетін болсақ, Идея 
Рухтың ӛзін-ӛзі дамытуының ең соңғы шегі. Сондықтан осы сатыда ол ӛзін-
ӛзі танып, ӛзін-ӛзі тану процесін аяқтайды, сӛйтіп, ӛзінің рухани «бастауына» 
қайта  оралады.  Абсолюттік  идеяның  ӛзін-ӛзі  дамытуының  осы  сатысында 
«тікелей  қатынасқа  түсетін»  әлем  адамзаттық  рух  (ойлау)  деңгейінде,  яғни 
ӛнер мен діннің, философияның кӛзқарастары тоғысында ұғынылады.  
Людвиг  Фейербах  (1804-1872  жж.),  –  неміс  классикалық 
философиясының 
соңғы 
ӛкілі, 
материалист, 
философиядағы 
антропологиялық ұстанымның негізін салушы.  
Ол  жаңаеуропалық  философиядағы  идеалистік  ойға  ӛзінің  сыни 
бағасын береді. Оның ойынша, бұл философия тек діннің теориялық негізін 
ғана  анықтап  берді.  Фейербах  философияны  адаммен  байланыстырудың 
қажеттілігін  кӛтерді:  философияның  міндеті  «Құдайға  адами  қасиет  беру 
емес»,  адамның  субъект  екенін  мойындау.  Гегельдің  абсолюттік  туралы 
ойларын  адам  және  оның  мәні  мәселелерімен  алмастыру  керек.  Адам  және 
оның  мәні  гегельдік  философияның  «жасырын  әрі  «тылсым»  тұсы». 
Философия ӛмірдің дерексіз бастаулары, ойлау мәселелерімен айналыспауы 
керек, адам және адам арқылы әлемді тану мәселелерімен айналысуы қажет. 
Ол  туралы  «Болашақ  философиясының  негіздері»  атты  еңбегінде  былай 
дейді: «Жаңа философия адамды қалыптастырады, сол арқылы табиғатты да 
қалыптастарады, себебі табиғат оның базисі болғандықтан да, философияның 
жалғыз, әмбебап әрі ең жоғары зерттеу пәні болып саналады».  
 Гегельдің  идеализмін  сынай  отырып,  Л.Фейербах  «шындық  туралы 
ойларды»  емес,  «шындықты  тануға»  бағытталатын  жаңа  философияны 
ұсынады.  Ол  былай  дейді:  «Философия  шындық  және  оның  шынайылығы 
мен  тұтастығы  жӛніндегі  ғылым,  бірақ  шынайылықтың  шынайы  үлгісі  ол 
табиғат (табиғат әмбебаптық мағынада қолданылады)». Табиғаттың шынайы 
үлгісі, ең жоғары туындысы – ол адам. Адам философияның тікелей зерттеу 
пәні  болып  саналады.  «Жаңа  философияның  басты  құпиясы  – 
антропология» деп Фейербах осыдан кейін айтқан.  
Фейербахтың  атеистік  кӛзқарасы  Құдайды  жай  теріске  шығарумен 
шектелмейді.  Ол  дінді  тіпті  де  қарапайымдандыруға  тырыспайды,  ол  «ескі 
дінді» ауыстыруға шақырады.  
Фейербахтың  атеистік  кӛзқарастары  Құдайды  жоққа  шығарумен 
шектелмейді.  Ол  дінді  қарапайымдандыруға  да  тырыспайды.  Ол  тылсым 
күшке  сенуге  негізделген  «ескі  дінді»  жаңа  «махаббатқа  негізделген  дінге» 

ауыстыруға  шақырады.  Махаббат  адамның  әрі  жеке,  әрі  қоғамдық  ӛмірінің 
мәні мен мақсатын құрайды дейді. «Христиандықтың мәні» атты еңбегінде 
ол  Жаңа  дін  Құдайға  деген  махаббатты  емес,  адамның  «адамға»  деген 
махаббатын уағыздауы керек деп жазды. Оның ойынша, махаббат ақыл мен 
табиғатқа  тән  әмбебап  заң  болуы  тиіс.  Ол:  «адамға  махаббат  тән,  себебі  ол 
сүюге жаратылған ақылды тіршілік иесі, махаббат  – адам ӛмірінің мақсаты. 
Ұрпақ  жалғастығы  мен  ақылдың  заңын  да  осы  құрайды.  Махаббат  еркін, 
шынайы болуы тиіс, тек еркін, шынайы махаббат қана нағыз махаббат бола 
алады»  дейді.  Фейербах  үшін  адам  «Құдайдың  құлақ  кесті  құлы»  емес, 
ұрпақты жалғастырушы тіршілік иесі, оның табиғатына «биологиялық» тән.  
 Адамға тән ерекше қасиеттерге мыналар жатады – ішкі еркіндік, ойдың 
қуаттылығы,  сезім қабілеті, әмбебаптық.  Осы қасиеттер оны рухтандырады, 
моральды  тіршілік  иесіне  айналдырады,  адами  болмысын  философиялық 
мәнмен,  сүйіспеншілікпен  даралайды.  Құдайды  адам  келбетінде  тану  оның 
ақылды,  ӛнегелі  екендігін  ғана  кӛрсетпейді,  оған  тән  сезім  мен  тәннің  де 
болатынын  кӛрсетеді.  Бұдан  шығатын  түйін  –  адамның  Құдайды  нақты 
кейіпте  кӛруі  оның  ӛзі  туралы  ойларының,  аяушылық  сезімдерінің 
жиынтығын  кӛрсетеді.  Фейербахша  айтсақ,  Құдай  –  бұл  «адамның» 
жалпыланған жиынтығы.  
  
8.2. XIX ғасырдағы марксисистік философия: негізін салушылар 
мен замандастардың сыны; диалектикалық материализмнің негізгі 
ұстанымдары мен идеялары; тарихты материалистік тұрғыдан 
түсіндірудің теориясы мен әдістемесі; практиканың тұжырымдары; 
адам мәні, жатсыну, еркіндік мәселелері; диалектика теориясы мен 
табиғат философиясы. 
 
Маркстік  философияның  даму  кезеңін  үшке  бӛлуге  болады.  Бірінші 
кезең  Маркс  пен  Энгельстің  идеализмнен  және  революциялық 
демократизмнен бас тартып, диалектикалық және тарихи материализмге ӛту 
кезеңі  (ХІХ  ғ.  30-жылдардың  соңынан  40-жылдардың  соңына  дейінгі 
аралық).  Маркстік  философияның  негізін  салушылар  Карл  Маркс  (1818-
1883 жж.) пен Фридрих Энгельс (1820-1895 жж.) Гегельдің философиясына 
және  оның  идеалистік  ізін  жалғастырушы  –  жасгегельяндықтарға  қарсы 
болды.  «Қасиетті  отбасы»  және  «Неміс  идеологиясы»  атты  еңбектерінде 
олар  қоғамдық  құбылыстарды  материалистік  және  диалектикалық  кӛзқарас 
тұрғысынан  қарастырған  «жаңа  философияның»  негізін  салды.  Мәселен, 
Маркс пен Энгельс бұқара халықтың тарихтағы рӛлін анықтауға, ең алдымен 
тарихтың  басты  қозғаушы  күші  туралы  мәселені  қарастыру  арқылы  келді. 
Олардың  ойынша,  тарихтың  қозғаушы  күші  идея  емес  –  бұқара  халықтың 
әрекеті.  «Неміс  идеологиясында»  олар  тұңғыш  рет  Фейербахтың 
материализміндегі  кемшіліктерге  тыңғылықты  сын-пікір  айтты.  Ол 
турасындағы алғашқы сын пікірлерін Маркс 1845 жылы «Фейербах туралы 
тезистер»  атты  еңбегінде  бастаған  болатын.  Фейербахтың  материализміне 

тән  басты  кемшілік  оның  пайымшыл,  метафизикалық  және  біржақты 
болуында деп кӛрсетті.  
Маркстік философия екінші  кезеңде одан әрі дамып, қарастырылатын 
мәселелері кеңейе түсті, жекелеген қағидалары нақтыланды. Оның бір дәлелі, 
Маркс  пен  Энгельс  тарихты  материалистік  тұрғыдан  түсіндірудің 
тұжырымдамасын жасап шығарады. Ӛмірге тікелей қатысы бар материалдық 
ӛндірісті  ескере  отырып,  қоғамдық  ӛндіріс  процесін  түсіну  және  ӛндірістің 
осы  әдісі  арқылы  жүзеге  асатын  қарым-қатынас  формасын  ұғу,  яғни 
азаматтық  қоғамды  тарихтың  дамуының  негізі  ретінде  қарастыру  –
тұжырымдаманың мәнін осылар құрады.  
Осы  ілімге  сүйене  отырып,  мемлекет  ӛміріндегі  азаматтық  қоғамның 
қызметін  анықтады,  сондай-ақ  түрлі  теориялық  кӛзқарастарды,  сананың 
формаларын,  соның  ішінде  дін,  философия,  мораль  т.б.  түсіндіріп  берді. 
Марксизмнің  негізін  салушылар  сана  формаларының  әлеуметтік  негізде 
қалай  пайда  болатынын  және  осы  ойды  дамыту  арқылы  қоғамның  жалпы 
даму  процесі  қалай  жүзеге  асатынын  назардан  тыс  қалдырмады.  Осы 
мәселелерді талдау барысында қоғамдағы басқа құбылыстар сияқты сана да 
абсолюттік  дербес  күшке  ие  емес  және  ол  материалдық  ӛмір  процесіне 
негізделеді  деді.  Материализмнің  ұстанымдарын  тарихи  құбылыстарды 
түсіндіруде  қолданып,  қоғамдық  болмыс  пен  қоғамдық  санаға  тән  негізгі 
заңдарды  анықтады  (болмыс  сананы  анықтайды;  базистің  алғашқы  ал 
қондырманың  екінші  болатындығы  және  олардың  арасында  ӛзара 
байланысты болатындығы; т.б.).  
«Капитал», 
«1844 
жылғы 
экономикалық-философиялық 
қолжазбалар»,  «Неміс  идеологиясы»,  «Саяси  экономияға  сын»  деп 
аталатын  еңбектерінде  қоғамның  дамуының  объективтік  заңдары 
болатындығы және оның дамуы табиғи жолмен – бір формациядан екіншіге 
(сатыға)  ӛтуі  арқылы  жүзеге  асып  отыратыны  айтылады.  Мұндай  дамуға 
материалдық игіліктерді ӛндіру әдістерінің қалыптасуы, дамуы және ауысып 
отыруы негіз болады. Осылайша, Маркс дерексіздікке, терең пайымдауларға 
негізделген  осыған  дейінгі  философиялық  зерттеулердің  бағытын  ендігі 
жерде  адамдардың  материалдық-практикалық  қызметіне  қарай  бұрды. 
Сӛйтіп, адамзат қоғамы мен тарихындағы практиканың рӛлі және оның 
маңызы анықталды.  
Маркс  ертеректе  жазылған  еңбектерінің  ӛзінде  теориялық  ойдың, 
соның  ішінде  философияның  тек  түсіндірушілік  қана  емес,  ӛзгерте  алатын 
қызметі туралы да жазған болатын. Ендігі жерде ол бұл қызметті теорияның 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет