Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


практикаға  қызмет  етуі,  ал  практиканың  теорияны  анықтайтын



Pdf көрінісі
бет19/36
Дата14.03.2020
өлшемі1,78 Mb.
#60171
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Байланысты:
treatise20490
treatise20490

практикаға  қызмет  етуі,  ал  практиканың  теорияны  анықтайтын 
қызметімен байланыстырды. «Философтар ӛмірді түрлі жолдармен түсіндіріп 
келді,  бірақ  мәселе  оны  түсіндіруде  емес  –  ӛзгертуде»  деді.  Теория  мен 
практиканың бірлігі тұжырымдамасы жеке меншіктің үстемдігіне, қалың 
бұқараны  ӛз  еркіне  бағындыруға  және  оларға  зорлық-зомбылық  кӛрсетуге 
құрылған  капиталистік  қоғамды  коммунистік  қоғамға  ӛзгерту  туралы 
маркстік ілімге негіз болып қаланды.  

Марксизмнің классиктері практиканы әр қырынан түсіндіреді: практика 
–  заттарға  бағытталған  әрекет;  практика  –  табиғат  пен  қоғамды  ӛзгертуге 
бағытталған  адамдардың  әрекеті;  практика  –  адамдардың  қоғамдық-тарихи 
қызметі; практика – адамзаттың тіршілік ету әрекетін бейнелейді.  
Ӛзінің  еңбектерінде  олар  диалектиканың  жолын  ұстанатындықтарын, 
алайда  ол  диалектика  Гегельдің  (идеалистік)  түсіндіруінен  ӛзгеше  екенін 
әлденеше  рет  айтқан  болатын.  Олардың  диалектикасы  Энгельстің  бейнелі 
тілімен жеткізер болсақ, «баста орналасқан». Марксизмнің негізін салушылар 
диалектиканың  тарихи  жаңа  формасын  –  материалистік  диалектиканы 
ұсынады. Олардың ойынша, барлық нәрсенің негізінде материалдық болмыс 
жатыр:  «Сананы  болмыс  анықтайды».  Маркс  ӛзінің  «Капиталында» 
диалектиканың  мәні  адамзат  тарихы  мен  капиталистік  қоғам  заңдарын 
танудың теориясы мен әдістемесі бола алуында деп кӛрсетеді. Бұл заңдарды 
ол  абстрактылықтан  нақтылыққа  ӛту,  тарихилық  пен  логикалықтың  бірлігі 
әдістеріне  сүйене  отырып  зерттейді.  Маркстің  ойынша,  материалдық 
игіліктерді  ӛндірудің  әдістері  қоғамдық  ӛмірдің  негізін  құрайды.  Ол  оны 
ӛндірістік  күштер  мен  ӛндірістік  қатынастарға  бӛледі.  Ӛндірістік 
қатынастар (яғни материалдық игіліктерді ӛндіру барысында қалыптасатын 
адамдардың  арасындағы  қатынас)  қоғамның  материалдық  базисін  құрайды, 
ал  ғылым,  мәдениет,  ӛнер,  саясат,  құқық,  мораль,  философия,  дін  сияқты 
қоғамдық сананың түрлері осыған «қондырылады».  
Маркс  адамзат  қоғамының  тарихы  –  бірін-бірі  алмастырып  отыратын 
қоғамдық-экономикалық  формациялардың  тізбегі  және  онда  материалдық 
игіліктерді  ӛндірудің  әдістері  ең  басты  рӛлді  атқарады  деген  тұжырымды 
ұстанды.  Ол  екеуден  беске  дейін  жалғасатын  формацияның  түрлерін 
анықтады:  алғашқы  қауымдық  құрылыс;  құл  иеленушілік  құрылыс; 
феодалдық  құрылыс;  капиталистік  құрылыс;  коммунистік  (социалистік) 
құрылыс.  
Ф.  Энгельстің  «Анти-Дюринг»,  «Табиғат  диалектикасы»  атты 
еңбектерінде  диалектиканың  басты  заңдары  беріледі:  1)  қарама-
қайшылықтардың  күресі  мен бірлігі  заңы  (диалектикалық қайшылықтардың 
заңы); санның сапаға және сапаның санға айналу заңы (сандық ӛзгерістердің 
сапаға айналу заңы); 3) терісті теріске шығару заңы.  
Үшінші  кезең  маркстік  философияның  түрлі  ұлттық  мәдениеттерге 
таралуымен  ерекшеленеді.  Ресейде  ол  Г.В.  Плеханов  пен  В.И.  Лениннің, 
Германияда – Ф.Меринг пен К. Каутскийдің, Италияда – А. Лабриола мен А. 
Грамшидің шығармашылығы арқылы танылды.  
Ресей  марксизміне  тән  басты  ерекшелік  –  ол  қоғамдық-саяси 
құрылысты  практикалық  тұрғыдан  ӛзгертуге  бағытталды.  Орыстың  ең 
бірінші марксисі Г.В. Плеханов (1856-1918жж.) болды. «Тарихқа монистік 
кӛзқарастың  дамуы  мәселесі»,  «Материализм  тарихы  бойынша  очерк», 
«Марксизмнің  негізгі  мәселелері»,  «Тұлғаның  тарихтағы  рӛлі»  деп 
аталатын  еңбектерінде  ол  марксизмнің  философиялық  және  әлеуметтік 
негіздерін айқындайды.  
Плехановша,  марксизм  бұл  –  ӛмірге  деген  тұтас  кӛзқарас, 

материализмнің  ең  жоғары  әрі  заманауи  формасы.  Ол  тек  тарихи 
материализм  мен  саяси  экономияны  емес,  диалектика  мен  таным  теориясы 
мәселелерін де қамтиды.  
Материалистік диалектиканы қолдана отырып, ол қоғамның дамуы ішкі 
қайшылықтардың күресі нәтижесінде дамиды деген тұжырым жасайды. Осы 
қайшылықтарды  шешудің  әдісі  ретінде  революцияны  «қоғамдық  ӛмірдің 
ажырамас  заңдылығы»  және  оның  мәні  «сандық  ӛзгерістерді  сапаға 
айналдыруында»  деді.  Бұл  тұстағы  маркстік  теория  сол  кездегі  құрылысты 
құлатуға  бағытталған  болатын,  сол  себепті  де  оған  қарапайымдылық, 
аңғырттық  тән  еді.  Дегенмен,  ол  Қазан  революциясына  сынмен  қарады. 
Плеханов  социалистік  революция  тек  экономикалық  жағынан  жоғары 
дамыған  елдерде  басталуы  мүмкін,  себебі  ӛндіріс  пен  әлеуметтік  ӛмірдегі 
ішкі  қайшылықтардың  пісіп  жетілуі  сол  кезде  ғана  мүмкін  деп  ойлады.  Ал 
Қазан революциясы «тарихтың заңдарын бұзады» деп есептеді.  
Алғашқы 
марксистің 
философиялық 
кӛзқарастарында 
тарихи 
материализм  мәселелері  де  басты  орында  тұрды.  Тарихты  материалистік 
тұрғыдан  емес,  әрі  монистік  тұрғыдан  да  түсіндіруді  жақтаушылардың  бірі 
бола  отырып,  ол  Маркстің  экономикалық  қатынастардың  маңыздылығы 
турасындағы  ойларын  географиялық  детерменизмнің  ықпалымен  түзетуге, 
«жӛндеуге» тырысты. Ол экономикалық ӛмірді анықтауда географиялық орта 
шешуші  рӛл  атқаратынын  дәлелдеуге  тырысты.  Плехановтың  кӛзқарасы 
бойынша,  географиялық  орта  ӛндіріс  күштерінің  сипатын  белгілеп, 
қондырғының дамуына қажетті объективті алғышарттарды қалыптастырады.  
Тарихты  жасайтын  қалың  бұқара,  оған  жеке  тұлғалардың  қыңырлығы 
мен  бассыздығы  әсер  етпейді,  ол  тарихтың  заңдарына  негізделеді  деп 
пайымдады.  Солай  бола  тұра,  Плеханов  ХІХ  ғасырдағы  әлеуметтік 
теорияларында  үстем  болып  келген  «инертті  тобыр»,  «алып  батыр»  туралы 
субъективтік-идеалистік теорияларды мойындамайды. Ұлы адамдардың рӛлі, 
оның  ойынша,  қоғамдық  жаңа  қажеттіліктерді  бәрінен  бұрын  түсініп, 
қоғамдық  қатынастарды  ӛзгертуді  басқаларға  қарағанда  қатты  тілейтінімен 
ғана шектеледі.  
Маркстік  философияның  дамуының  жаңа  кезеңі  В.И.Лениннің  (1870-
1924  жж.)  шығармашылық  қызметімен  байланысты.  Оның  негізгі 
философиялық  еңбектері  «Халықтың  достары»  деген  не  және  олар 
социал-демократтарға  қарсы  күресті  қалай  жүргізеді?»,  «Материализм 
және  эмпириокритицизм»,  «Философиялық  дәптерлер»,  «Жауынгер 
материализмнің мәні туралы» деп аталады.  
Ол  марксизмді,  оның  философиялық  негіздерін  жұмысшы  класты 
революциялық  күреске  жұмылдырудың  практикалық  мәселелерімен 
байланыстырды.  Марксизмнің  «философиялық  негізделгеніне»  күмән 
келтірген  Н.К.  Михайловскийге  қарсы  шыға  отырып,  ол  халықшылдардың 
идеалистік  кӛзқарастарын,  олардың  метафизикалық  әдісін  сынға  алды.  Бұл 
әдіс  тарихты  түсіндіруде  идеализмге,  субъективизмге  және  метафизикалық 
пен эклектизмге бейім деп есептеді.  
Ленин  философияда  партиялылық  ұстанымын  қалыптастыруға  ерекше 

мән  беріп,  «философиядағы  партияның»  екі  түрін  –  материализм  мен 
идеализмді  атап  ӛтеді.  Маркстік  материализмнің  бүркеншек  идеализммен 
күресін  пролетариаттың  буржуазияға  қарсы  күресінің  құрамды  бӛлігі  деп 
есептеді. 
«Материализм  мен  эмпириокритицизм»  еңбегінде  Ленин  жаңа 
жаратылыстанудың 
жетістіктеріне 
диалектикалық-материалистік 
материализм тұрғысынан философиялық талдау жасайды. Таным теориясын 
дамыта  келіп,  барлық  материяға  ортақ  –  бейнелеу  қасиеті  туралы  мәселені 
кӛтереді,  материяның  анықтамасын  береді.  Ақиқат  туралы  ілімін  жасай 
отырып,  Ленин  абсолюттік  ақиқат  пен  салыстырмалы  ақиқаттың 
диалектикалық  байланысын,  таным  барысындағы  ақиқаттың  басты  ӛлшемі 
ретіндегі практиканың рӛлін кӛрсетеді.  
Ленин материяны философиялық ұғым ретінде әр қырынан түсіндіреді. 
Ең  алдымен,  философияның  негізгі  мәселесін  диалектикалық-материалистік 
тұрғыдан  шешудегі  маңызы  мен  байланысын  кӛрсетеді.  Материяны 
антикалық  дәуірден  бері  зат  деп  сипаттау  қалыптасқан.  Бірақ  Ленин  оны 
теріске  шығарады,  оның  ойынша,  материя  «объективтік  шындықты 
білдіретін  философиялық  категория»  болып  табылады.  Материяның 
философиялық  анықтамасын  бере  отырып,  Ленин  «оны  бір  формаға  немесе 
түрге бӛлуге» болмайтындығын айтады. Материя мен сананың және олардың 
диалектикалық  байланысын  кӛрсетіп,  объективті  дүниені  тануға  болатынын 
кӛрсетеді.  Позитивизмнің  екінші  формасын  ұсынушы  ӛкілдерге  сын  айтып, 
нәтижесінде мынадай тұжырымдар жасайды:  

заттар бізден және біздің санамыздан тыс объективті ӛмір сүреді;  

«танылмайтын  заттар»  мен  «құбылыстардың»  арасында 
ешқандай шек жоқ, тек танылған нәрсе мен танылмаған нәрсенің арасындағы 
айырмашылық бар;  

таным теориясында диалектикалық пайымдауға сүйенген дұрыс.  
«Жауынгер  материализмнің  мәні  туралы»  деп  аталатын  еңбегінде 
Ленин  «философиялық  идеализммен  және  фидеизммен  күресу  үшін 
философ-коммунистер  мен  басқа  материалистердің  арасында  тығыз 
байланыс  орнату»  қажет  деп  кӛрсетті.  Оның  ойынша,  философия  мен 
жаратылыстанудың  одағын  бекітіп,  диалектиканы  танымның  логикасы  мен 
теориясы ретінде дамыту керек.  
Тӛртінші кезең маркстік философияның жүйеленуімен, КСРО-да одан 
әрі  дамуымен  байланысты.  Маркстік  философия  КСРО-ның  ресми 
идеологиясы ретінде белгіленіп, апологеттік сипатқа ие болды. Марксизмнің 
негізінде  құрылған  Кеңестік  философия  ӛзінің  бастауын  Қазан 
революциясынан  алады.  Алайда  оны  адамдардың  санасына  жаппай  енгізу 
1922  жылы  ғана  мүмкін  болды.  Бұл  кезде  орыстың  діни  және  идеалистік 
философиясының  кӛрнекті  ӛкілдері  халықтан  аластатылған  болатын. 
Олардың  ӛз  еңбектерін  жариялауға  құқықтары  болмады,  ал  кӛпшілігі 
лагерьлерге  қамалды  немесе  адамға  лық  толы  «философиялық  кемелермен» 
шетелге кетуге мәжбүр болды.  
ХХ  ғасырдың  20-30-жылдары  кеңес  зерттеушілері  маркстік 

философияны  терең  әрі  жүйелі  түрде  зерттей  бастады.  Энгельстің  «Табиғат 
диалектикасы» 
еңбегінің 
жариялануы 
механистік 
материализм 
(механицистер)  мен  идеалистік  диалектика  ӛкілдерінің  (дебориндіктер) 
арасында  дау-дамай  туғызды.  Бұл  еңбекте  диалектикалық  материализм 
жүйеленіп  берілген  болатын.  Алдымен  механицистер,  сосын  дебориндіктер 
Сталиннің  қатал  талқысына  ұшырағаннан  кейін,  маркстік  философия  ұзақ 
уақыт  шығармашылық  тоқырауды  басынан  кешті.  Осы  тоқыраудың 
салдарынан  «дәйектілік» орын  алып, ілімді  ашық  түрде бұрмалау,  догмалау 
басталды.  ХХ  ғасырдың  40-жылдарының  соңында  философиялық  ортада 
біраз  қозғалыс  байқалды,  сол  кездегі  батыстың  философиялық  ілімдерін 
түсінуге  және  жаратылыстанудың  философиялық  мәселелерін  анықтауға 
деген талпыныс пайда болды.  
 
8.3. Позитивизм философиясы: Конт, Спенсер, Милль 
 
XIX  ғасырдың  соңына  таман  капитализм  дәуірі  алға  тартқан 
мәселелерге  Жаңа  дәуір  философиясының  жауап  беруге  қауқары  жетпеді. 
Кезінде  француздың  моралист-философы  Ф.Ларошфуко  ғылымдағы  арзан 
сынға  және  соқыр  фанатизмге  ӛзінің  бағасын  бере  келіп,  философияның 
ғылымдар  жүйесіндегі  орнын  кӛрсеткен  болатын:  «философия  ӛткен  ӛмір 
мен  болашақтың  қиындықтарын,  ауыртпалықтарын  жеңді,  бірақ  қазіргі 
ӛмірдің  ауыртпалығынан  жеңілді».  Бұл  сӛз  ғасырлар  тоғысында  тоқырауға 
ұшыраған жаңаеуропалық метафизиканы мейлінше дәл кӛрсетеді.  
ХХ  ғасырдың  басында  Еуропада  философияға  тағы  бір  кезекті 
«тӛңкеріс»  әкелген  позитивизм  бағыты  (қоғамға  практикалық  пайда 
әкелетін, тек жекелеген ғылымдарға ғана қатысты позитивтік білімдер) пайда 
болды.  Бұл  бағыттың  ӛкілдері  «бұрынғы»  философия  ғылыми  емес,  тым 
ойшыл  деді.  Сол  себепті  ол  жаратылыстану  және  нақты  ғылымдар  секілді 
тексерілген  білімге  сүйенуі  қажет,  сӛйтіп  практикалық  пайда  әкелуі  тиіс. 
Философия  тек  деректерді  зерттеп,  ешқандай  бағалауға  жол  бермеуі  керек, 
зерттеулерінде  ғылыми  құралдарға  жетекшілік  етуі  қажет.  Бұл  бағыттың 
негізін қалап, «Позитивті философия» курсында оның басты ұстанымдарын 
ұсынған Огюст Конт (1798-1857 жж.) болды. Ол ұстанымдар ХІХ ғасырдың 
соңы  мен  ХХ  ғасырдың  соңындағы  кӛптеген  позитивтік  теориялар  мен 
тұжырымдарға  негіз  болды.  Позитивизм  XVIII  ғасырдағы  француз 
Ағартушылық  философиясының  орнын  басқан  болатын.  Ағартушы-
энциклопедистер секілді Конт ғылымнан культ жасап, оның мүмкіндіктеріне 
шексіз  сенімін  білдірді.  Ойлаудың  ғылыми  әдістері  қолданылатын 
салалардың  шексіз  кӛп  екендігін  айтты  (метафизиканы  қосқанда).  Олар 
жасаған  ғылымдардың  жіктемесін  кӛп  жағдайда  энциклопедистердің 
ӛсиетінің  жүзеге  асырылуы  ретінде  қарастыру  керек.  Жіктемеде  ғылымдар 
табиғи  иерархиясына  қарай  бӛлінеді:  математика  –  астрономия  –  физика  – 
химия  –  биология  –  әлеуметтану.  Оның  ойынша,  осы  ғылымдардың 
байланысын  қарастыратын  «жалпы»  ғылымды  «философия»  деп  атау 

орынды. Алайда оның дәстүрлі метафизикамен еш байланысы болмауы тиіс, 
себебі олардың зерттеу пәні мен әдістері екі түрлі болып келеді.  
Ғылым  мен философияны  салыстыра  келіп,  Конт  ғылымға  практикада 
қолданылатын  позитивті,  дәлелденген  білімдердің  кӛзі  деген  анықтама 
береді. Ал философия «білімдердің жалпы жүйесі» болғандықтан да ғылымға 
қажет  емес.  Ол  «синтетикалық»  ғылым,  сол  себепті  де  жаратылыстану 
ғылымдарының  жетістіктерін  жинақтаумен  айналысуы  керек.  Ол  «әрбір 
ғылым  –  ӛзіне-ӛзі  философия»  болып  табылады.  Позитивистердің 
«Метафизика  жойылсын,  физика  жасасын!»,  деген  ұраны  мен  адамзаттың 
діни,  метафизикалық  және  ғылыми  ойлауының  дамуындағы  «үш  кезең 
заңының» шығу тӛркіні де осында жатыр.  
О.  Конт  дүниеден  озған  соң,  позитивистік  ойлардың  орталығы 
Англияға ауысты. Ең алдымен ол логик Джон Стюарт Милльдің (1806-1873 
жж.)  есімімен  тығыз  байланысты  болды.  «Силлогистік  және  индуктивтік 
логикалық  жүйелер»  атты  еңбегінде  ол  ағылшын  эмпирикасының  негізін 
салушы Ф. Бэконның индуктивтік логикалық әдістерін әрі қарай дамытты.  
Біздің біліміміз сезім арқылы келетін тәжірибелеріміз деген ұстанымды 
– біздің бақылауымыздағы құбылыстар ғылыми заңға қалай айналады деген 
сұрақты  алға  тартты.  Оның  ойынша,  эмпирикалық  пен  теориялық 
пайымдаулардың арасында айтарлықтай принциптік айырмашылық жоқ.  
Милль  адамның  жүріс-тұрысын  механистік,  физикалық  тұрғыдан 
түсіндірушілерді  сынады.  Себебі  ол  кезде  адамның  еркіндігі,  сондай-ақ 
адамгершілік таңдау мүмкіндіктері ескерілмейді. Утилитарист ретінде Милль 
мынадай пікірлер айтады: адамдар барлық нәрседен пайда кӛруге тырысады, 
себебі  адамдар  адамгершілік  әрекеттерді  орындауы  керек,  сондықтан 
«адамгершілікке жат әрекет еткенше, пайда кӛрген тиімдірек».  
Ағылшын философы әрі әлеуметтанушы  Герберт  Спенсер (1820-1903 
жж.)  «Негізгі  бастаулар»,  «Әлеуметтану  зерттеу  пәні  ретінде», 
«Әлеуметтанудың  негіздемесі»,  «Этиканың  негіздемесі»  атты  бірқатар 
еңбектердің  авторы.  Ол  биологиялық  эволюция  туралы  идеяны  Дарвиннен 
бұрын айтқан болатын. Табиғат әлеміндегі тіршілік үшін күрес және табиғи 
сұрыпталу  ұстанымдарын  қалыптастырды.  Ол  эволюция  туралы 
идеясының  табиғаттағы  және  қоғамдағы  барлық  құбылыстар  мен 
процестерге  –  ғарышқа,  органикалық  және  бейорганикалық  табиғатқа,  тіпті 
социумға  да  тән  деп  есептеді.  Оны  әлеуметтанудағы  екі  бағыттың  – 
«органицизм»  мен  «эволюционизмнің»  негізін  қалаушы  ретінде  атап 
кӛрсетуге  болады  Бұл  екі  бағыт  әлеуметтік  прогресті  қоғамдық 
құбылыстардың  интеграциялануы  және  интеграциялану  процесі  ретінде 
қарастыруға мүмкіндік берді.  
Осы екі бағыттың негіздеріне сүйене отырып, Спенсер алғашқылардың 
бірі  болып  жүйелердің  жалпы  теориясын  жасауға  тырысты.  Құрылымдық-
функционалдық  және  эволюциялық  талдау  нәтижелері  оған  әлеуметтік 
жүйелердің құрылымы  мен қызметіне тән бірқатар маңызды ерекшеліктерді 
анықтауға мүмкіндік берді. Нақтылап айтқанда, қоғамның әлдеқайда күрделі 

түрлерінің  пайда  болуына  әкелетін  даму  және  құлдырау  циклдері  мен 
интеграциялану және дифференциациялану процесін тануға әкелді.  
 
8.4. Э. Махтың философиясы мен философиялық мектебіне тән 
эмпиризм мен сенсуализм және рационализм. 
 
Позитивизмнің 
екінші 
тарихи 
формасы 
– 
махизм 
мен 
эмпириокритицизм  (Э.  Мах,  Р.  Авенариус  және  т.б.).  Эмпириокритицизм  – 
«таза  тәжірибеге»  негізделген  философиялық  жүйе,  басқаша  –  сыни 
эмпиризм  деп  атайды.  Бұл  жүйе  «әлемнің  шынайы  бейнесі  туралы 
ұғымдарды» қалыптастыру мақсатында кез келген метафизикалық болжамды 
жоққа  шығарады  да,  философияны  тек  тәжірибеге  негіздейді.  Позитивизм 
махизм  кезеңінде  таным  мен  тәжірибенің  табиғаты;  субъекті  мен  объекті 
мәселесі;  «зат»,  «субстанция»  ұғымдарының  сипаты;  шындық  ӛмірдегі 
«негізгі «элементтердің» табиғаты; физикалық пен психикалықтың қатынасы 
т.б. мәселелермен байланысты қарастырылды.  
Бұл  мәселелерді  зерттеуде  махистер  феноменологияға  қатысты 
кӛзқарастарды  қалыптастырды,  бұл  жағынан  позитивизм  Д.Юмнің 
философиясы мен Д. Берклидің субъективтік идеализміне жақындады. Олар 
«әлемдегі  элементтердің»  «бейтарап»  сипатта  болатынын  дәлелдеді. 
Махистер  материализм  мен  идеализмнің  «метафизикалық»  қайшылығын 
жоққа  шығаруға  тырысқанымен,  іс  жүзінде  субъективтік  идеализм  мен 
феноменологияның кӛзқарастарын ұстанған болатын.  
Эмпиризм  –  кездейсоқ  құбылыс  емес.  Теорияның  абстрактылы 
ұғымдарының  эмпирикалық  деректермен  байланысы  мәселесі  ғылымда 
негізгі  категориялардың  мағынасын  жіктеуге  қажеттілік  туған  кезде 
ғылымның  логикасы  тәжірибеде  қаншалықты  негізделген  деген  мәселеге 
байланысты  үнемі  кӛтеріліп  отырады.  Бұл  мәселе  ХІХ-ХХ  ғасырлардың 
тоғысында  да  туындады.  Бұл  кезде  жаратылыстану  саласында  революция 
болған  еді.  Бұл  ретте  Э.Махтың  классикалық  физикадағы  негізгі  теориялық 
ұғымдардың  логикалық  сипатына  қатысты  еңбегі  де  үлкен  пікірталас 
тудырды.  «Механика»  деп  аталатын  еңбегінде  ол  Ньютонның  уақыт  пен 
кеңістіктің шексіздігі турасындағы пікірлерін сынап, салмақ, есептеу жүйесі 
т.б. ұғымдардың «логикалық мазмұнын» анықтауға тырысады.  
Электронның  дүниеге  келуі  Мах  пен  Авенариусты  «материяның 
жоғалып  кететіндігі»  туралы  пікірге  жетеледі.  Егер  философияның  негізгі 
ұғымы  жалған,  қолдан  жасалған  болса,  онда  осыған  дейінгі  жасалған 
метафизикалық  пайымдаулар  да  қате,  сондықтан  ғылымды  керексіз 
метафизикалық  абстракциялардан  тазалау  керек.  Осы  пікірге  сүйеніп,  олар 
«эмпириокритицизм материализм мен идеализмнен жоғары» тұрады дегенді 
айтты.  Мах  пен  Авенариус  заттар  мен  бізді  қоршаған  ӛмірдегі  шындықты 
«адамның  сезімдерінің  кешені»  деп,  субъективтік  идеализм  тұрғысынан 
анықтайды.  Әлемдегі  заттардың  түр-түсі  де,  салмағы  да  жоқ  әрі  жылы  да, 
салқын  да  емес.  Адамдар  оларды  сезім  органдары  қалай  сезсе,  солай 
қабылдайды  деді.  Дегенмен,  махистер  бір  нәрсені  ескермеді,  бұл  мәселенің 

шешімі  маңызды  екі  сұрақтың  –  сезім  кӛздері  қандай  және  олардың 
қалыптасу тетіктері қандай деген сұраққа жауап бола алмайды.  
Белгілі француз математигі әрі физигі Анри Пуанкаре (1854-1912 жж.) 
бірқатар  танымдық  мәселелерде  эмпириокритицизмге  жақын  келді. 
«Ғылымның  құндылығы»  атты  еңбегінде  (1905ж.)  ғылымдағы  прогресс 
ондағы  қалыптасқан  ұстанымдардың  ӛзіне  күмәнмен  қарауға  әкеледі  деді. 
Мысалы,  Эйнштейннің  ашқан  жаңалығы  жарықтың  жылдамдығы  жарық 
кӛзінің 
жылдамдығына 
байланысты 
болмайтынын 
кӛрсетті. 
Радиоқабылдағыштан  берілетін  қуаттың  салмағы  тұрақты  әрі  әрекетке  сай 
және  ол  әрекетке  қарсы  балама  жоқ  екендігі  Ньютонның  үшінші  заңына  да 
сенімсіздік  тудырды.  Евклидтің  геометриясы  жалғыз  болуы  мүмкін  жалғыз 
геометриялық жүйе екендігі жоққа шықты. ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында 
осындай сәйкессіздіктер физиканы тоқырауға ұшыратты.  
 Қалыптасқан  теориялық  түсінікке  сай  келмейтін  жаңа  ғылыми 
деректер  табиғаттың  заңдарына  конвенция  түрінде,  яғни  шартты  сӛйлемдер 
түрінде қарау керектігін кӛрсетті. Заңды шартты түрде жазылған сӛйлем деп 
түсіндіру  Пуанкаренің  таным  теориясының  басты  ерекшелігі  болды, 
нәтижесінде  ол  «конвенционализм»  деген  атау  алды.  Пуанкаренің  ойынша, 
«бұл конвенциялар біздің рухымыздың еркін әрекет етуі нәтижесінде туады 
және  оған  бұл  салада  ешқандай  кедергілер  жоқ.  Ол  ӛзінің  қалауынша 
пайымдайды...» деді.  
 
 
8.5. Неокантшылдықтың негізгі мектептері, танымдық және 
әдістемелік мәселелер (Г. Коген, П. Наторп, Э. Кассирер, В. Виндельбанд,  
ГРиккерт). 
 
Неокантшылдық  (Канттың  ілімін  дамытушы  философиялық  ағым) 
неміс  философиясы  жүйенің  жасалуы  мәселесінде  тығырыққа  тіреліп, 
дағдарысқа ұшыраған кезде ХІХ ғасырдың екінші жартысы  – ХХ ғасырдың 
басында  Германияда  пайда  болды.  Неокантшылдық  ағымның басты  ұранын  
О.  Либман  «Кант  және  эпигондар  (Kant  und  die  Epigonen)»,  «Кантқа 
оралу!»  (1865)  деп  аталатын  еңбектерінде  қалыптастырған  болатын.  Ол 
материалистік 
метафизиканың 
және 
позитивистік 
әдістеменің 
зорлықшылдығына қарсы қатаң сын айтты.  
Неокантшыл философияның бағдарламасы Канттың трансценденталды 
идеализмін қайта дамытуға бағытталды. Ол әсіресе жаратылыстанудағы және 
қоғамдық  ғылымдағы  белсенді  ақылдың  конструктивтік  қызметіне  ерекше 
мән  берді.  Жаңа  дәуірдің  идеалистері  мен  тұрпайы  материалистері 
қарқынмен  дамып  келе  жатқан  ғылымның  нәтижелерін  философиялық 
түсіндіруге  қорғансыз  болып  шықты,  бұл  ағым  осы  кемшіліктің  орнын 
толтырды.  
ХІХ-ХХ  ғ.  тоғысында  Ньютон  мен  Галилейдің  механикалық  заңдары 
ӛзінің  күшін  жоғалтып,  философиялық  және  әдістемелік  талаптар 
тиімділігінен  айырылды,  осы  ретте  жаратылыстанудың  жаңа  зерттеу 

нысандары  мен  міндеттері  анықталды.  ХІХ  ғ.  ортасына  дейін  дүниенің 
жасалуына классикалық механиканың заңдары негіз болды деген пікір үстем 
болды,  осыған  сәйкес  Евклидтің  кеңістік  геометриясы  «ғылымдардың 
патшайымы», әрі жалғыз деп танылды. Уақыт кеңістіксіз жасай береді және 
ӛткеннен  бүгінге  бірқалыпты  ӛтіп  отырады  деп  есептелінді.  Кӛпшілікпен 
қабылданған  бұл  пікірлер  Гаусстың  (1777-1855  жж.)  «Қатысты  қисық 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет