Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


элеаттық  түрімен  шешу  қажет.  Ол  «еске  түсіру»  теориясына



Pdf көрінісі
бет8/36
Дата14.03.2020
өлшемі1,78 Mb.
#60171
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
Байланысты:
treatise20490
treatise20490

элеаттық  түрімен  шешу  қажет.  Ол  «еске  түсіру»  теориясына  негіздей 
отырып,  қарама-қайшылықтарды  жеңуге  тырысады:  адамның  ӛлмес  жаны 
(оның саналы бӛлігі) эйдос әлеміндегі денемен бірлескенге дейін идеяларды 
«еске»  түсіреді.  Ол  нақты  шындыққа  бағытталған  жағдайда  танылады.  Осы 

жағдайда жан – идея әлемі мен зат әлемі арасында байланыстырушы ретінде 
қарастырылады.  
Платон  таным  теориясында  «диалектиканы»  пайдаланады,  яғни 
маңыздылығы туралы ілім, білім мен кӛзқарас арасындағы айырмашылықты 
анықтайды,  Эростың  жартылай  мифтік  бейнесін  танымды  байланыстыруды 
кӛрсетеді,  білім  мен  сезім  бӛлінбейтін  «махаббат  пен  шығармашылық 
демоны» болып табылады. 
Платон білімнің ұшар шыңына шығу жолын «пире» түрінде бейнеледі: 
Эрос байлық пен кедейшіліктің баласы ретінде (яғни білім және білімсіздік) 
ақылдылық  пен  надандықтың  арасында  тұрады.  Білімді  іздеудегі  жан  эйдос 
әлеміндегі  білімге  жоғары  махаббатпен  ұмтылады,  сонда  ғана  шындықты 
«еске» түсіреді. Платон «мемлекетте» Эростың Абсолютке және одан жерге 
қайтадан  қонатын  домен-байланыстырушы  қанаттарынан  шығатын  жанды 
тазалау  бұл  таным  екендігін  кӛрсете  отырып,  эристиканы  дамытады.  Бұл 
философтарға  қолайлы  танымның  орташа  жолы.  Білім  сезім  және  ақылмен 
бірігуі  керек.  Пирада  ол  А.Ф.  Лосевтің  анықтамасы  бойынша,  «қалыптасу 
бірлігі» деп кӛрсетілген.  
Философияда  даналылыққа  деген  махаббат  Платон  бойынша  бәріне 
бірдей болмауы мүмкін: білімі бар Құдай үшін философия қажет емес. Ол ӛз-
ӛзіне  сенімді  және  надандықты  да  қажет  етпейді.  Білімге  ұмтыла  отырып, 
саналы  түрде  философ  білімінің  жетілген  деңгейіне  ӛтеді,  яғни  білім  мен 
білімсіз  (байлық  және  кедейшілік)  арасында  тұратындар  толық 
жетілмегеннен толық жетілген білімге ұмтылуға тырысады.  
Платон  бойынша  таным  –  «анамнез»  яғни  «еске»  алудың  жалғыз 
формасы,  яғни  біздің  жанымыздың  терең  түкпірінде  орналасқан.  Кӛріп 
отырғандай, 
ойшылдардың 
гносеологиялық 
және 
онтологиялық 
кӛзқарастары жан түсінігімен, оның тылсым, мифологиялық кӛзқарастармен 
үндеседі.  Бӛтен  болмыстың  ашылуы,  категориалдық  аппарат  пен  таным 
әдістерін жасау объективті идеализм жүйесін құру осы кезеңді аяқтайды.  
Платон  шығармашылығының  үшінші  кезеңі  алдыңғы  идеяларды 
түсінуді  қайта  бағалау,  саяси  тақырыпқа  оралу,  мінсіз  мемлекет 
тұжырымдамасын  жасау  болып  табылады.  Мемлекет  туралы  ілімдер 
«Саясат»  және  «Заңдарда»  кӛрсетілген.  Жақын  және  алыс  секілді 
басқалардың  кӛмегін  қажет  ету  барысында  мемлекет  пайда  болады.  Платон 
қала-мемлекетті  құру  үшін  адам  мен  оның  қоғамдағы  орнын  соңына  дейін 
тануға ұмтылады.  
Платонның  мінсіз  мемлекет  үлгісі  бұл  қоғам,  оның  басында 
азаматтардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін  стратегиялық-әскерилерді 
басқаратын 
философ-басқарушылар 
мен 
жерді 
пайдаланушылар, 
қолӛнершілер,  саудагерлер  секілді  ӛндірушілерден  тұрады.  Қоғамның  үш 
қауымға  бӛлінуі  жан  туралы  іліммен  жанасады,  ол  да  үшке  бӛленді.  Бұл 
сандардың магиясы пифагорлықпен берілген. Философтарда жанның саналы 
бӛлігі жоғары, әскерилерде қуаты, шаруа, қолӛнерші, саудагерлерде жанның 
элементарлы  бӛлігі  мен  жоғары  сыныптарға  бағыну  қабілеттілігі  басым. 
Жанның сананы иеленуі мемлекетпен басқарылуы керек. 

 
 
3.5. Философиялық және ғылыми білімнің алғашқы жүйеленуі: 
Аристотель және перипатетика 
 
Аристотель  (б.д.д.  384-322  жж.)  –  Платонның  шәкірті,  олай  болса 
Сократ ӛзінің ұстаздары сияқты кез келген анық пікірдің әлсіз жері кімде-кім 
дефинитивті  философияның  түсіну  жолымен  жүрсе,  соны  әдейі 
шектейтіндікте екенін жақсы түсінді. Ол ӛзінің алдына ғылыми құралдарды – 
заңдар  мен  категорияларды  және  логиканы  қолдана  отырып  алға  қойған 
зерттеу мақсатына жететін әдіс түрін, білім қаруын табу мақсатын қойды.  
Аристототель  Платонның  және  Сократтың  жолына  және  ақиқатты 
іздеуде  ештеңе  кедергі  бола  алмайтынына  сенімді  болған.  Оның  «Платон 
маған  дос,  бірақ  ақиқат  маңыздырақ»  дейтін  сӛзі  бар.  Жан-жақты 
болғандықтан  Аристотель  ӛмірін  тек  философияға  арнамады.  Біз  белгілі 
болғандай, Сократ адам ӛміріндегі философия ӛмір сүру мәдениетіне жету 
екенін анықтады. Ӛз кезегінде Платон осы ойды алға тартады, санаға деген 
сүйіспеншілікті де ӛлтіріп алуға болады «Философия керемет, онымен адам 
жас  кезінде  тек  шектеулі  уақытта  айналысуы  керек,  себебі  мұнда  ұзақ 
тұрақтансаң  адам  ӛміріне  қауіп  ...  Сен  немен  айналыссаң  да,  ӛз  ісіңмен 
немесе  мемлекет  ісімен,  сен  ел-жұртқа  күлкілі  боласың,  мемлекетке  ісіне 
араласқан  мемлекеттік  күйеу  философиялық  әңгімелер  мен  кӛзқарастарға 
араласқаны  секілді»  дегені  бар.  Философиямен  күрделі  араласу  зиянды,  ол 
адамның жасаған істері мен ой-санасын түсіне алмағандарға зиянды. 
Аристотельдің  ӛмірі  мен  шығармашылығы  осылардың  айналасында 
болды.  Философиядан  басқа  ол  кӛптеген  әлеуметтік-ғылыми  және  тарихи 
зерттеулермен  айналысқан.  Ӛзінің  мектебін  құрды  (Ликей),  ол  Аполлон 
Ликей  храмының  маңында  орналасты.  Мұнда  оқушыларына  риторикадан, 
метафизикадан,  логикадан  сабақ  берді,  олармен  саябақта  қыдырып  жүріп, 
әңгіме құратын, сондықтан оларды «перипатетиктер» (қыдырымпаздар) деп 
атаған.  Бай  ғылыми  кітапхана  жинап,  жас  Александр  Македонскийдің 
тәрбиесімен  айналысты.  Кӛне  Грецияның  тарихында  орын  алған  басқару 
формалары жайында мәлімет жинап, оны бір жүйеге келтірді. Ӛзінің «иделды 
мемлекет»  жүйесін  құрастырды.  Сократтың  қатесін  жасай  жаздап,  құтылып 
кетті: саяси арпалыстар кезеңінде айыпталды, ӛлім жазасынан құтылу үшін, 
Афиныдан қашуға мәжбүр болды.  
Аристотельді (Стагирита) Еуропа мен Шығыста «Бірінші Ұстаз» деп 
атады.  Ол  ең  бірінші  болып  органикалық  синтездерге  және  феномендердің 
жүйесіне  негізделген  үлкен  ғылыми  антикалық  жүйені  құрды.  Сол  кезеңде 
болған  барлық  ғылымдарға  классификациясы  мен  бағасын  берді.  Онда  150-
ден  астам  философия  мәселелеріне  және  жаратылыстанудың  кейбір 
бӛлімдеріне арналған еңбектері бар.  
Аристотельдің  шығармалары  екі  топқа  бӛлінеді:  «экзотерикалық»  – 
диалог формасында құрылған және бәріне арналған және «эзотерикалық» – 
Ликей  мектебінің  оқушыларына  –  «перипатетиктерге»  арналып  жазылған. 

Аристотельдің  еңбегін  жинастырып,  жарыққа  шығарған  Андроник 
Родосский,  ол  оны  мынандай  тақырыптық  топтарға  бӛлді:  1)  Онтология 
сұрақтары  (протофилософия,  метафизика  және  т.б.);  2)  Жаратылыстану 
ғылымдары,  философия  табиғаты  («Аспан  туралы»,  «Жануарлардың  пайда 
болуы туралы», «Метеорология» және т.б.); 3) Этикалық, эстетикалық және 
саяси  еңбектері  қоғамтанудың  кейбір  бӛлігін  қамтыған;  4)  Логика  мен 
методология ғылымы.  
Аристотельдің  ӛзі  ғылымды  үш  бӛлікке  бӛлген:  1)  Теориялық 
ғылымдар,  сананы  іздеуге  арналған,  2)  Практикалық  ғылымдар,  моральдық 
білімді іздеуге арналған, 3) Продуктивті ғылымдар (қолданбалы)  – олардың 
мақсаты бір нәрсені ӛндіру. 
Бәрінен бұрын Аристотель метафизиканы– болмыс туралы ғылымды
сана  мен  болмыстың  бар-жоғын  зерттейтін  ғылымды  бағалаған.  Ол 
ғылымдардың  арасында  эмпирикалық  немесе  практикалық  мақсаттарды 
зерттемейді,  сондықтан  қашанда  еркін.  Аристотель:  «Барлық  ғылым 
адамзатқа қажет, бірақ бірде-біреуі бұдан аса алмайды», – деп айтатын.  
Ӛзінің  ғылыми  жұмыстарында  «болмыс»  категориясын  қолданады, 
Аристотельдің есептеуінше ӛзіндік ӛмір сүре білу «Ӛзіндік тұрақты ӛмір сүре 
білу,  осы  болмыстың  ең  басты  айырмашылығы».  Бұл  туралы  «Органон» 
еңбегінде жазған (Категория бӛлімінде).  
Аристотель  болмыстың  тӛрт  бірінші  себептері  бар  деп  санайды:  1) 
формальды (немқұрайлы) себеп; 2) материалдық себеп; 3) болатын себеп; 4) 
қорытындылайтын себеп. Алдыңғы екеуі, форма мен материя, олар мәңгілік 
ӛмірді  құрайды.  Аристотель  осы  екі  себептің  ӛзі  жетеді  ақиқатқа  деп 
есептеген.  Осылай  дей  тұра  ол  Платонның  болмыс  туралы  түсінігін  теріске 
шығарады,  болмысты  материядан  бӛлекке  шығарады.  Материя  элеаттардың 
артынан,  Платонмен  оны  формасы  жоқ,  пассивті,  сана  жететін  праматерия 
деп  түсінеді.  Потенциалды  болмыстан  нақты  болмыс  пайда  болды  –  шын 
ӛмір,  форманың  құрылуы  және  алғашқы  материя  қажет  болды.  Форма  – 
активті, потенциалды болмыс пен тӛрт алғашқы элементтерден тұрады  – от, 
ауа, су және жер (шын сезіммен қабылданатын ӛмір).  
Нақты  ӛмір  ауыспалы,  ол  қашанда  қозғалыста.  Оны  динамикадан 
қарастырғанда,  Аристотель  бұл  түсініктерді  нақты  (қозғалмалы)  және 
қорытындылаушы  (мақсатты)  себептер  деп  қолданады.  Болмысты  түсіну 
үшін  осы  себептерді  ұға  білу  керек.  Оны  мына  мысалмен  келтірейік. 
Осылайша  адамзат  осы  екі  мақсатты  қарастыра  отырып,  материяның 
бірлігімен  (дене)  және  форма  (жан)  бар  екенін  білді.  Оны  динамикалық 
жағынан  қарағанда,  «Ол  қалай  дүниеге  келді?»  деген  сұрақтарға  жауап 
береміз  (қозғалыс  себебі  –  ата-анасы,  бұрынғы  ӛмірі);  «Неге  ӛмір  сүреді?» 
(мақсатты,  қорытынды  себеп).  Органикалық  жағынан  қарастыру  осы  тӛрт 
негізді қарастырудан адам болмысын ашады.  
Аристотельдің  болмыс  концепциясының  басқалардан  айырмашылығы 
ӛте  зор,  әсіресе  платондық.  Мұнда  идеялар  әлемі  мен  заттар  әлемінің 
арасында үлкен айырма бар. Нақты болмыс форма мен материяның синтезі 
түрінде  кӛрініс  табады.  Олар  бір-бірінсіз  ӛмір  сүре  алмайды.  Олар  бір-

бірімен  тығыз  байланыста.  Осы  концепция  аясында,  жалқы  мен  жалпының 
қатынасы  қарастырылады,  Платон  мен  элеаттар  үшін,  Стагиритпен 
қарастырғанда, болмыстың екіжақты қатынасы қарастырылады.  
Аристотельдің «болмысы» жан-жақты. Оның сферасына сезім мен сана 
қатар  кіреді.  Болмыстың  барлық  түрі  құрылымды  түрде  субстанциямен 
байланысты. Субстанцияның ӛзі материядағы форма, яғни болмыс. Оның 
қатысты  қасиеттері,  кеңістік,  уақыт,  қозғалыс.  Материя  және  оның 
атрибуттары мәңгілік. Бірақ мәңгілігін не тоқтатады? Аристотель бойынша – 
бұл бастапқы  бастауышы,  бірінші қозғалысы,  қозғалыссыз  абсолютті  себеп, 
қозғалыс  себебі  –  Құдай,  яғни  тұрақты  субстанция,  таза  сана.  Сондықтан 
ӛмірдің басы да, соңы да жоқ.  
Аристотельде  байланыс  және  пішіннің  байланысы,  материялар 
шекарадан  тоқтайды,  әлем  шарын  қозғалтқыштан  немесе  Құдайдан 
алыстатады, ол үшін – бұл жоғары «таза» пішін – пішіні бұл қозғалмайтын 
қозғалтқыш  әлемдегі  белсенділік  пен  мәңгі  қозғалыстың  қайнар  кӛзі  болып 
табылады.  Жалғыз  ғана  белсенділіктің  болуы  («таза  пішінді»)  материяның 
ұмтылысы  мен  қалыптасу  керектігіне  бастама  береді.  Ал  бұл 
потенциалдылықтың  актуалдылыққа  кӛшуге  аса  қажетті  шарт.  Осымен, 
Құдай  –  пішінінің  пішіні  әлемнің  мақсаты  мен  әлемдік  процесі.  Бұл  үнемі 
ойландыратын шындық. Ой теориясының ойының бастамасы (ой жайындағы 
ой). Осындай заттың ойлауы ӛзіндік ойлау болып табылады.  
 Аристотельдің оқуында үлкен рӛл логикаға берліген. Бұл «аналитика» 
және  «силлогистика»  деп  аталады.  Қазіргі  замандық  логика  мен  байырғы 
замандық  логика  сӛзінің  мағынасы  бір-бірімен  үйлесім  таппайды. 
Аристотель  аналитиканы  ұғынудың  құралы  («органы»)  деп  атаған.  Басқаша 
айтқанда, Аритотельдің кӛзқарасымен логика (аналитика)түсінуцдің әдісі. Ол 
ӛзімен  ойлау  операциясының  тобы,  әр  зерттеуге  керекті.  Ол  «дұрыс 
ойлауды»  үйретеді.  Ойлау  процесіндегі  керағарлықтарды  болдырмауға 
үйретеді.  
Аристотельдің  логикасын  категориялық  құрылымға  негізделген  – 
тұрмыс  шындығы  он  ортақ  категория  арқылы  талданады.  Тұрмыспен 
байланысы бар «тұрмыс» түсінігіне ең жақын «болмыс» категориясы. Оны 
тұрмыспен  байланыстырады.  Бұл  –  «сапа»,  «сан»,  «қарым-қатынас», 
«орын»,  «уақыт»,  «іс-әрекет»,  «қиналу»,  «жағдай»,  «иелену».  «Болмыс» 
категориясы «зат деген не?» сұрағына жауап береді. Басқа тоғыз категория – 
«заттың  құрылымы  қандай?»  сұрағына  жауап  береді.  Шындық  –  бұл  ішкі, 
заттың  бӛлінбейтін  құрылымы,  ол  оны  басқалардан  ерекшеленеді.  Шындық 
ӛзгермейді, бӛлінбейді, сезімге бағынбайды.  
Логиканың  жұмысы  –  білім  алудың  ережесін  бекіту,  ол 
силлогизмнің ой қорытындылары мен дәлелдерінен алынады. Аристотельдің 
силлогистикасы  –  бұл  ой  қорытындылары  мен  дәлеледерінің  зерттеуі,  жеке 
және  ортақ  индукция  мен  дедукция  арақатынастарына  негізделген.  Бұл  – 
формальды  логика.  Логикада  Аристотель  тек  категориялық  аппаратын  ғана 
құрып қоймай, оның заңын да тапты. Олар тӛртеу:  
1. 
Теңдік заңы: зат ӛзіне-ӛзі тең (А=А); 

2. 
Қарама-қарсылық заңы: Біз бір зат жайында ғана айта алмаймыз, 
ол бір уақытта ӛзіне тең және тең емес, ол бар немес басқа (А=А және А емес 
А); 
3. 
Ерекшелік заңы: Біз бір зат бар екенін айта алмаймыз «А» немес 
«А емес». Үшінші ерекшілік: екі қарама-қарсы шындықтан 1 ғана дұрыс. 
4. 
Жеткіліктілік  заңы:  «А»  «А»  болғаны  үшін,  оған  керекті, 
жеткілікті дәлел керек.  
Дәлелділік  теориясында  басты  рӛлде  логика,  Аристотель  ғылыми 
зерттеудің  мақсаты  қажетті  және  баршаға  ортақ  деген.  Баршаға 
ортақтылығы  жеткіліктілік  арқылы  танылады,  бірлікті,  индивидуалды 
тұрмыс заттары сезім арқылы қабылданады. Платонға қарағанда, ол әлемдегі 
материалды  шындықты  және  субъективті  ойлаудың  қатысы  барын 
мойындаған.  
Түсінік  –  қарама-қайшылықты  кешіп  жатқан  процесс,  бұл  жеңілдің 
қиынға,  эмпирикалық  фактордан  теориялыққа,  сезім  сатысынан  шектеуші 
абстракцияға  айналуы.  Басқа  сӛзбен,  түсінік  жолы  –  сезуден,  елестетуден, 
тәжірибеден, еске сақтаудан, ӛнерден ғылымға дейін. 
Аристотель  мәңгі  әлемдік  тұрмыс  шындығын  идея  әлеміне  қарсы 
қоймайды.  Керісінше,  қарсылығын  ескертеді,  диалектикалық  бірлік. 
Стагирит 
бұлардың 
байланысын 
зерттеп 
шындық 
концепциясын 
қалыптастырды.  «Метафизикада»  ол:  «екінші  орынды  шындық  деп,  бірінші 
шындықтағы  түрлерді  айтамыз  деген».  «Категорияларда»  материя  –  бұл 
заттың болуы (индивидуалды тұрмыс). Мысал: ағаш – субстраты пішінді үй, 
ал  саз  (глина)  –  амфора  субстраты.  Тек  материялды  және  формалды  бастау 
субстракциялық  шындықты  жасайды.  «Бірінші  субстанция»,  шындық  –  ол 
индивид,  ал  форма  «екінші  субстанция»  болып  табылады.  Сол  уақытта 
«метафизикада»  Аристотель:  «Мен  тұрмыс  шындығын,  әр  затты  бірінші 
шындықты  бірінші  субстанцияға  жатқызамын»  деген.  Эмпирикалық 
тәжірибе  кӛзқарасынан  сезімді  түсіну  сатысы  «бірінші  шындық»  –  бұл 
индивид,  индивидуальды  тұрмыс  заты.  Бірақ  әрі  жеке  тұрмыс  затының 
формасы 
(екінші 
шындық) 
ол 
теориялық 
ойлау 
сатысында 
біріншісубстанцияны  анықтайды.  Басқа  сӛзбен  тұрмсы  материялының 
формасы  жерде  бірінші  саты  –  ортақ  тұрмыс  формасы,  ол  тек  жеке  ғана 
түсінік береді, потенциалды тұрмысты материяларды жасайды. Бұдан бірінші 
және  екінші  шындықты  жеке  қарағаннан  еш  пайда  жоқ.  Біріншілік  – 
екіншілік  шындық  жатқызуы.  Бәрі  қай  кӛзқарастан  классификацияланады  – 
эмпирикалық немесе теориялық, соған байланысты.  
Аристотельдің  «Саясат»,  «Никомахов  этикасы»,  «Үлкен  этика» 
трактаттарында мемлекет туралы ілімі баяндалады. Ол оның этикалық және 
ортақ  саяси  кӛзқарасы  мен  жан  оқуымен  тығыз  байланысты.  «Қоғам»  және 
мемлекет түсінігі Аристотель үшін бір мағыналы. Бұда таңғаларлық ешнәрсе 
жоқ. Мемлекет үшін индивид, индивид үшін мемлекет емес – осы заңмен 
ежелгі  гректер  ӛмір  сүрген.  Жеке  адамның  қайырымдалығы  мемлекет 
қайырымдалығымен  тең.  «Никомахов  этикасында»  Аристотель  «мемлекет 
тек  отбасылар  мен адамдардың  ӛмірлік  арақатынасының  пайда  болатынын» 

жазған.  Адам  табиғатынан  –  мемлекет пен саясаттың  тіршілік иесі:  «Кімде-
кім  бір  қоғамға  сіңе  алмаса,  ештеңені,  ешкімді  қажет  етпесе...  ол  хайуан 
немес Құдай».  
Мемлекеттің  тұрақтылығын  Аристотель  ортақ  мүддеге  жету  үшін 
біріккен  саяси  ортаның  адамдары  деп  түсінді.  Мемлекет  билігінің 
формаларын  осы  тұрғыдан  сараптай  келе,  ол  оның  «дұрыс»  және  «бұрыс» 
деген  бӛлімдерге  бӛлді.  Біріншісіне  қатыстылар  монархия,  аристократия 
және полития (демократиялық пен олигархиялықтың «орта» жолы, биліктің 
мынандай  түрі,  қолданыс  қызығушылығымен  кӛпшіліктің  билеуі,  саясатта 
жоғары  билікті  қолданатын  тұлғалар  қаруды  қолдану  құқы  бар,  себебі 
барлығының  ортасында  жақсылықты  жасаудың  деңгейі  дәл  соларға  тән) 
бұрыс 
– 
тирания 
(монархияның 
деформациялануы), 
олигархия 
(аристокртиялық 
деформациялану), 
демократия 
(саясаттың 
деформациялануы  яғни  халықтың  тиісті  қамтамасыз  етуінен  бӛлек  билігі). 
Биліктің бұрыс формалары мемлекеттегі күш пен жақсылық жасаушылардың 
теңдігін бұзады. Олар азаматтардың шынайы, керемет мүддесін қамтамасыз 
ете  алмайды.  Бұл  түйінді  Аристотель  ӛз  кезінде  ӛмір  сүрген  мемлекеттік 
биліктің  түрлерін  қарама-қарсы  қойып,  нақты  зерттеулерден  кейін  жасады. 
Аристотельдің  мектебінде  грек  қалаларының  конституциясы  жүйелі  түрде 
зерттелді және олардың саны небәрі 158 болғаны туралы ақпарат бар. Біздің 
кезеңімізге  келсек  «Афиналық  полития»  (Ф.А.  Асмус  «Антикалық 
философия». 1976, 383 бет). 
Аритотельдің  пікірі  бойынша,  ол  үшін  Грекияның  «мемлекет 
құрылымының басты түрлері, соған қарағанда, демократия  мен  олигархия 
болып  табылады,  сол  сияқты,  екі  желдің  басты  образы  –  солтүстік  пен 
оңтүстік,  ал  қалғанына  осы  екеуінен  болған  оқытушылық  ретінде  қарайды 
деп  айтады.  Аристократияны  қайсібір  олигархия  деп,  ал  былай  аталмыш 
политияны  –  демократия...»  деп  ойлайды.  Ол  биліктің  ең  күшті  формасы 
полития болуы мүмкін, ӛйткені соған орай билік «ортақ элементтің» ӛте бай 
да  емес,  ӛте  кедей  де  емес  азаматтардың  қолында  болып  табылады  дегенге 
сүйенеді.  
Мемлекет азаматтардан басқарушылықтан, оларсыз қоғамның жағдайы 
мәз болмасын ұғынып, белсенді түрде орналасуын талап етеді. Оның мақсаты 
–  адамдар  арасындағы  қарым-қатынастың  ақырынан  алшақтау  –  себебі 
шектен тыс байлық немес кедейлік, шектен тыс саяси билік немесе кӛпшілік 
билігінен  қатынаста  болу.  Саясатта  Аритотель  мемлекеттің  тұрақты 
құрылымын  жалғыз  осындай  теңдік  сонымен  қатар  әрбір  адам  ӛзіне 
қажеттісін лайықты қолданылатынын белгілейді.  
Аритотельдің  пікірінше  мінсіз  мемлекет  барлық  жағынан  белгілі  бір 
талапқа сай болуы тиіс, яғни халық кӛп немесе аз болмауы тиіс, негізгі бӛлігі 
орта  буын  халқы  болуы  және  тым  бай  немесе  тым  кедей  халық  болмауы 
керек.  Белгілі  бір  нәрсе  ӛндіру,  жер  мен  құлға  жеке  меншік  болуы  тиіс. 
Саясатта  осындай  мінсіз  мемлекет  концепциясын  жүргізу  арқылы 
Аристотель  Платонның  еңбектеріне  сынмен  қарап,  оның  негізгі  қажеттілігі 
мүлікті  ортақ,  яғни  қоғамдық  болжауы  деп  тұжырымдайды,  яғни 

жауынгерлер  үшін  әйелдер  мен  балалары  ортақ  деуін  «егер  мүліктер  ортақ 
болса,  онда  тіршілік  жасау  мүмкін  емес,  яғни  жанұя  мен  мемлекеттен 
бағыныштылық  бірлікті  талап  ету  мемлекеттің  түбіне  жету»  деп 
тұжырымдады.  
Мінсіз  мемлекет  концепциясын  Аристотель  қарапайым  антикалық 
полис  тұрғыны  сияқты  уағыздады.  Ол  мемлекет  табиғатын  жанұя 
табиғатынан  жоғары  қойды  және  ұраны:  «бүтін  нәрсе  бір  бӛліктен  бастау 
алады». Тек қана бүтін нәрсе пәк, таза болса ғана, оның бӛліктері де пәк, таза 
болады.  Аристотель  бойынша  керемет  мемлекеттің  басты  мақсаты  –  азат 
туылғандары  үшін  (басқарушы  буынға)  мүмкіндіктерін  пайдалану  құқығын 
беру. Тек ӛз мүмкіндігін пайдаланғандар ғана шынайы қайырымдылық және 
қайырымсыздылыққа жақын нәрсе жасауға мүмкіндік алады. 
 «Никомахов  этикасында»  Аристотель  әркімнің  ӛз  мүмкіндігін 
пайдалануды әдептілік идеясымен теңестіреді. Бұл тақырыптан біз автордың 
әркімнің  ӛз  мүмкіндігін  пайдалануды  ақылмен  шығармашылық  танымдық 
мүмкіндігін пайдалану деп түсіндіреді (Никомахов этикасы X, 7, 118 а.7). Ол 
ӛз шығармаларында адамның  ӛз  ӛміріндегі  негізгі  кӛздегені ләззатқа бату 
емес, рахатқа бӛлену деп жазады. Рахатқа адам әртүрлі ойын-сауықпен емес, 
шығармашылық  еңбегі  қанағаттандыру  арқылы  жетеді  деп  түсіндірді. 
Сондықтан  рахатқа  бӛлену  –  қайырымдылық  жасаумен  тең.  Яғни  адам 
рахатқа  тек  қана  ӛз  мүмкіндіктерін  пайдаланумен  жетеді,  ал  ол  арқылы 
қайырымдылық  істерге  бел  буады.  Осындай  ӛмір  адам  үшін  басқа  ӛмірден 
әлдеқайда  мәнді  деп  ой  түйеді  Аристотель.  Бірақ  ақыл-оймен  ӛмір  сүру 
«адамға тән, ӛйткені адамды адам қылған ақыл» (сонда X, 7, 118 а.7).  
Аристотель  «антикалық  адам  этикасына  идеясының  жоғары  шыңын 
шындықты теориялық түрде дәлелдеуі» деп ой түйеді және мүмкінділіктерін 
пайдалану  ғана  философиямен  айналысуға  алғышарттар  жасайды  деп 
жазады.  
Аристотельдің оқуы – бұл антика философиясының шыңы, себебі оның 
философия  оқуы  одан  кейінгі  кӛптеген  философияларға  негіз  қалаған 
әмбебап  философия.  Оның  шығармашылығы  тек  қана  теориялық  жағынан 
ғана  емес,  тарихи  жағынан  да  құнды.  Ӛзінің  барлық  зерттеулерінде 
теориямен  қоса  ол  грек  қоғамының  қарапайым  жағдайын  суреттейді.  Оның 
еңбектерімен таныса отырып біз ӛте ақылды пікірлес адаммен ежелгі заманға 
саяхат жасаймыз.  
  
3.6. Эллинистік дәуірінің философиясы (киниктер, эпикурейлер, 
стоиктер, скептиктер) 
 
Александр  Македонский  жаулап  алғаннан  кейінгі  б.д.д.  IV  ғасырда 
эллинизм  дәуірі  басталады.  Бұл  кезең  кӛне  Грекияда  кӛптеген  әлеуметтік 
ӛзгерістерге  ұшырайды.  Александр  Македонскийдің  жорығы  Грекияны 
ойсыратып  кетті,  экономикалық  және  саяси  ӛмірін,  қалаларын,  грек 
ӛркениетін.  Ежелгі  Грекияның  мемлекеттік  құрылысының  дағдарысы 
эллинистік  дәуірде  айқындала  түсті.  Грекия  полистері  ӛз  тәуелсіздіктерін 

жоғалтып,  алдымен  Македонияның,  одан  соң  Римнің  ықпалына  түседі. 
Александр Македонскийдің жорықтары Шығысты эллинизациялауды бастап, 
эллинистік  монархияларды  қалыптастырды.  Табиғат  ӛз  заңдылығымен 
дамиды,  Құдайлардың  араласуынсыз  дамиды.  Мемлекет  биліктің,  саяси 
араласудың  мақсаты  адамдардың  ӛзара  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету, 
олардың ӛзара үрейленуін жеңуі, бір-біріне зиян келтірмеуі дейді.  
Мұның бәрі философиядан орын тапты, скептицизм, индивидуализм, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет