Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Мұғалжар аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Қандыағаш қаласы нр.4 қазақ орта мектебі
Бекітілді
Мұғалжар аудандық білім,
дене шынықтыру және спорт бөлімі
2013жылғы «__» ______________
№_____________ бұйрығымен
Б А Ғ Д А Р Л А М А
«Қызықты математика»
3,4 - кластар
Қандыағаш 2013 жыл
Қандыағаш қаласы
нр.4 қазақ орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Г.А.Турабаеваның
«Тіл дамыту» бағдарламасына
Пікір
Бағдарламада бастауыш мектеп буынының 3-класс оқушыларының ақыл-ойын, тіл байлығын дамыту, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру, тапқырлыққа баулу, танымдық шығармашылық қабілетін жетілдіру, сөздік қорларын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту мақсаттары көзделген.
Берілген тақырыптар мазмұны 3-класс оқушыларының үздіксіз дамуын, дүниетанымын кеңейту, жеке бас ерекшеліктерін ескеру, оқу - танымдық әрекеттерін дұрыс қалыптастыру ескеріліп дайындалған.
Мәтінді оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу, әр сөздің мағынасын ұғыну, сонымен бірге баланың өздігінен ізденуі дамудың бірде - бір жолы.
Оқушылардың өздігінен жұмыс атқаруына мүмкіндіктер беріледі, шығарма жазу, өлең құрастыру, сурет бойынша әңгімелеу, жұмбақтар шешу, әдеби жанрларды таңдау, балалар әдебиет үлгілеріндегі кейіпкерлерге мінездеме беру, жоспар құру, шығармаларды толықтырып құрастыру, басылымдарды пайдалана алу оқу барысында жүргізіледі.Оқушылар өз бетінше жұмыс жасап, нәтижесін талдап, өзін – өзі бағалап үйренеді.
Бастауыш буын оқушыларының ақыл-ойын, әдеби сауатын дамытуда, ізгілікті-елжанды дара тұлға тәрбиелеуде бағдарламаның көмегі зор.
Мұғалжар аудандық білім,
дене шынықтыру және
спорт бөлімінің
бастауыш кластар бойынша әдіскері: Ж.Ж.Айтбаева
Қандыағаш қаласы
нр.4 қазақ орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Г.А.Адылханованың
«Қызықты математика»
бағдарламасына
Пікір
Бағдарлама балалардың ақыл-ойын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, зейінін, әрекетін бақылау, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру, тапқырлыққа баулу, ойлануға , талдау жасауға үйрету, танымдық, шығармашылық қабілетін жетілдіру мақсаттары көзделген.
Қазіргі кезде білім сапасы мен оқушылардың жеке басының қабілетін дамыту қай кездегіден де өткір қойылып отыр. Ол үшін мұғалім оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану қажет. Осы жоғарыда айтылған талаптарды ескеретін болсақ математикаға қосымша «Қызықты математика» бағдарламасын ұсынуға болады.
Есеп оқушылардың логикалық ойлау, кеңістікті елестету, жеке бас қабілеттерін дамытуға бірден-бір себепші болатын басты құрал болып табылады.
Бағдарлама балаларды жаттанды түрде оқымай, нақтылы заттардың тобын немесе олардың суретін практикалық тұрғыдан пайдаланып, жұмыс істей алады, есептеу тәсілдерін дауыстап айтуға үйренеді.
Оқу сапасын арттырып, ой-өрісін, қиялын дамыта түседі.
Әр оқушы өзіне тән қарқынмен алға жылжиды, бағдарлама талаптарға сай дайындығының болуы жүзеге асырылады. Жалпы алғанда математиканы оқытудың әдістеріне ерекше мән берудің қажеттілігін сезінуге мүмкіндік береді.
3,4-класс оқушыларының ақыл-ойын, ойлау қабілетін дамытуға бағдарламаның көмегі зор.
Мұғалжар аудандық білім,
дене шынықтыру және
спорт бөлімінің
бастауыш кластар бойынша әдіскері: Ж.Ж.Айтбаева
Курс бағдарламасының негізі
«Математикалық ойындар», «Логика», «Тереңдетілген математика», «Қызықты математика» бағдарламасы.
Мұғалжар аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастауыш кластар бойынша әдіскері: Ж.Ж.Айтбаева
Құрастырған бастауыш класс мұғалімі: Г.А.Адылханова
Қандыағаш қаласы нр.4 қазақ орта мектебінің бастауыш кластар бойынша бірлестік отырысында «Қызықты математика» бағдарламасы талқыланды.
Хаттама № «___» _____________ 2013ж
Қандыағаш қаласы
нр.4 қазақ орта мектебінің
директоры: Е.Ә.Шымқаев
Мұғалжар аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің
сараптау отырысында «Тіл дамыту» бағдарламасы мақұлданды.
Хаттама № «___» _____________ 2013ж
Сараптау комиссиясы ________ _______________
(қолы) ( аты-жөні )
Қандыағаш қаласы
Түсінік хат
Әдебиеттік оқу оқулығы негізге ала отырылып жасалған бағдарлама.
«Тіл дамыту» бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыда жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани- мәдени құндылықтар және тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Білім мазмұнының тақырыптары оқушының дүниетанымын арттыратын және айнала қоршаған дүние туралы дұрыс көзқарасын қалыптастыратын, оның тұлға ретінде өсіп-дамуын қамтамасыз ететін мәселелерді қозғайды.
Адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді.
Түсінік хат
Математика оқулығын негізге ала отырып жасалған бағдарлама.
Бастауыш сыныптар математика мектептің негізгі сатысындағы математика курсының ажырамас бөлігі. Оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі сатысына оқуын сапалы жалғастыру үшін дағдыларды қалыптастыруды қажет етеді.
Бастауыш сынып математика мәтінді есептерді орындау ең қиын, әрі күрделі мәселе, сондықтан да бастауыш сынып мұғалімдеріне «есеп» термині орындалуға тиісті, пайымдау, есептеу, салыстыру, тексеру арқылы орындалатын жаттығу екендігін ескеру өте маңызды.
Есепті шығару арқылы оқушылардың танымдық қабілеті артады. Оқу сапасын арттыру, ой-өрісін, қиялын дамыта түседі.
Әр оқушы өзіне тән қарқынмен алға жылжиды. Бағдарлама талаптарына сай дайындығының болуы жүзеге асырылады. Жалпы алғанда математиканы оқытудың әдістеріне ерекше мән берудің қажеттілігін сезінуге мүмкіндік береді.
Есептің әр түрлерін шығару дағдыларын қайталауға, әртүрлі тәсілдерді қолдана білуге, теңсіздіктер құрастыру және шығаруға, оқушының тақырыпты қаншалықты жақсы меңгергенін анықтауға тигізер көмегі зор.
Білім мазмұнының тақырыптары оқушының дүниетанымын арттыратын және айнала қоршаған дүние туралы дұрыс көзқарасын қалыптастыратын, оның тұлға ретінде өсіп-дамуын қамтамасыз ететін мәселелерді қозғайды.
Адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді.
Мақсаты – балалар әдебиетінің шығармаларын оқыту, оқырмандық мәдениетке баулу, дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін, тіл байлығын дамыту, өз шығармашылығын жетілдіру, белгілі бір нәтижеге жетуге, ұжымдық мақсатқа бағынуға, үлкендер мен балалар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға, ұлттық және рухани-адамгершілік тәрбие беру.
Міндеттері:
- оқу сапасын жетілдіру;
- тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу;
- сауаттылыққа баулу және әдеби тілде еркін сөйлеуді меңгерту;
- тұлғалық оқырмандық мәдениетін қалыптастыруда ана тілінде ауызша дұрыс сөйлеу, өз ойын анық, нақты баяндау білігі мен дағдысын қалыптастыру ;
- тіл байлығын арттыру;
- қазақ және әлем балалар әдебиетімен таныстыру;
- жанр түрлерін үйрету;
- шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру;
- елжандылық – отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке, салауаттылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
- ауызекі сөйлеу тілі дамиды;
- оқу шапшаңдығы артады;
- әдеби тілде еркін сөйлеуді меңгереді;
- шығармашылық қабілеттері дамиды;
- тұлғалық оқырмандық қабілеті қалыптасады:
- өз ойын анық, нақты баяндау білігі мен дағдысы артады;
- жанр түрлерін меңгереді;
- елжандылық-отансүйгіштікке, салауаттылыққа тәрбиеленеді;
- жаңа сөздерді меңгере алады.
Тіл дамыту 3-класс
І жартыжылдық
№
|
Сабақтар тақырыбы
|
Сағат саны
|
Мақсаты
|
Пайдаланған әдебиеттер
|
1
|
М.Жұмабаев. Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме
|
1
|
Өлеңді мәнерлеп оқуға жаттықтыру, әрі ойын жуйелі жинақтап сөйлеуді үйрету.
|
Әдебиеттік оқу хрестоматиясы
Алматыкітап
|
2
|
Ә.Шынбатыров. Талапты
|
1
|
Ақын өлеңіндегі тақырып пен идеяны ашуға мумкіндік жасау; қазақ тілі пәнімен байланыстыру
|
Әдебиеттік оқу хрестоматиясы
Алматыкітап
|
3
|
Ә.Балта. Кітап оқудың пайдасы
|
1
|
Мәтіндегі негізгі ойды ашып, кітап туралы түсініктерін кеңейту
|
Әдебиеттік оқу хрестоматиясы
Алматыкітап
|
4
|
Ы.Алтынсарин. Кел,балалар,оқылық !
|
1
|
Ы. Алтынсарин туралы білетіндерін тиянақтай түсу .Өлеңді мәнерлеп оқуға жаттықтыру
|
Ы.Алтынсарин
Таза бұлақ
|
5
|
Ә.Табылды. Күздің кереметі
|
1
|
Мәтін мағынасын ашу. Шығармашылығын дамыту. Күз мезгілінің ерекшелігін ұғындыру.
|
Әдебиеттік оқу хрестоматиясы
Алматыкітап
|
6
|
А.Хамзеұлы. Сабақтан кешіккен Уали
|
1
|
Мәтінді дұрыс түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, мағынасын ашу
|
Әдебиеттік оқу хрестоматиясы
Алматыкітап
|
7
|
Тыйым сөздер
|
1
|
Әдебиеттегі ұлттық салт-дәстүрімізге енетін тыйым сөздер туралы мағлұмат беру
|
Асыл сөз» жинағы
|
8
|
Ә.Табылды. Дақылдар әні
|
1
|
Дақылдар қасиетімен таныстыру.
|
Әдебиеттік оқу
Алматыкітап
1-бөлім
|
9
|
Ө.Бөкей. Анна апайдың бақшасы
|
1
|
Мәтін мағынасын ашу. Шығармашылығын дамыту.
|
Әдебиеттік оқу
Алматыкітап
1-бөлім
|
10
|
Т.Алшынбаев. Құсқанаты
|
1
|
Табиғат көрінісімен, құстар тіршілігімен таныстыру.
|
Әдебиеттік оқу хрестоматиясы
Алматыкітап
|
11
|
М.Сәрсеке. Туған жердің тасы да танымал
|
1
|
Қ.Сәтбаев туралы білімдерінің кеңеюне жағдай жасау.
|
Әдебиеттік оқу
Алматыкітап
1-бөлім
|
12
|
М.Әлімбаев. Әлихан Бөкейханов
|
1
|
Мәтін мазмұнын түсін-діру, шығармашылығын дамыту.
|
Әдебиеттік оқу
Алматыкітап
1-бөлім
|
13
|
С.Мұқанов. Көкшенің кеудесінде
|
1
|
Көкше табиғаты туралы түсінік беру.
|
Әдебиеттік оқу
Алматыкітап
1-бөлім
|
14
|
Мақал-мәтелдер
|
1
|
Халық ауыз әдебиетінің бір түрі мақал-мәтелдер туралы мағұлмат беру.
|
Сейіт Кенжеахиетұлы . Жеті қазына
|
15
|
М.Шаханов Желтоқсан тағылымы
|
1
|
Мұхтар Шаханов туралы түсінік қалыптастыру, тәуелсіздігіміз жайында әңгімелеу .
|
Әдебиеттік оқу
Алматыкітап
1-бөлім
|
16
|
Б.Ысқақов. Достық космодромы
|
1
|
Өлең мазмұнын түсіндіре отырып,Байқоңыр туралы мағлұмат беру.
|
Әдебиеттік оқу
Алматыкітап
1-бөлім
|
Тіл дамыту 3-класс
ІІ жартыжылдық
№
|
Сабақтар тақырыбы
|
Сағат саны
|
Мақсаты
|
Пайдаланған әдебиеттер
|
1
|
Ш.Мұртаза. Бала Тұрар
|
1
|
Әңгімені оқытып, мәтін мазмұнын түсіну арқылы оның идеясын ашуға жағдай жасау
|
Әдебиеттік оқу
Алматыкітап
1-бөлім
|
2
|
Абай мен Әбіш
|
1
|
Әңгімедегі Абай мен Әбіш туралы оқушыларға түсіндіру
|
Әдебиеттік оқу
Алматыкітап
2-бөлім
|
3
|
Ж.Құлиев. Әбілмансұр
|
1
|
Мәтін мазмұнын түсіндіру, Абылай туралы кеңірек түсінік беру.
|
Әдебиеттік оқу
Алматыкітап
1-бөлім
|
4
|
Шешендік сөздер
|
1
|
Шешендік сөздер туралы түсінік беру.
|
Асыл сөз» жинағы
|
5
|
Жиренше шешен
|
1
|
Қазақ халқының сөзге шешен тұлғалары туралы түсінік қалыптастыру, шешендік сөдер туралы білімдерін толықтыру.
|
«Аңыз адам» журналы,2011 ж
|
6
|
Жетеліге жеті өсиет
|
1
|
Өсиет туралы түсінік беру, ой-өрістерін кеңейту
|
Әдебиеттік оқу хрестоматиясы
Алматыкітап
|
7
|
Ұшқыр ой мен шешен тіл (интеллектуалды ойын-сайыс сабақ)
|
1
|
Ойын арқылы сөздік қорларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту
|
Бастауыш сыныпта оқыту барлық пәндер бойынша журналы
|
8
|
Қ.Баянбай. Жақсы мен жаман
|
1
|
Өлеңді мәнерлеп оқуға жаттықтыру, әрі ойын жуйелі жинақтап сөйлеуді үйрету
|
Әдебиеттік оқу
Алматыкітап
2-бөлім
|
9
|
Ө.Тұрманжанов«Сіз», «біз» деген жылы сөз
|
1
|
Өлеңді мәнерлеп оқуға жаттықтыру, әрі ойын жуйелі жинақтап сөйлеуді үйрету.
|
Әдебиеттік оқу
Алматыкітап
2-бөлім
|
10
|
Өтіріктің залалы
|
1
|
Мәтінді дұрыс түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру; көл айналасындағы табиғат көрінісімен таныстыру
|
Балдырған журналы
|
11
|
Қ.Мырза Әли. Тоқымқағар
|
1
|
Әңгімені оқытып, мәтін мазмұнын түсіну арқылы оның идеясын ашуға жағдай жасау
|
Әдебиеттік оқу
Алматыкітап
2-бөлім
|
12
|
Жаңылтпаштар
|
1
|
Жаңылтпаштарды жатқа білу мүмкіндіктерін арттыру
|
Жаңылтпаштар жинағы
|
13
|
Ертегілер
|
1
|
Ертегі түрлерін таныс-тыру арқылы, ертегінің компазициясын анықтай алуға үйрету
|
«Ол кім, бұл не?» энциклопедиясы
|
14
|
Ы.Алтынсарин. Таза бұлақ
|
1
|
Оқушыларға «Таза бұлақ» мәтінін түсіндіру;
Ы. Алтынсарин туралы білетіндерін тиянақтай түсу
|
Ы.Алтынсарин
Таза бұлақ
|
15
|
Құстардың ұя салуы (ертегі)
|
1
|
Ертегі мазмұнын тусініп оқуға, идеясын ашуға және өткен сабақтармен байла-ныстыра отырып, ертегі ерекшелігін байқауға мумкіндік беру
|
Ертегілер жинағы
|
16
|
Ы.Алтынсарин. Асыл шөп
|
1
|
Әңгіменің мазмұнын ашу, автордың ойын ұғындыру, дүниетанымдарын кеңейту
|
Ы.Алтынсарин
Таза бұлақ
|
17
|
Жол жоқ жерден жол тапқан Алдаркөсе
|
1
|
Алдаркөсе туралы білетіндерін жинақтау, қосымша мағлұмат беру
|
Әдебиеттік оқу хрестоматиясы
Алматыкітап
|
18
|
Ж.Әбдіраш. Жазғы тілек
|
1
|
Автордың жаз мезгіліндегі ерекше суреттеген көріністерін түсіндіріп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру
|
Әдебиеттік оқу хрестоматиясы
Алматыкітап
|
Сабақтың тақырыбы: Әлихан Бөкейханов
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға туған жердің азаттығы мен бостандығы
үшін жанын пида еткен, Алаш партиясының жетекшісі
болған Әлихан Бөкейхановтың өмірімен таныстыру.
Дамытушылық: Өлеңді мәнерлеп оқуға және танымдық білімдерін
арттыру, ой-өрісін жан жақты жетілдіру. Сөздік қорын
байыту. Қорытынды жасау дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік:Оқушыларға қазақтың мақтанышын үлгі ету. Отанын
туған жерін сүйетін жас ұрпақты тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: сызба, портрет, ақпарат парақшасы, интереактивті тақта.
Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой толғаныс.
Сбақтың барысы: І Ұйымдастыру
Психалогиялық дайындық
Тәртіп, талғам, тәрбие, Ғылым , білім кімде көп,
Үлкендерден аламыз. Соған ұқсап бағамыз.
Қанат бойлап қиялға, Сағат санап өсуде,
Тұлпар мініп шабамыз. Ақыл, ой мен санамыз.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1.Мәтінді оқу
2.Әңгімелеу
3.Сұрақ-жауап
ІІІ Үй тапсырмасын бекіту
Баланың ағаш томарынан жасағаны не?(домбыра)
Мәтіндегі батыр кім? (Махамбет Өтемісұлы)
Әңгімедегі жас қойшы кім деп білесің? (Құрманғазы Сағырбайұлы)
Қабырғаң әлі қатпаған, томағаң әлі толмаған деген сөз қандай мағынады айтылған?
(әлі жассың)
ІҮ Топтастыру
І топ ІІ топ
ақын
Күйші
өжет жыршы
сазгер күй өз ұлтын ойлаған батыр ақын
атасы ақылды адам
ІІІ топ
Адай Қайран шешем
Алатау
Дина Тәттімбет Қорқыт Сүгір Балбырауын Сарыарқа Кішкентай
Достарыңызбен бөлісу: |