идентификациялау үшін микроскопиялық
және культуральды
зерттеулер жүргізіледі.
Ажырату диагнозын тырнақтың жарақаттық зақымдалуымен,
псориазбен, экземамен, қызыл тегіс теміреткімен, Рейтер
ауруымен, онихопатиялармен; аяқ-қол бастарында байқалса –
экземамен, туа болған гиперкератозбен жүргізіеді.
Емі.
Шамалы білінетін түрі.
Кез-келген дәрілер түрін
қолдануға болады:
құрамында экзодерил, ламизил, кетоконазол
47-сурет. Қол басының
онихомикозы
(тотальды түрі)
а
б
в
48-сурет. Аяқ басының онихомикозы:
а – тотальды түрі; б – онигрифоз; в – онихолизис
(низорал), циклопирокс (батрафен), бифоназол, нафтифин,
фунготербин,
залаин бар ертінділер, спрейлер, кремдер,
жақпамайлар.
Препараттарды күніне 1 рет тазалап, кептірілген теріге
жағады, емдеу ұзақтығы орта есеппен 2 апта құрайды.
Ертінділерді, кремді және жақпамайларды кекзектестіріп
қолдануға болады.
Изоконазол, эконазол, циклопирокс,
ундацилен қышқылы,
миконазол сияқты антимотикалық дәрілерді клиникалық
көріністері жойылып кеткенше күніне 2 рет қолданады, содан соң
емді 1-2 аптаға жалғастырады, бірақ оларды күніне 1 рет
қолданады.
Сквамозды-гиперкератотикалық
түрі.
Мүйізделген
қабаттарды жою үшін табанға 5, 10 немесе 15% салицил
вазелинін тәуілігіне 1-2 рет (түнге май сормайтын қағаз астына)
мүйізді масса толық жойылып кеткенше қолданады.
Ариевич бойынша сылып алу тиімдірек: ауруханада 2 тәуілік
бойына табанға (үйде емделсе 4-5 күн қатарынан түнде жасайды)
жылытқыш астына құрамында 12 г салицил қышқылы, 6 г сүт
қышықылы және 100 г дейін вазелин бар жақпамайды жағады.
7 күн бойна таңертең және кешке табанға жағатын сүтті-
салицилді коллодий (сүт және салицил қышқылдары – 10
граммнан, 100 граммға дейін колодий) ыңғайлы,
содан кейін
түнге қарай жылытқыш астына 5% салицил вазелинын, ертеңгісін
аяғына сабынды-содалы ванна жасайды; сылынған эпидермисті
пемзамен қырып тастайды. Одан әрі жоғарыда көрсетілген
антимикотикалық кремдерге, жақпамайларға ауысады.
Интертригинозды түрінде – спрей ламизил, травокорт,
мырышты паста қолданылады. Баздану,
мацерация жойлып,
жарықтар эпителизацияланғаннан кейін, әдетте, сыртқы әсерлі
саңырауқұлаққа қарсы дәрілер (экзодерил, ламизил, циклопирокс-
батрафен және басқалар) қолданады.
Аяқ
басы
терісінде
жедел
қабыну
көріністерінде
(дисгидротикалық түрі, жедел түрі) экземадегідей жүргізеді.
Гипосенсибилизациялық ем ретінде келесілердің бірін қолданады:
кальций хлориді (10%), натрий тиосульфаты (30%) көктамырға,
кальций
глюконаты
(10%)
бұлшықетке;
антигистаминді
препараттар (хлоропирамин – супрастин, мебгидролин –
диазолин, кетотифен – задитен, цетиризин,
лоратадин,
дезлоратадин және бесқалар).
Сыртқа қолданылатын дәрілік заттардан бор қышқылы (2%),
резорцинол (2%), күміс нитраты (0,25%), 0,01% мирамистин
және
басқалар
қолданады;
бактериальды
инфекциялар
қосарлағанда 1: 6000 калий пермманганат ертіндісімен, содамен
(200 мл қайнаған суға 1 ас қасық сода салады) ванна жасайды.
Қабықтарды алып тастап, көпіршіктерді
стерильді қайшымен
жарып, зақымдалған ошақтарды метилен көгінің сулы немесе
бриаллиант көгінің (1%) ертіндісімен өңдейді. Содан соң
нафталанмен 3-5% АСД қолданады. Ламизил спреясын қолдануға
болады. Саңырауқұлаққа қабынуға қарсы және (немесе)
антибактериальды әсері бар басқа да дәрілерден қолдану тиімді
деп есептеледі: травокорт, травоген, пимафукорт, 1% экзодерил
кремі, 1% ламизил кремі, банеоцин (ұнтақ, жақпамай) және
басқалар.
Достарыңызбен бөлісу: