емшекпен тамақтандыру баланың толық жазылып кетуін
қамтамасыз етеді. Кеш туа
болған сифилисте мерзімінде
басталған емнің тиімділігі жоғары, бірақ РИБТ және РИФ ұзақ
уақыт оң нәтижелі болып қала беруі мүмкін.
Алдын алуы
.
Нұсқауларға сәйкес әйелдер кеңестік
емханалары барлық жүкті
әйелдерді есепке алып, оларды
клиникалық және серологиялық зерттеулермен қамтамасыз етеді.
Сифилиске серологиялық зерттеулер екі рет жасалады –
жүктіліктің бірінші және екінші жартысында. Жүкті әйелдерде
сифилистің активті немесе жасырын түрлерін анықтағанда тек
қана антибиотикпен емдейді.
Егер әйел сифилиспен ертеде
ауырып, сифилиске қарсы емді аяқтаған болса да, жүктілік
кезінде арнамалы алдын алу емін, дені сау баланың туылуын
қамтамасыз ету үшін, міндетті түрде жүргізеді. Босанудан 1-2
апта бұрын арнайы емес серологиялық
реакциялар жалған оң
нәтижелі болуы мүмкін. Бұндай жағдайда жүкті әйелге арнайы ем
тағайындамайды, ал босанғаннан кейін 2 апта өткесін анасын
тексеруді қайталап жүргізіп, баланы ұқыпты зерттейді. Сифилис
диагнозы дәлелденсе сифилиске қарсы ем тағайындайды. Анасы
ауырған, жүктілікке дейін және жүктілік
кезінде ем алған
нәрестелер 15 жыл бойына бақылауда болып, ұқыпты зерттеулер
жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: