тығыздалып, мықты инфильтраттар пайда болады.
Олардың беті қарайып (гемосидероз), шекаралары бұзылып,
біртіндеп сау теріге ауысады. Кеңейген
тер және май бездерінің
шығару өзектері инфильтратқа апельсин қабығы түсін береді.
Процесс барысында өзіндік терімен бірге тері асты шел майы
араласы да түйіндер (лепрома) пайда
болады.
Бұндай
түйіндер
мен
инфильтраттар
жиі аяқ-қолдың жазу
беттерінде, бет, қас үсті доға, ұрт,
мұрын
аймақтарында
орналасады.
Мимикасы, бетінің сиқы бұзылып,
«қаһарлы» түр («арыстан беті «
facies
leonina
) қабылдайды
(35-сурет)
.
Қас
үсті
доғасының
инфильтрациясы
оның
латеральды
бөлігінде тұрақты шаштың түсуіне
әкеледі. Инфильтративті ошақтар бет
және аяқ-қолдың жазғыш бетімен қатар
дене
терісінің
бөлектенген
аймақтарында,
сонымен қатар ішкі
мүшелерде де болуы мүмкін. Қабақ
үсті
инфильтрациясы
бастағы
шаштың латеральді бөлімдерінде
түсуіне әкеледі.
Инфильтрациялық
ошақтар
беттен
және
жазғыш
беткейлерден басқа дененің бөлек
бөліктерінде және ішкі мүшелерде де
орналасуы мүмкін. Дақтар мен
инфильтраттардан бөлек диаметрі 2
мм-ден 1-2 см-ге дейін, жартышардай
немесе тегістелген тығыз консистенциялы қою қызыл түсті
немесе кызыл-ала түстес төмпешіктер (лепрома).
Құлақ
қалқандарында, аяқ қолдардың дистальді бөліктерінде алапес
ошақтары қызғылт-көкшіл түсті болады. Төмпешіктердің беті
жылтыр, тегіс, майлап қойған сияқты («майлы») болып келеді.
Төмпешіктер ойық жараға айналуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: