Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет92/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

 
2.1.2.2.
 
Алапес 
Алапес (Лепра)

 
ұзақ инкубациялық кезеңі бар, торпидті 
ағымы ұзаққа созылатын және кезеңді өршу (лепрозды реакция) 
байқалатын созылмалы инфекциялық ауру. Бұл ауру теріні, 
кілегей қабаттарды, нервтер мен ішкі мүшелерді зақымдайтын 
жүйелі процесс. Дүние жүзінде 12-15 млн адам ауырады. Дүние 
жүзі денсаулық сақтау ұйымы бойынша жылда 500-800 мың жаңа 
жағдайлар тіркелуде. 
Этиологиясы. 
Алапес қоздырғышы бацилла. 1874 ж Норвегия 
дәрігері G. Hansen ашқан
Mycobacteri-aceae 
түріне жататын

Mycobacterium leprae hominis 
деп аталады. Алапес бацилласы 
Циль-Нильсон, Эрлих және анилин бояуларымен боялады. 
Бактериоскопиялық зерттеу үшін Марциновский бояуын 
қолдануға болады. Алапес микобактериясы түйіршікті және 
фильтрлі пішінді болып келеді. Биоптаттарда микобактериялар 
соңғы ұшы сәл ғана 1-7 мкм ұшталған таяқшалар тәрізді диаметрі 
0,2-0,5 мкм, микроскоппен қарағанда «қорапшадағы темекіге 
(сигарета)» ұқсас топтасқан жиынтық. Көбеюі өте жай (бір 
бөлінуі 12 тәулікті қамтиды), көлденеңінен 2-3 жасушаны 
қамтиды. Алапес микобактериясы спора түзбейді, капсуласы жоқ.
Жасанды қоректік ортада таза культураны өсіріп шығару 
мүмкіндігі жоқ, екпе жасау бронь тасымалдаушылар мен кейбір 
тәжрибелік жануарларға (маймыл, көртышқандар, тышқандар) 


мүмкін болды. Рентген сәулесімен сәулелендіру немесе 
кортикостероидты 
препараттар 
беріп 
жануарлардың 
иммунитеттерін төмендетіп, ауруды жұқтыруын жеңілдетеді.
Жатырдағы ұрықтың жұқтыруы туралы мәлімет жоқ. 
Лепрамен ауру адамнан туылған нәрестені бірден бөлектесе, сау 
күйінде қалуы мүмкін. Инфекцияға жоғары табиғи резистенттілік 
болуы мүмкін, алапеспен карым катынаста ұзақ болғандардың 
барлығы да ауырмайды, кейбірінде жасырын инфекция түрінде
өтуі мүмкін. Жақында алынған мәліметтерге жүгінсек, алапестің 
тек науқас адамнан емес, сонымен бірге су, топырақ, маймыл мен 
мүйізтұмсықтылардан да жұғуы мүмкін. Инкубациялық кезеңі
орташа алғанда, 4-6 жыл, бірақ инкубациялық кезең 2-3 айдан 10- 
50 
жылға созылуыда мүмкін. Алапес аз контагиозды, 
туберкулезге қарағанда аз жұғады. Балалар ересектерге қарағанда 
өте сезімтал, ұзақ қатынас барысында олар тез инфицирленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет