өршуіне ультрақызыл сәуле әсері, сирек инфрақызыл сәуле,
әртүрлі
күйзелістік
жағдайлар,
антибиотиктер,
сульфаниламидтер,
гидралазин,
вакциналар,
сарысулар
қолдануымен байланысты, ауру ағымына созылмалы инфекция
ошақтары қолайсыз әсер етеді.
Қауіп факторларына ұзақ уақыт күн астында болу, аяз, жел,
дәріні көтере алмаушылық жатады. Жүйелі қызыл жегінің жалпы
ұсынылған жіктелісі жоқ. Әдетте дискоидты және жүйелі
түрлерін ажыратады. Дискоидты қызыл жегі – созылмалы ауру.
Ашық тері аймақтарында қабыршақтанған қызыл дақтар тез арада
пайда болады және айқын жарыққа деген сезімталдық болады.
Тері аурулары ішінен қызыл жегі 0,5-1,0%-да тіркелген.
Жүйелі қызыл жегі-дәнекер тінімен, тамырларды, буынды
зақымдайтын күрделі ауру. Ерлер мен әйелдердегі қатынасы 1:8-
1:10 тең. 70 пайызға жуық адамдар 14-40 жасында ауырса да,
аурудың нағыз шыңы 14-20 жаста байқадады. Жүйелі қызыл
жегіде дискоидты түріндегідей бөртпелер кездеседі, бұл ажырату
диагнозын жүргізуді талап етеді. Дискоидты түрінен жүйелі
түріне
өту
мүмкіндігі,
олардың
гистологиялық
және
иммунологиялық белгілерінің ұқсастығы, патогенетикалық
жақындығын көрсетеді. Уақытында ажырату диагностикасы
жүргізілуі қажет, себебі дискоидты қызыл жегін дерматологтар,
ал жүйелі қызыл жегін ревматологтар емдейді. Осыған
байланысты біз жүйелі қызыл жегі жайлы тек жалпы мәлімет
береміз.
Достарыңызбен бөлісу: