жекелей немесе толығымен эпителизацияланады, бірақ емді
тоқтатқаннан соң дәл сол жерде не басқа бір кілегей бетіне қайта
шығады.
Диагностика типті түрлерінде қиындық келтірмейді. Кейде
жалпақ қызыл теміреткінің бөртпелері псориаз бен мерез
папулаларына ұқсап кетеді. Дегенмен, түсі мен бөрпелердің
полигональды шығуы, ортасындағы кіндік тәрізді шұнқыры,
Уикхем торы, стеаринді дақ феноминінің, лакты пленканың,
нүктелі қансыраудың болмауы оны жалпақ қызыл теміреткіден
ажыратуға көмектеседі. Ал, мерездегі дөңгелек және жартылай
шеңбер тәріздес папулалар, олардың түсі, тығыздығы, мерезге оң
серологиялық реакция, оны теміртекіден ажыратады. Тек ауыз
кілегейіндегі бөртпелерді ажырату қиын.
Ауыз кілегейінің жалпақ қызыл теміреткісі клиникалық
көрінісі жағынан лейкоплакиямен, қызылжегімен, мерез
папулаларымен және басқа аурулармен ұқсас келеді.
Лейкоплакияда ақшыл түсті біріккен қатпарлар түріндегі
мүйізгектену болады, сурет тәрізді зақымдалу болмайды.
Қызылжегіде
зақымдалу
ошағы
гиперемияланған,
инфильтрленген, қабыну ошағы шекарасында нәзік нүктелер,
қысқа сызықтар түріндегі гиперкератоз, кейде ошақ шетімен
сызықтар мен доға тәрізді қосылатын, жалпақ қызыл теміреткіде
болмайтын ортасында атрофия болады.
Мерезде папулалар көбіне анағұрлым ірі, дөңгелек немесе
овальды
формалы,
ақшыл
жабындымен
жабылған,
ол
зақымдалғанда алынып қалады. Беткейінде бозғылт трепонемалар
табылады. Бұл науқастарда серологиялық реакциялар оң нәтиже
береді.
Жиі тырнақтардың зақымдалуы байқалады
(74-сурет).
Аурудың ағымы, жиі өрулермен, созылмалы. Жедел сатысында
процесстің жайылуына бейім даңа папулалар пайда болады және
Кебнер изоморфты реакциясы оң мәнді болады
(75-сурет).
Соңғысы организмнің папулезді бөртпеленумен (арнайы сипатты)
механикалық қоздырғыштарға жауап беру қабілетін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: