Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет147/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Сыртқы терапия
.
Жеңіл дәрежесінде емді жергілікті әсерден 
бастау қажет. Сыртқы терапия жиі әсері жүйелі емнен кем
түспейді және жағымсыз әсері болмайды. 
Аурудың прогрессирлеуші стадиясында 1-2% салицил 
жақпамайын қолданады. Стационарлы және регрессирлеуші 
ауруларда құрамында қарамай, нафталан, кортикостероидтар бар 
белсенді жақпамайлар қолданылады. 
Псориазда құрамында таскөмірлі қарамай мен салицил 
қышқылы бар жақпамайлар жақсы әсер береді. Салицил 
қышқылы 
кератолитикалық, 
бактериостатикалық 
және 
фунгицидті әсерімен стероидтардың дерматотропты әсерін 
толықтырады. 
Бастың 
шашты 
бөліктері 
зақымдалған 
жағдайда 
кортикостероидты лосьондар (белосалик, дипросалик, локоид, 
латикорт, элоком), аэрозольды цинкті препараттар – цинк-
перитион бар аэрозольды препараттар (скин-кап) жақсы әсер 
береді. 
Басты жуу үшін құрамында қарамай (фридерм-тар), цинк 
(фридерм-цинк, скин-кап) бар емдік су сабындар қолданылады. 
Процесс тұрақтанған жағдайда санаторлы-курортты ем (Сочи, 
Мацеста, Пятигорск, Кисловодск, Талги), массаж, ЕДШ
жүргізіледі. Псориаздың барлық кезендерінде тиімді санитарлы-
гигиеналық режим ұсынылады. 
Кеңес беру. 
Науқасқа дерттің жазылмайтынын, бірақ тұрақты 
тиімді емделгенде ұзақ ремиссиялар болатынын, қайталауға 
қарсы емнің және санаторлық-курорттық емнің керектігін 
түсіндіру қажет. 
 
2.2.2. Ж
АЛПАҚ ҚЫЗЫЛ ТЕМІРЕТКІ



Жалпақ қызыл теміреткі 
(lichen ruber planus)
тері мен көзге 
көрінетін кілегей қабаттарындағы папулалардың мономорфты 
бөртпелерімен көрінетін созылмалы ауру. Ол өте жиі ауыз бен 
ерін қызыл жиегі кілегейінде жиі кездеседі. Ауру барлық жастық 
топтарда кездеседі, бірақ жиі 40-60 жас аралығындағы әйелдерде 
кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет