Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


-сурет. Псориаздың қатпарлық фомасы



Pdf көрінісі
бет143/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

 
61-сурет. Псориаздың қатпарлық фомасы:
а – вульгарлы псориаз; б – қабыршақтармен жабылған псориаз 
 


болуы керек (тісжегі, алкоголь қабылдау, темекі шегу және т.б.). 
Ауыз кілегей қабатындағы ошақтар дөңгелек, сопақ немесе дұрыс 
емес пішінді сұрғылт дақтар айналасында қызғылт-қызыл 
тәжімен, кейде кілегей бетінен көтеріліп тұрады. 
Шамамен 25% псориазбен ауыратын науқастарда тырнағы 
нүктелі ониходистрофия (нүктелі шұнқырлар, «оймақ белгісі»), 
онихо-грифоз (құс тұмсығына ұқсас жылдам өсетін және 
жіңішкерген тырнақ пластинкасы) және онихолизис (атрофиялық 
ониходистрофия) түрінде болады. 
Псориазбен ауыратын науқастарда 10-12% терілік бөртпелерге 
қоса буын өзгерістері дамиды: деформирлеуші полиартрит типі 
бойынша артропатиялар, аяқ-қол буындары деформациясы 
(псориатикалық 
артрит), 
омыртқа 
ригидтілігі 
(psoriasis 
arthropatica)
. Бұл псориаздың ауыр клиникалық формасы 
мүгедектік пен өлімге әкеледі. Көп науқаста буын зақымдалуы 
алғашқы псориаздық бөртпелердің пайда болғаннан кейін 3-5 
жылдан соң дамиды. Кейде псориаздық артрит терідегі 
бөртпелермен қатар немесе олардан бұрын дамуы мүмкін, бұл 
көрініс жиі псориазбен ұзақ аурған ер адамдарда байқалады. Тері 
мен буындардағы қабынулық және дистрофиялық өзгерістердің
қарқындылығы мен ауырлығы әр түрлі келеді. Мұнда 
симметриялы ұсақ, шеткі білек пен балтыр көп буындарының 
зақымдалуы байқалады (остеопороз, буын, негізінен эпифиздерде, 
қуыстарының кішіреюі), артынан бұл процесске ірі буындар, 
 
62-сурет. Алақан және табан 
псориазы 
 
 
63-сурет. Псориатикалық артрит 


кейде омыртқа қосылады 
(63-сурет).
Ауыр дәрежесінде білек пен 
табанның шеткі фалангілерінің сіңісіп кетуі, экзостоздардың 
(остеофиттер) пайда болуы байқалады. Буындардың өзгеруі
 
буынның шала шығуына, шығып кетуіне, контрактураларға және 
анкилоздарға әкеледі.
Псориаздың 
ағымының 
үш 
сатысын 
ажыратады: 
прогрессирлеуші, стационарлық және регрессирлеуші.
Прогрессирлеуші сатысында жаңа диаметрінде өсе түсетін, 
ортасында күміс-ақшыл түсті қабыршақтармен жабылған 
папулалар пайда болады 
(62-сурет)
. Шетінде ашық-қызыл даму 
дөңгелегі болады. Қышу, әсіресе бөртпелер бастың шашты 
бөлігінде орналасқанда байқалуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет