Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет142/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Клиникалық көрінісі.
Мономорфты папулезді псориаздық
бөртпелер көптеген науқастарда аяқ-қолдың жазғыш бетінде 
симметриялы орналасады 
(60-сурет)
.
Псориаз тері қабатының көп 
бөлігін және тырнақ пен тіреу-
қозғалыс аппаратын зақымдайды. 
Біріншілік 
элемент 
ретінде 
қызғылт түсті эпидермодермальды 
папулалар 
қарастырылады 
(Пильнов симптомы). Олардың
қарқындылығы әр түрлі – жақында 
пайда болғаны ашық түсті (қызылға 
дейін), ертерек пайда болғаны – 
түссіздеу келеді. Папулалар жалпақ, 
беті тегіс емес, ақшыл-күміс (күміс түс-ауалы көпіршіктерге 
байланысты) бұршақ тәрізді немесе ұсақ пластинкалы оңай 
сыдырылатын қабыршақтармен қапталған. Жаңа пайда болған 
папулаларда қабыршақ оның ортаңғы бөлігінде орналасады, 
шеттерінде тек жіңішке сызық түрінде болады. Артынша 
қабыршақтану күшейіп, элементтің түгел бетін алады. 
Алғашында псориазда папулалар дұрыс дөңгелек пішінді және 
диаметрі 1-2 мм болады. Процесс өршіген сайын псориаздық 
папулалар шетке қарай таралып, қабыршақтар түзіледі, олар 
үлкен мөлшерлі және әр қилы пішінді болады. Жиі бір науқаста 
әр түрлі пішінді псориаздық папулалар мен қабыршақтар 
табылуы мүмкін. 
Псориаздың диагностикасында белгілер тізбегі маңызды, оған 
псориаздық триада мен изоморфты реакцияны, немесе Кёбнер
белгісін жатқызады. Псориатикалық папуланы тырнаған кезде 
алғашында көп мөлшердегі ақшыл-күміс түсті қабыршақтану 
көрінеді («стеаринді дақ» феномені), қабыршақты алып 
тастағаннан кейін жылтыр беті ылғалды болып қалады 
(терминальді немесе псориаздық пленка феномені), әрі қарай 
тырнаған жағдайда тамшылап қан ағады – тамшылап қан ағу 
феномені 
(Auspitz)
немесе «қанды шық» (А.Г. Полотебнов). 

 
60-сурет. Псориаз


Бұл феномендердің негізінде псориаздың патогистологиялық 
негізі (паракератоз, акантоз, папилломатоз) жатыр. Псориазда 
изоморфты реакция (Кёбнер феномені) терінің механикалық 
немесе химиялық тітіркендіргіштерге жанасатын (тырнау, егу, 
жарақат, сүйкену, сәулелену, күйіктер және т.б.) тері бөліктерінде 
псориаздық 
бөртпелердің 
дамуына 
байланысты. 
Тері 
жарақатынан изоморфты реакция пайда болғанға дейін орташа 7-
9 күн өтеді, дегенмен одан да ерте (3 күн) және одан да кеш (21 
күн) пайда болатын жағдайлар да болған. 
Псориаз әр түрлі қарқынды қышынумен және теріні тарту 
сезімімен жүруі (әсіресе активті кезеңінде) мүмкін.
Көлемі мен бөрпе сипатына байланысты псориаздың келесі 
клиникалық формаларын ажыратады: 

Psoriasis punctata
(нүктелік псориаз) папула диаметрі 1-3 мм. 

Psoriasis guttata
– тамшы тәрізді псориаз немесе 
lenticularis,
элементтер 4-5 мм-ге жетеді. 

Psoriasis nummularis
(монета тәрізді псориаз) бөртпе диаметрі 
2-3 см. 

Psoriasis lichenoides spinulosa
лихеноидты папуламен. 

Psoriasis 
papillomatosa, 
seu 
verrucosa

бұл 
кезде 
папиломатозды өсетін ошақтар болады. 

Psoriasis annularіs, seu orbicularis
(сақина тәрізді псориаз), 
элементтер сақина түзеді. 

Psoriasis gyrata
, бөртпелер доға және гүл алқа (гирлянда) 
түрінде болады.

Psoriasis figurate, seu geografica
(пішінді немесе географиялық 
псориаз), ошақтар пішіні географиялық карта түрінде болады. 

Psoriasis seborrhoica
(себореялық псориаз) бөртпелер ұсақ 
қызғылт қабыршақтанатын дақ ретінде себореяға тән жерде 
орналасады. 

Psoriasis eczematisata 
– экзематизирленген псориаз және т.б. 
Бастың шашты бөлігінде диффузды түлеу мен қатаң 
шектелген қабыршақ түрінде болуы мүмкін, айналасындағы 
теріні де қоса зақымдайды. Бастың шашты бөлігінен псориаз ¼ 
жағдайда, басқа бөліктердегі бөрпелермен 60% жағдайда 
қосарланып келеді. Бастың шашты бөлігінің зақымдалуы жиі 


ошақты түрде болады, шүйде, самай бөліктерінде тері бетінен 
шығып тұратын қатпаралар түрінде болады. Гениталий 
аймағында псориаз 1/5 жағдайда болады (жиі қыз балаларда), ал 
ірі қатпарларда жиі интертригинозды процесс ретінде өтеді, бірақ 
оның қатаң шекарасы мен инфильтративті зақымдалу ошағы 
болады. Негізгі орналасуы аяқ-қолда (85% жағдайда) және 
денесінде (70% жағдайда). Алақан мен табан зақымдалған 
жағдайда (
psoriasis palmarum et plantarum
) 8-12% жағдайда 
дөңгелек пішінді қабыршақты сүйелді қатпаралар қалыптасады. 
Емшек жасында және 5 жасқа дейінгі балаларда псориаз 
қосылатын зақымдалу ошақтарымен, әсіресе бастың шашты 
бөлігінде, бетінде, денесі мен аяқ-қол терісінде көрінеді. 
Папулалар эритематозды дақтардан, кейде суланумен және 
ісінумен (эксудативті псориаз), қалыптасады. Бұл диагностикада 
көп қиындық келтіреді. Шап қатпарлары зақымдалғанда процесс 
жиі жыныс мүшелерінің кілегейіне тарайды. Төменгі мектеп 
жасындағы балаларда папулезді псориаздық бөртпелер ашық, 
қанық түсті және қосылуға бейім келеді, ал ересектердегі 
бөрпелерде экссудативті компонент айқын, осыған байланысты 
көп мөлшерде қабыршақты-қабық пен массивті серозды қабықтар 
түзіледі. 
Псориаздың 
атипті 
клиникалық 
формаларына, 
фолликулярлық, 
веррукозды 
және 
рупиоидтыдан 
бөлек, 
интертригинозды, экксудативті, пустулездіні және псориаздық 
эритродермияны жатқызады. 
Интертригинозды псориаз
(psoriasis inversa, seu interversa 
s.plicarum)
емшек жасындағы балаларда, ауыр диабетпен, 
ревматизммен, семіздікпен ауыратындарда, егде тартқан 
адамдарда дамиды. Элементтер аяқ-қолдың бүккіш бетінде, 
буындарда, шап және сан қатпарларының терісінде, қолтық 
астында, алақан, табанда орналасады. Ауру әдетте, шекарасы 
айқын нуммулярлы, эксудативті күрен-қызыл түсті қатпарлармен, 
аздаған 
қабыршақтанумен, 
ылғалданумен 
және 
бетінің 
мацерациялануымен басталады, жиі қышыну мен күйдіру 
сезімімен жүреді. Бұл формасы процесстің қатпарда орналасуына 
байланысты клиникасы өзгерген экссудативті псориаз болуы 


мүмкін 
(psoriasis exudativa, seu eczematisata)
. Экссудативті 
псориазда псориаз элементтері экссудат сінген сұрғылт-сары 
борпылдақ қабықпен қапталады. 
Пустулезді псориаздың
(psoriasis pustulosa, seu suppurativa)
екі клиниклық варианты бар: 
Zumbusch 
пен
Barber
типі. 
Пустулезді псориаздың бірінші типі дерматоздың көрінісінсіз 
дамуы мүмкін, бірақ жиі вульгарлы немесе интертригинозды 
псориаздың өзгеруінен кейін екіншілік түрде дамуы мүмкін. Бұл 
өте 
ауыр 
дене 
қызуының 
көтерілуімен, 
әлсіздікпен, 
лейкоцитозбен жүретін жалпы ауру. Алғашқыда көп мөлшердегі 
диссеминирленген эритематозды, эритематозды-ісіктік ошақтар 
пайда болады, олар бүкіл теріге жайылып, әр түрлі пішіндер мен 
диффузды 
ашық-қызыл 
ошақтар 
түзеді. 
Осы 
фонда 
диссеминирленген пустулезді элементтер орналасады, олар сары-
қоңыр қабыршақ пен қабыршақты-қабықтарға айналады. 
Дерматоз қатерлі түрге еніп, өліммен аяқталуы мүмкін. Екінші 
типінде алақан мен табан аймағында эритематозды фонда 
симметриялы орналасқан кішкене мөлшерлі пустулезді және 
псориазға тән пішінді ошақтар болады 
(61, 62-сурет)
. Пустулалар 
құрамы стерильді. Кейде процесстің жайылуы болуы мүмкін. 
Алақан мен табандағы сипатталған ошақтармен бірге терінің 
басқа да бөліктерінде псориаздық бөртпелер болуы мүмкін.
Кілегей қабаттарындағы псориаздық бөртпелер сирек 
кездеседі. Ауыз кілегейінің зақымдалуы изоморфты реакциядан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет