ашық-қызыл түсті, керілген. Әр түрлі бөліктерде ісік пен
инфильтрация бірдей айқын болады. Қабыршақтану байқалады
(бастың шашты бөлігінде кебек тәрізді, басқа бөліктерде
пластинкалы), шаштар түседі, лимфа түйіндері ұлғаяды, тырнақ
деструкциясы байқалады, іріңді паронихиялар дамиды. Бұған
дейін псориаз болмаған жағдайда, бұл процессті басқа
эритродермиялардан айыру қиын.
Пустулезді
псориаз
эритема
фонында
ұсақ
беткей
пустулалардың пайда болуымен сипатталады
(66-сурет)
, күю
сезімімен және ауырсынумен қосарланады.
Дімкәстік, шаршау, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы байқалады.
Аурудың бұл түрінде ауыз қуыс кілігей қабаты процесске
әдеттегіден жиі араласады; көбіне тіл зақымдалады. Бұлай болса
клиникалық өзгерістерін географиялық глосситтен ажырату қиын
болады. Тілдің арқасында және онық қапталдық бетінде бір-
бірімен қосылған, сәл шығып тұратын ақ жиегі бар, сақина
формалы ошақ пайда болады.
Экссудативті формасында
псориатикалық элементтер сұр-
сарғыш болбыр қабық-қабыршақтармен жабылады
(67-сурет)
.
Псориазға, прогрессирлеуші сатысында айқын білінетін, келесі
көріністер байқалатын 3 феномен тән:
• «стеаринді дақ» – күміс-ақ
қабыршақтармен көп мөлшерде
түлеу;
•
терминальды
пленка
–
қабыршақтарды алып тастағаннан
кейін ылғалды, арнай тегістелген
тәрізді қызғылт-қызыл беткей пайда
болады;
• нүктелі қан кету – папуланың бетін
қырғанда пайда болады.
Диагноз қойғанда псориаздың
клиникалық
көрінісін
және
3
феноменін ескереді.
Достарыңызбен бөлісу: