Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Этиологиясы мен патогенезі



Pdf көрінісі
бет148/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Этиологиясы мен патогенезі
.
Жалпақ қызыл теміртеткінің 
дамуы негізінде токсико-аллергиялық процесстер мен иммунды 
жүйе реттелуінің бұзылысы жатыр, ол өз кезегінде арандатушы 
эндо- және экзогенді факторлардың әсерінен (микробтар мен 
вирустарды қосқанда) сәйкес емес тіндік реакцияны тудырады. 
Аутосомды-доминантты тип бойынша тұқым қуалайтын жалпақ 
қызыл теміреткімен жанұялық аурулар тіркелген. 
Қазіргі кезде осы аурудың пайда болуын түсіндіретін 
жүйкелік, вирусты және токсико-аллергиялық теориялар бар. Бұл 
аурудың күйзеліс, гипноз және рефлекторлы-сегментарлы 
терапиядан кейін дамуы тіркелген, демек жүйке жүйесінің бұл 
аурудың дамуында ролі бар. 
Жалпақ қызыл теміреткінің ауыз кілегейінде пайда болуы 
асқазан-ішек жүйесінің, бауырдың, ұйқы безінің ауруына 
байланысты (гастриттер, колиттер және т.б.). Кейбір науқастарда 
аурудың тамырмен (гипертония) және эндокриндік (қант диабеті) 
патологиямен байланысы анықталған. Ауру дамуында белгілі бір 
орынды ауыз кілегейінің, тістің сүйір ұштарымен, дұрыс емес 
қойылған протездермен зақымдалуы алады. 
Соңғы уақытта теріге химиялық заттар мен кейбір дәрілік 
заттардың әсерінен бұл аурудың дамуы жайлы ақпараттар көптеп 
таратылды. Түсті кинопленканы өндейтін адамдарда лихеноидты 
реакциялардың 
болатыны 
анықталды, 
себебі 
олар 
парафенилендиаминмен жанасады, сонымен қатар тетрациклин 
(тетрациклинді лихен), ПАСК, алтын препараттары және т.б. 
қолданатындарда кездеседі. Демек, ауру кейбір жағдайларда әр 
түрлі дәрілік заттар мен химиялық тітіркендіргіштерге 
аллергиялық реакция түрінде өтеді.
Клиникалық көрінісі.
Диаметрі 2-3 мм, түсі қызғылт не 
қызғылт-көгілдір түсті, беті жылтыр полигональды, жалпақ 


папулалардан тұратын мономорфты бөртпелермен басталады 
(68- 
сурет)
. Бүйірінен жарық түсіргенде папулалардың жылтырлығы, 
әсіресе айқын көрінеді. Папулалар қосылып үлкен емес
қатпарлар түзеді, олардың беткейінде кішкентай қабыршақтар 
болады 
(69-сурет).
Папула мен бляшкаларға өсімдік майын 
жаққанда ұсақ ақшыл нүктелер және мүйізді қабықтан көрінетін 
өрмекші өрімі түрінде қосылатын сызықтар байқалады (Уикхем 
симптомы – 
70-сурет)
, ол эпидермистің түйіршікті қабатының 
қалыңдауына байланысты. Ошақтар кеткеннен кейі тұрақты 
гиперпигментация қалыптасады. Дерматоз науқасты ұйқысы мен 
тыныштығынан айыратын қарқынды қышынумен өтеді. 
Жалпақ қызыл теміреткінің жиі орналасатын жері – иықтың 
бүккіш беті, білек аймағы, санның ішкі беті мен жіліншіктің 
жазғыш беті, шап және қолтық асты аймағы, ауыздың кілегей 
қабаты. Бет, бастың шашты бөлігі, алақанның, табанның терісі 
көбіне таза болады. Кейде бөрпе сызықтық, «зониформды» түрде 
аяқ-қол терісінде орналасуы кездеседі. 
25% науқаста кілегей қабаттарының зақымдалуы (ауыздың, 
жыныс мүшесінің басының, қынап кіреберісінің) терісінің 
зақымдалуымен қосарланбайды. Ұрттың кілегейінде сұр-ақшыл 
нүктелі папулалар топтасып сақина, тор, дөңгелек түзеп, тілдің 
бетінде – жалпақ, лейкоплакия ошақтарына ұқсас, сұр-опал түстес
қатпарлар, еріннің қызыл жиегінде (жиі төменгі) – кішкентай 
бетінде ақшыл торы бар, аздап қабыршақтанатын күлгін
қатпарлар түрінде болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет