балалар мекемелерінің жұмысшылары, босану мекемелерінде,
балалар ауруханаларында ашытқы зақымдалуларының анықталуы
және емі болып табылады.
Балаларда және балалар мекемелерінде кандидоздың
профилактикасы, әсіресе ауыз қуысының кілегей қабатын,
ашытқы зақымдалуларды уақтылы анықтау мен емдеу болып
табылады (жаңа туған нәрестенің ауызының уылуы, ауыздық,
ашытқы дерматиті). Жаңа туған нәрестенің ауызының уылуын
алдын алу аяғы ауыр әйелдерді, емізетін әйелдерді санациялау,
ашытқы зақымдалулары бар адамдарды балалар күтіміне
жақындатпау. Ауру балаларды сау балалардан оқшаулау қажет.
Балаларда кандидоздың профилактикасында тиімді тамақтану,
гигиеналық күтім, төсек жабдықтарды және күтім құралдарын
дезинфекциялау көп мән береді. Антибиотиктерді және
кортикостероидты витаминді препараттарды бірге қолданады,
ауыз қуысын жиі тексеру қажет, себебі ақ жабындының пайда
болуы жиі висцералды кандидоздың дамуында алғашқы дабыл
болып табылады.
Өндіріс технологиясының сақтауын бақылау консервіленген
және жеміс өндірістерінде жұмысшалардың қол басының
саусақаралық ашытқы эрозиялары профилактикалық шара болып
табылады, сондықтан бұл жағдайда сумен, қышқылдармен, жеміс
жидектер
шырынымен,
жарақаттармен
эпидермис
мацерациясының алдын алу керек.
Диабет және зат алмасу бұзылыстары бар адамдарда
семіздікті, асқазан-ішек жолдарының ауруы, вегетоневроз, әлсіз
адамдарда жалпы бекіту терапиясы, ауыр инфекциямен ауырған
адамдарды емдеу, витамин баланс бұзылысын жою – бұның
барлығы беткей және жүйелі кандидоздың профилактикасы
болып табылады. Осы науқастарға кандидоздың профилактикасы
ретінде витаминдер, әсіресе В тобындағы, ал көп дозада
антибиотиктер мен кортикостероидтар алатындарға – нистатин
ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: