препараттарға сонымен қатар глициринде натрий тетраборат 5–
10% немесе 20% ерітіндісін, Люголя ерітіндісінде араласқан,
гаухар (бриллиант) сияқты көк немесе метилиндік көк (спиртті
ерітінділер)
тиімді
болып
табылады.
Сонымен
қатар
жақпамайлар
қолданылады:
0,5–2%
декаминді,
0,05–1%
нитрофуринді, нистатинді немесе леворинді (1г-да 50000 Ед
антибиотик болады). Жедел қабыну көріністерінде базданумен
бірге эрозивті бөртпеленулерде ашытқыға қарсы препараттарды
қолдану алдында 1% танин ерітіндісі, 0,25–0,5% күміс нитрат
ерітіндісі, 2–3% натрий тетраборат немесе гидрокарбонат
ерітіндісімен, келесі фукорцин, 1–2% анилинді бояғыш спиртті
ерітіндімен ылғалдағыштар (примочкалар) тағайындалады,
Ариевич бойынша жазылған нистатин немесе леворин бірге
араласқан түзінді қолданылады.
Баздануда ошақтарға Лассар пастасын жартылай леворинмен,
микогептинмен
немесе
басқа
да
ашытқыға
қарсы
жақпамайлармен жағуға болады.
Ауыз
қуысының
кілегей
қабатының
зақымдалуында
ересектерге 20%, балаларға 10% натрий тетраборат ерітіндісін, 1–
2% анилин бояғыштары сулы және спиртті ерітінділерін
тағайындайды. Леворинді құрамында 250000–500000 Ед
антибиотигі бар соруға таблетка түрінде қолдануға болады.
Кандидамикотикалық вульвовагиниттер жиі рецидивке бейім
болғандықтан емінде қиындық, әсіресе бейімділік факторларында
(қант диабеті, жыныс мүшелерінің созылмалы ауруларында,
жыныс бездерінің гипофункциясында) алып келеді.
Кандидоздың қандайда бір түрінде тиімді ем үшін маңызды
жағдай болып дұрыс гигиеналық режим, құрамында жеміс,
жидектер, сүт өнімдері, В тобындағы витаминдер, аевит,
аскорбин қышқылы, микроэлементтер, фосфор, темір, кальций
жеткілікті тиімді тамақтану болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: