Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет140/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

 


2.2. 
ПАПУЛЕЗДІ-СКВАМОЗДЫ 
БӨРТПЕЛЕРМЕН
БІЛІНЕТІН АУРУЛАР 
 
2.2.1. П
СОРИАЗ
 
 
 
Псориаз (қабыршақты теміреткі, 
psoriasis vulgaris
) – әр түрлі 
мүшелер мен жүйелердегі өзгерістермен, дермадағы қабыну 
процессі 
мен 
кератинизация 
процессінің 
бұзылысымен, 
эпидермальды клеткалардың гиперпролиферациясымен жүретін 
созылмалы қайталамалы дерматоз. 
Дерматоз көбіне 10-25 жасында болады, дегенмен кез келген 
жаста алғаш пайда болуы мүмкін: 1 жасқа дейінгі балалар мен 82 
жастағы ересектерде анықталғаны жайлы мәлімет бар. Ауру бүкіл 
жер шарында, барлық ұлттар мен нәсілдерде 0,1-ден 3% және 
одан көпке дейін кездеседі. Шамамен 15% науқастарда жиі 
мүгедектіккке әкелетін, көп буынның зақымдалуына әкелетін 
псориатикалық артрит анықталады. Бұл псориазды тек 
медициналық қана емес, әлеуметтік маңызды мәселе екенің 
көрсетеді. Псориаз әйел мен еркекте бірдей білінеді, бірақ 
балалар арасында қыз балаларда, ал ересектерде – ер адамдарда 
жиі кездеседі (60-65%). 
Аурудың псориазға ұқсас клиникалық белгілері ерте заманнан 
белгілі (библияда, Гиппократ, Цельс еңбектерінде және т.б).
Дегенмен, тек Гебра 1841 жылы псориазды жеке ауру ретінде 
бөліп шығарды. 
Этиологиясы мен патогенезі
.
Псориаздың пайда болу 
себебін түсіндіретін болжамдардың біреуі де қабылданбаған. 
Мұнда генетикалық факторлардың орны бар, бұған жанұялық 
аурулар мен егіздердің бірдей ауыруы мен HLA жүйесімен 
болатын белгілі бір корреляциялық байланыстар дәлел болады. 
В.Н. Мордовцевтың арнайы генетикалық зерттеулеріне сәйкес 
псориаздың гендердің толық емес пенетранттылығымен жүретін 
мультифакториальды типті тұқымқуалау болатыны дәлелденген.
В13 және В17 антигендері псориаздың тек терілік көріністері бар 
науқастарда, ал В17, В27, В33, В40 – терілік зақымдалуларымен 
қоса артриті бар науқастарда кездеседі. HLA жүйесінен бөлек 


псориаздың тағы бір маңызды генетикалық маркері анықталған: 
псориаздың доминантты формаларының 17 хромосомасының 
дистальды 
бөліктерімен 
тіркесуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет